A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстан Республикасының блокчейн технолоясының келешегі

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жылғы 4 қаңтар                                                                                                          Астана қаласы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЛОКЧЕЙН ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ КЕЛЕШЕГI

Бүгiн Орталық Коммуникациялар қызметiнде «Қазақстан блокчейн және криптовалюта ассоциациясы» кеңесiнiң төрағасы Есет Бутиннiң қатысуымен баспасөз-конференциясы өттi. Шара барысында Қазақстан Республикасында блокчейн технологиясының келешегi туралы айтылды.

2017 жылы 17 қарашада «Қазақстан блокчейн және криптовалюта ассоциациясы» (әрi қарай — ҚБКА) Заңды тұлғалар бiрлестiгi құрылды. Ассоциация Қазақстан экономикасына блокчейн технологиясын шетелдiк озық тәжiрибелердi қолдана отырып енгiзу үшiн құрылған болатын. ҚБКА мақсаты — ҚР-нда блокчейн технологиясын iлгерi жылжыту және бiрiктiру. Ассоциация криптовалюта нарығын және ICO-дi легитимдеу бағытында қазақстандық реттеушiлермен жұмыс iстеудi жоспарлап отыр. Сондай-ақ, блокчейн технологиясы заңнамалық бастамаларды әзiрлеумен қатар iрi жобаларды iске асыру барысында ассоциация мүшелерiнiң күш-жiгерiн жұмылдыру бойынша жұмыс жүргiзетiн болады.

ҚБКА құрамына медицина, қаржы, инжиниринг салаларында блокчейн жобаларды енгiзбекшi болып отырған Медэлемнт, СанскрИТ, Асыл Тобе, Техсол Инжиниринг және басқа да қазақстандық жетекшi компаниялар кiрдi. Қазiргi таңда ассоциацияға қатысуға ниет бiлдiрген тұлғалардан ай сайын отыздан астам өтiнiш түсiп отырады.

Осы қысқа мерзiм iшiнде ҚБКА АХҚО-мен ынтымақтастық туралы келiсiмге келiп, өзара түсiнiстiк жөнiнде меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, (Оңтүстiк Корея) Сеулде өткен халықаралық блокчейн-конференция аясында ҚБКА Блокчейн индустриясын iлгерi жылжыту жөнiндегi Корея ассоциациясымен ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойды.

Осы меморандумдар аясында тараптар келесi бағыттар бойынша ынтымақтастық құруды қажет деп тапты:

•Қаржылық технологиялар;

•Жасыл қаржы;

•Активтердi басқару;

•Инвестициялық краудинвестинг ортасын дамыту;

•ICO және краудфандинг;

•Блокчейн технологиясы.

ҚБКА аясында блокчейн-технология, криптовалюталық рыноктар, ICO, майнинг және оқыту бастамалары бойынша бес Комитет жұмыс iстейтiн болады. Ассоциация кеңесiнiң төрағасы болып Есет Имантайұлы Бутин сайланды, атқарушы директор ретiнде Дастан Байұзақұлы Қожабеков тағайындалды.

Барлық ақпаратты g-global.org желiсiнен жүктей аласыздар

Мақаланың шыққан күні: 06.01.2018 15:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.01.2018 15:31
Қаралым саны: 2123

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz