A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Жалақы мәртебе және ынталандыру ретінде

Елбасының «Қазақстандықтардың әл — ауқатының артуы: табыс пен өмiр сүру сапасының артуы» Жолдауының басты аспектiсi — қарапайым адам, оның әл-ауқаты мен өмiр сүру деңгейi. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегi ең төменгi жалақы 28 мың теңгеден 42,5 мың теңгеге дейiн көтерiлдi. Ең төменгi жалақыны көтерудiң күтiлген әлеуметтiк әсерi мемлекеттiк және жеке ұйымдардың жалақысы төмен жұмысшылардың, өмiр сүру деңгейiн айтарлықтай жоғарылатуға мүмкiндiк бердi.

Жалпы, бюджеттiк жұмыскерлер арасынан ең төменгi жалақы төлеуге республикалық бюджеттен қаражат бөлiндi. Ауданның кәсiпорындары мен ұйымдарының басшылары, барлық меншiк иелерi жұмыскерлердiң жалақысын 10-нан 30 пайызға дейiн көтердi.

Жұмыскерлердiң жалақысы төмен санаттарына қатысты еңбек заңнамасының сақталуына тиiстi бақылауды қамтамасыз ету үшiн ұжымдық шарттарға, еңбекке ақы төлеу жүйесiн реттейтiн жұмыс берушiлердiң актiлерiне қол қоюды және олардың сақталуын және еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды, оның iшiнде жұмыскерлердiң жаппай жұмыстан босатылуына және олардың еңбегiн еңбек шартын жасамай пайдалануды болдырмау жөнiнде қамтамасыз ету тапсырылды.

Бүгiнгi күнi 153 ұжымдық шарт жасалды, оның iшiнде 1 орта және 152 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi. Еңбек ұжымдарында кәсiподақтарды құру бойынша жұмыс жалғасуда.

Жалпы, жалақы көлемiнiң артуы аудан экономикасындағы орташа айлық жалақының өсуiне алып келдi. Осының барлығы халықтың нақты кiрiстерi мен төлем қабiлеттiлiгiнiң өсуiне, iшкi жиынтық сұраныстың артуына және көлеңкелi сектор көлемiнiң төмендеуiне алып келдi. Ал егер әрбiр қазақстандық Отанымыздың әлеуетiн нығайтуға өзiнiң лайықты үлесiн қосқан жағдайда ғана белгiленген мақсатқа қол жеткiзуге болады. 

Мақаланың шыққан күні: 12.02.2020 10:16
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.02.2020 10:16
Қаралым саны: 99

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz