A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстан Президентінің 2018 жылғы 10-қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы тұрғысынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің міндеттері

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жыл 11 қаңтар                                                                                      Астана қ.

Қазақстан Президентiнiң 2018 жылғы 10-қаңтардағы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауы тұрғысынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мiндеттерi

Орталық коммуникациялар қызметiнде 2018 жылы 10 қаңтардағы ҚР Президентiнiң «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Жолдауы аясында Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң атқаратын мiндеттерiне арналған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Светлана Жақыпованың қатысуымен баспасөз конференция ұйымдастырылды.

«Сапалы жұмыспен қамту және әлеуметтiк қамсыздандырудың әдiлеттi жүйесi» мәселесiн, — Мемлекет бысшысы өзiнiң 2018 жылғы 10-қаңтардағы «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Жолдауындағы әлеуметтiк еңбек саласын дамытудың басым бағыттарының бiрi ретiнде ерекше атап айтты.

Биыл бюджеттiң әлеуметтiк салаға жұмсалатын қаражаты 12 % өстi және жалпы алғанда 4 трлн теңгеде артатын болады.

2017 жылдың 3- тоқсанының қорытындылары бойынша, жұмыс күшi саны (экономикалық белсендi азаматтар саны) 9 013,1 мың адам құрады, оның iшiнде еңбекпен қамтылған азаматтар саны 8 572,1 мың адам. Олардың арасында 2 176,1 мың адам өз бетiнше жұмыспен қамтылған болса, 275,4 мың адам өзiн-өзi нәтижесiз жұмыспен қамтығандар.

2017 жылдың 3 тоқсанында жұмыссыздық деңгейi 2016 жылдың осындай мерзiмiмен салыстырғанда сол деңгейде қалды (4,9%), 15-28 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейi 0,1% -ға ( 3,8% — дан 3,9% дейiн), әйелдер арасындағы жұмыссыздың деңгейi 0,4% -ға төмендедi ( 5,7%- дан 5,3%-дейiн). Жалпы алғанда еңбек нарығындағы жағдай тұрақты.

2018-жылы еңбекпен 570 мың адамды қамту жоспарлануда, ал бұл өзiн –өзi нәтижесiз жұмыспен қамтылғандар мен үй-үйдi аралау барысында анықталған жұмыссыздардың 40%-ы.

Министрлiк, орталық және жергiлiктi атқару органдарымен бiрлесе отырып, iрi кәсiпорындармен бiрге Жол картасын әзiрлеуде. Онда қысқартылатын еңбеккерлердi қайта дайындау iсiн бiрлесе инвестициялау және оларды әрi қарай басқа салаларға жұмысқа орналастыруға көмек көрсету қарастырылған.

Бүгiнгi таңда республиканың 137 iрi кәсiпорынымен жол карталарына қол қойылған.

Жалпы, қазiргi уақытта, күрделi экономикалық жағдайға қарамастан, Үкiмет барлық әлеуметтiк мiндеттемелерiн орындауда.

2018 жылдың 1 қаңтарынан жасына байланысты зейнеткерлер мен ұзақ жылдар сiңiрген еңбегi үшiн зейнетақының жыл сайынғы өсiмi 8% құрады.

Сонымен қатар, ең төменгi күнкөрiс деңгейi мөлшерiнiң өзгеруiне байланысты, жыл басынан берi мемлекеттiк базалық зейнетақы көлемi де өстi (15 274 теңге).

Ең төменгi күнкөрiс құрылымын қайта қарау нәтижесiнде , 2018 жылдың 1 қаңтарынан оның мөлшерi 2017 жылмен салыстырғанда 16%-ға дейiн өстi, ал бұл мүгедектiкке байланысты, асыраушысынан айрылуына және жасына байланысты төленетiн мемлекеттiк төлемақы көлемiнiң өсуiне алып келдi.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердiң зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен с 58 жастан 63 жасқа дейiн көтеру қарастырылған. Бұл жұмыс 2018 жылдан 2027 жылға дейiн 10 жыл бойы жыл сайын 6 айдан қосылу арқылы жүзеге асатын болады.

Аталған шара ынтымақты зейнетақы жүйесiн бiртiндеп қысқартуға бағытталған. Ол 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi еңбек өтiлiнiң қысқаруымен тиiсiнше ынтымақты зейнетақы мөлшерiнiң төмендеуiне негiзделген.

Жолдауды жүзеге асыру барысында 2018 жылдың 1 шiлдесiнен базалық зейнетақыны тағайындау тәсiлi өзгередi. Ол ендi зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне қатысты тағайындалатын болады.

Елбасының жаңа әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және қолдауды аса қажет ететiн азаматтарға көрсетiлетiн көмектiк нақтылығын күшейту туралы тапсырмасы бойынша, Қазақстанда кезең- кезеңмен атаулы әлеуметтiк көмек (АӘК) көрсетудiң жаңа форматы енгiзiлуде. Ол уағдастылық және әлеуметтiк шартқа қол қою қағидаларына негiзделген..

АӘК жаңа форматының қазiргi қолданылып жүрген жүйеден ерекшелiктерi еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтардың еңбекпен қамтуға ықпал етудiң белсендi шараларына мiндеттi түрде қатысуы. Бұл жағдайда аз қамтылған азаматтарды еңбек нарығында өз орынын табуға белсендi араласуға ынталандыратын болады.

Жолдау барысында ел Үкiметi алдына Мемлекет басшысы кәмелетке толмаған, бала кезiнен I топтағы мүгедек балаларына күтумен айналысатын ата-аналарға ай сайын мемлекеттiк төлемақы енгiзу мiндетiн қойды. Бүгiнгi таңда мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-анаға төленетiн ай сайынға мемлекеттiк төлемақы жалақы мөлшерiнiң 1,05 айлық көрсеткiшiсiн ( 2018 жылы 29 696 теңге) құрайды және бала 18 –ге толғанша төленедi.

Сондай-ақ, халыққа жаңа форматтағы АӘК көрсету мүмкiндiктерiн кеңейту үшiн, кедейлiк шегi түсiнiгiне деген өлшемшартты қайта қарау қарастырылған. Ол ендi ең төменгi күнкөрiс мөлшерiнiң 40 % нан 50 % на дейiн өсуiмен сипатталады, соған байланысты жаңа форматтағы АӘК айлық табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 50% — нан төмен отбасыларға ғана көрсетiлетiн болады.

Қосымша сұрақтар мен сұхбат алу үшiн ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Баспасөз қызметiне хабарласуыңызды сұраймыз: тел. +7 (7172) 742855, 743500; e-mail: press_mtszn@mail.ru; www.enbek. gov.kz

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2018 16:20
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2018 16:20
Қаралым саны: 657

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz