A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2020 жылдың алғашқы бес айында БЖЗҚ өз салымшыларына 52,6 миллиард теңге төледi

2020 жылдың 1 мамырына Қор жалпы алғанда 199 381 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда 670 мыңнан астам зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына жалпы сомасы 52,6 миллиард теңге аударылды, оның iшiнде:

- зейнеткерлiк жасқа жету бойынша төлемдер-21,4 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты-12,6 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар-9,8 млрд теңге;

- мұрагерлiк бойынша төлемдер-7,4 млрд теңге;

- жерлеуге төленетiн төлем-797,6 млн теңге;

- мүгедектiк бойынша төлемдер-575,4 млн. теңге.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлiк жасқа жетуiне байланысты) 22 281 теңгенi, ал ай сайынғы төлемнiң ең жоғары сомасы — 506 980 теңгенi құрады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2020 18:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.05.2020 18:53
Қаралым саны: 41

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz