A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2020 жылдың бiрiншi жартыжылдығында БЖЗҚ өз салымшыларына 82 миллиард теңгеден аса қаржы төледi

2020 жылдың алғашқы алты айында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 226 573 алушыға төлем жасады. Тұтастай алғанда жалпы сомасы 82,2 миллиард теңгеге 1 миллионнан астам зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның iшiнде:

- зейнеткерлiк жасқа толу бойынша төлемдер — 30,2 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 19,2 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер– 16,8 млрд теңге;

- мұрагерлiк бойынша төлемдер — 13,7 млрд теңге;

- жерлеуге берiлетiн төлемдер — 1,4 млрд теңге;

- мүгедектiк бойынша төлемдер — 805 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлiк жасқа толуға байланысты) 22 535 теңгенi құрап, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы 506 980 теңге болды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 30.07.2020 10:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.07.2020 10:11
Қаралым саны: 85

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz