A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Жаңа мүмкіндіктердің бастауы – латын әліпбиі

Әлемдiк тәжiрибеде өркениетке, мәдениетке және ғылымға бет алған кез келген мемлекет ең алдымен тiлдiң дамуына ерекше көңiл бөледi. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерiлген көкейтестi мәселелердiң бiрi — қазақ тiлiнiң латын әлiпбиiне көшуi.

Елбасы латын әлiпбиiне көшудiң маңыздылығын айтып, оны жүзеге асырудың нақты бағыт-бағдарын айқындап бердi. Бұл — заман талабы. Бiздiң ендiгi мiндетiмiз осы таңдалған жолдың парасаттылығын халыққа жеткiзу. Себебi, латын әлiпбиiне көшу қазақстандықтар үшiн ғаламдық ақпараттық кеңiстiкке шығудың, елiмiздегi өзектi мәселелердi шешудiң озық үлгiерiне қол жеткiзудiң кепiлi. Бiз, қазақстандықтар, көпшiлiк болып латын әлiпбиiн үйренуге, меңгеруге әзiр екенiмiздi көрсетiп, осындай маңызды қадамға баруда ауызбiршiлiк танытқанымыз жөн. Бiз заман талабына сай қадамды жасай отырып, әлемдiк қауымдастыққа тағы да бiр табан жақын боламыз.

Ал латынның бiзге берерi дегенде толып жатқан тиiмдi тұстарын көрсетуге болады. Латынға көшкенiмiзде ұтатын тұстарымыз төмендегiдей: Бiрiншiден, тiл тазалығы мәселесi. Тiлiмiздегi қазiргi жат дыбыстарды таңбалайтын әрiптердi қысқартып, сол арқылы қазақ тiлiнiң табиғи таза қалпын сақтауға мүмкiндiк аламыз. Екiншiден, қазақ тiлiн оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердiң қысқаратыны белгiлi. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдiсiн жеңiлдетедi. Уақыт та, қаржы да үнемделедi. Үшiншiден, латын әлiпбиiне көшу — қазақ тiлiнiң халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тiлiне компьютерлiк жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңiстiгiне кiрiгуге тиiмдi жолдар ашылады. Төртiншiден, түбi бiр түркi дүниесi, негiзiнен, латынды қолданады. Бiздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуiмiз керек. Ол да табиғи iс екендiгiн айтқым келедi.

Тiлдердi оқыту

орталығының директоры

Б. Түкенова

Дата создания статьи: 19.12.2017 19:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 19:47
Қаралым саны: 452

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz