A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Төлемдер - қор жинаудың жемісі

2017 жылғы 29 қыркүйекте Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалында биылға осымен үшiншi рет Ашық есiк күнi шарасы өтедi. Тұрғындардың зейнетақы жүйесiне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған бұл шараның кезектi тақырыбы «Зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi» деп аталады. Бұл салымшылардың көпшiлiгiн толғандыратын маңызды тақырыптардың бiрi екендiгi белгiлi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында белсендi түрде түсiндiру жұмыстарын жүргiзiп келедi. Әрине, осындай жұмыстар барысында зейнетақы төлемдерiне қатысты сұрақтардың барлығы да қамтылатындығы сөзсiз. Ал, қазақстандықтар алдағы болатын Ашық есiк күнi шарасына қатыса отырып, кiмдердiң зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар екендiгi, зейнетақы төлемдерiнiң жыл сайынғы сомасы қалай есептелетiндiгi, ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен кiмдердiң зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар екендiгi, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңдiлiгi мен мерзiмi туралы толыққанды мағлұматтар алатын болады.

«Салымшылардың көпшiлiгi зейнет жасына жақындағанда барып зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың тәртiбi мен ерекшелiктерi туралы бiлуге талпына бастайтындығы жасырын емес. Көп адам ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алу мүмкiндiгi мен зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған жағдайда оларды сақтандыру ұйымдарына аударға болатындығы жайында тiптi бейхабар. Одан басқа, өмiрде әр түрлi жағдайлар орын алады емес пе!? Мысалы, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеуге немесе зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыруға қатысты мәселелер туындайды. Сондықтан, бiз тұрғындардың зейнетақы жүйесiне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды одан әрi жалғыстыру қажеттiгiн көрiп отырмыз», — дедi «БЖЗҚ» АҚ Ақмола облыстық филиалының мамандары.

Зейнетақы төлемдерiн алу құқығы, зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың заманауи тәртiбi және оның болашақта қандай өзгерiстерге ұшырайтындығы туралы Қор мамандары өздерiнiң 29 қыркүйектегi шара аясында өткiзетiн таныстырылымы аясында жан-жақты әңгiмелейтiн болады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушылары осы таныстырылымнан кейiн өздерiн қызықтыратын барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар ала алады.

Естерiңiзге сала кетелiк, «БЖЗҚ» АҚ алғашқы Ашық есiк күнi шарасы ағымдағы жылдың 31 наурызында өткiзiлген болатын. Оның басты тақырыбы «Зейнетақы жүйесi қалай құрылған» деп аталды. Ал, «Барлық салымшыға қолжетiмдi БЖЗҚ» тақырыбына арналған екiншi шара 30 маусымда өткiзiлдi. Зейнетақы Қоры әр түрлi тақырыпқа арналған осындай шараларды алдағы уақытта да үш ай сайын өткiзiп тұруды жоспарлап отыр.

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 16:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.12.2017 16:22
Қаралым саны: 600

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz