A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Болашақты құрып бүгінді түсіну үшін, өткенге назар аудару керек

Қазақстандық жазушы, журналист, қоғам қайраткерi Жайық Бектұровтың 105-жылдығына орай, 20 қазан күнi Ж.Бектұров атындағы №3 Ақкөл орта мектебiнiң салтанат залында жазушыны еске алу iс-шарасы өткiзiлдi. Ж.Бектұровты еске алу кешiне шақырылған Әбiлқайырова Г.Е. — аудан әкiмiнiң орынбасары, Мананбаева А.К. — Ардагерлер кеңесiнiң төрайымы, Нұрсадықов Қ.Д. — «Ақкөл өмiрi» және «Знамя Родины» газеттерiнiң бас редакторы, Оразов А.А. — Новорыбин селолық округiнiң әкiмi және де Ж.Бектұровқа арнау ретiнде өз өлеңiн алып келген Серiкұлы Нұрболат — Аманкелдi ауылының ОМ директоры, «-Жайық атамыздың жергiлiктi интелегенцияны магнит тәрiздi өзiне тартты, аты облыс және елiмiздiң тарихында алтын әрiппен жазылған дара орын алады. Бүгiн бiз Жайық Бектұровтың шығармашылығы арқылы жастардың тарихымызға деген қызығушылықты, жалпы адамзаттық құндылықтар, гуманизм, интеллигент, креативтiлiк, белсендiлiк, тәуелсiз пiкiр айту бағыттарын негiзге ала отырып арттырғымыз келедi. Кез келген мән-жайлардан да, жазушы таланты күштi болды» — деп қонақтар атап кеткен болатын.

Оқушылар жазушы шығармаларынан үзiндiлер оқыған болса, ұстаздар қауымының атынан Доржқызы Март пен Худобина Венера Рафаиловна сөз сөйледi. Барлық қатысушылар, Жайық Кагенұлының көп қиындық көрген болса да, бiз үшiн үлгi өнеге ала алатындай өмiр сүргенiң атап өттi. Оның шығармалары қазақстандық қазынасында өзiне тән орын алуда, ол өз көзiмен көрген тарихи кезеңдердiң қиын-қыстау күндердi, жүректерi «Қазақ» деп соққан ұл-қыздарымыз туралы жазды. Қазақстандық-жерлестерiн құрметтеп, есте қалуы үшiн, зор үлес қосып, өзi жан дүниесiмен осы жұмысқа берiлетiн. Оның зор үлесiнiң арқасында, Қазақстанда ғана емес, Ресейде де Ш.Уәлиханов, С.Сейфуллиннiң тұрғылықты жерлерде мемориялдық тақтайлары қойылды. Жанрлардың көпшiлiгiмен ерекшеленетiң Жайық Бектұров жан-жақты суреткер болатын. Ол романнан басқа да, повестер, әңгiмелер, өлеңдер, мақалалар, көптеген очерктер, қазақ ұлттық әдебиетiнiң негiзiн қалаушылар, көрнектi қоғамдық және саяси қайраткерлерi туралы жазылған және жарияланған. Жайық Кәгенұлының энцеклопедиялық бiлiмi болған. КСРО-ның географиялық қоғамының толық мүшесi, бола отырып, өз жерлестерiн есте сақтау және мәңгi есте қалдыру үшiн үлкен зерттеу жұмысын жүргiзген. Ж.К.Бектұров өмiрдi, адамдарды жақсы көретiн, айналасында болып жатқан әр бiр құбылысқа қызығушылықпен назар аударатын. Жазушының түп мақсаты — болашақ пен өзiнiң дәуiрi арқылы көпiр жүргiзу. Ж.К.Бектұров өз мақсатына адал еңбегiмен жеттiп, өз тапсырмаларын жазушы атына лайықты орындады.

Мектеп директоры Айтикеева А.А. қонақтарды Ж.Бектұров атындағы мектепiшiлiк мұражайға шақырды, себебi мұражайда ғана болашақты құрып бүгiндi түсiну үшiн, өткенге назар аудара аламыз.

Мақаланың шыққан күні: 19.12.2017 19:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 19:24
Қаралым саны: 940

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz