A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Сұрақ-жауап

Құрметтi блогқа қатысушылар!

Сұрақтарыңызға жедел түрде жауап алу үшiн оның мазмұнын қысқаша әрi анық жазуыңызды өтiнемiз. Сауалыңызды жеткiзбес бұрын блогтағы материалдармен мұқият танысып шығыңыз. Өйткенi оның жауабын жазылған материалдардың iшiнен табуыңыз әбден мүмкiн. Блог қызметiн толық пайдалану үшiн ондағы Келiсiмдi қабылдауыңыз қажет..

Қатысу жөнiндегi келiсiм.

Қажеттi жолдарымен нысанды толтыру арқылы мемлекеттiк органдардың басшыларына сұрақ қою мүмкiндiгi берiледi:

- Сiздiң тегiңiз және аты-жөнiңiз (сұрақтың авторы)

- Тiркелген мекенжайы, тұрғылықты жерi (жарияланбайды)

-​ байланыс телефоны (жарияланбайды)

-​ сiздiң жеке e-mail (жарияланбайды)

-​ сұрақтың санаты

-​ сұрақтың мәтiнi

Барлық жолдар толық толтырылуы қажет. Иесi бүркемеленген немесе байланыс мәлiметтерi дұрыс көрсетiлмеген сұрақтар қаралмайды.

Сұрақты жiбергеннен кейiн, сiз сұрағыңыздың ағымдағы мәртебесiн көре аласыз. Сiздiң өтiнiшiңiз:

-​ мемлекеттiк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәлiмет болса;

-​ үшiншi тұлғаның келiсiмiнсiз оның жеке мәлiметтерiн тарататын болса;

-​ талқылаудың басқа қатысушысының, нақтылы тұлғаның немесе ұйымның атына қорлау, қауiп төндiретiн мазмұнды қамтыса;

-​ коммерциялық мақсаттарды көздесе, спам немесе жарнамалық ақпаратты қамтыса;

-​ есiрткi заттарды, жүйкеге керi әсер ететiн заттарды және прейскуранттарды насихаттайтын, алкогольдiк iшiмдiктердi, темекi және темiкi өнiмдерiн жарнамалайтын, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы материалдар;

-​ қаталдылық пен зорлықты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, рулық артықшылықты насихаттайтын;

-​ қолданылатын құқықтың кез келген нормасын бұзатын;

-​ цензурадан өтпейтiн лексиканы және оның туындыларын қамтитын, сондай-ақ осындай анықтамаға жатқызылатын лексикалық бiрлiктердi қолдануға тұспалдаулар (хабарлама, цензурадан өтпейтiн лексика, автоматты түрде алып тасталады);

-​ оқылмайтын мәтiн және түсiнiксiз қысқартулары бар;

-тұлғаның қыметiне жатпайтын проблемалар немесе сұрақ болса жарияланбайды.

Сiздiң әрбiр өтiнiшiңiз бiр сұрақтан артық мәселенi қамтымауы тиiс.

Өтiнiш жалпы мағынасын және логикасын өзгертпестен модератормен редакциялануы, нақтылы қателiктер түзетiлуi мүмкiн.

Өтiнiш, өзiңiз таңдап алған санатқа сәйкес келмейтiн болса, басқа тақырыптық санатқа ауыстырылуы ықтимал.

Өтiнiштерде басқа желiлiк ресурстарға, құжаттарға, суреттеулерге, бейне және аудио файлдарға сiлтеме жасамауды сұраймыз, олай болмаған жағдайда сiлтемелер модератормен алынып тасталады.

Ереженi сақтамаған жағдайда, сайт редакторы сiздiң сауалыңызды деректер базасынан жауап берместен алып тастау құқығына ие болады.

Өтiнiш облыс әкiмi аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмiнде тiркеледi және отыз күнтiзбелiк күнге дейiнгi мерзiмде қаралады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңына сәйкес, мәселе ресми сұрау салу болып саналмайды. Ресми өтiнiш бiлдiру үшiн МY немесе www.egov.kz «электрондық үкiмет» порталында электрондық-сандық қолтаңбамен куәландырылған өтiнiштi қалдыруыңызға болады.

 

Мен шарттарды қабылдаймын

Дата создания статьи: 08.12.2017 15:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.12.2017 15:18
Қаралым саны: 422

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz