A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Аграрлық ғылымның АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосқан үлесі

21.11.2017 ж.                                                                                                 Астана қ-сы

Орталық коммуникациялар қызметiнде Елбасымыздың биылғы «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауын талқылауға және iске асыру шараларына арналған «Аграрлық ғылымның АӨК бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға қосқан үлесi» тақырыбында баспасөз маслихаты өттi.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында аграрлық секторға ерекше көңiл бөлiнген. Ауыл шаруашылығы саласын экономиканың драйверiне айналдыру тапсырылды. Агроөнеркәсiптiк кешендi мемлекеттiк қолдауды жетiлдiру мақсатында, сондай-ақ АӨК-нi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру үшiн Министрлiк ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту және АӨК-нi мемлекеттiк қолдауды жетiлдiру карталарын әзiрледi.

Сонымен қатар өндiрiстiң, бiлiм мен ғылымның тығыз интеграциясы негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешендi жылдамдатып инновациялық дамытуға бағытталған аграрлық ғылымды жаңғырту картасы да әзiрленуде.

Қазақстанның аграрлық ғылымында өсiмдiк пен мал шураушылығында кең қолданылатын өзiнiң бәсекеге қабiлеттi жетiстiктерi бар. Қазiргi таңда қолдануға жарамды қазақстандық селекциясының 160 сорт пен будандар (25 дақылдар түрi), соның iшiнде 39 картоп сорты, 103 — бақша дақылдары және т.б.

«Бiздiң ҒЗИ генетика, физиология және биотехнолгия әдiстерiн қолдану арқылы бiрнеше технологиялар әзiрленген. Мәселен, Қарабалық тәжiрибелiк стансасының «Герда» күздiк жұмсақ бидай сорты. Бұл сорт жоғары аязтөзiмдiлiгiмен ерекшеленедi, өсiмдiктiң көктеуi қарсыз күзгi суықта -17 °С дейiн төзiмдi», — деп атап өттi «ҰАҒБО» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Асқар НӘМЕТОВ.

Қазiргi таңда «ҰАҒБО» КЕАҚ бiлiмдi, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерi мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметтерiн таратудың тиiмдi жолдарын қарастыруда. «ҰАҒБО» КЕАҚ жүйесiнде ЖОО мен ҒЗИ базасында инновацияларды енгiзуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар нәтижесiнде (әрi қарай — ҒЗТКЖ) коммерциализациялаудың 12 кеңсесi құрылған. ҒЗТКЖ нәтижесi бойынша сараптама жүргiзiлiп, 646 зерттемелерден тұратын деректер базасы жасалған.

Бүгiнде бәсекеге лайықты және ең қажеттi деген 82 жобаның базасы жинақталған. Аталмыш әзiрлемелер коммерциализацияға және таратуға дайын дайын.

Айта кету керек, ҚР Ауыл шаруашылық Министрлiгi ғылым және өндiрiс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiп жатыр. Бұл фермерлер үшiн минималды шығындармен инновациялық технологияларды енгiзумен айналысатын ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлердiң санын 10%-дан — 25%-ға дейiн арттыруға мүмкiндiк бередi.

Анықтама:

Бүгiнгi таңда Ұлттық аграрлық ғылыми-бiлiм беру орталығының құрамында 3 аграрлық ЖОО, 31 филиалдары бар 23 ғылыми зерттеу институттары, 7 тәжiрибелiк шаруашылықтар, 7 селекциялық станциялар, 4 сервистiк компаниялар бар.

Ғылыми зерттеулермен айналысатын қызметкерлер саны 4 163 адамды құрады, олардың iшiнде 1 392 ғылыми қызметкерлер: 141 ғылым докторлары, 369 ғылым кандидаттары, 11 PhD докторы мен 289 магистрлер.

«ҰАҒБО» КЕАҚ баспасөз қызметi

тел. 8-7172-72-86-73

E-mail: shurentaev@mail.ru

Дата создания статьи: 19.12.2017 18:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 18:15
Қаралым саны: 458

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz