A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Еңбек ауылында күрделi жөндеу жұмыстары қарқынды жүргiзiлуде

Еңбек ауылындағы орта мектеп-балабақша мен мәдени-спорт кешенiнде күрделi жөндеу жұмыстары қарқынды жүргiзiлуде. Аталмыш жобаларды iске асыруға нақты мерзiм белгiленген: үстiмiздегi жылдың тамыз айының соңы. Осы уақыт iшiнде мектеп ауыл балаларын жаңа оқу жылына қабылдауға дайын болу, ал МСК өнер мен спортқа құштар тұрғындарға өз есiгiн айқара ашып үлгеру тиiс.

Әлеуметтiк нысандарды күрделi жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Мектеп ғимаратын жөндеу үшiн 183549,0 мың теңге бөлiндi. Бастапқыда нысандағы жұмыстар үстiмiздегi жылдың 25 мамырынан басталады деп жоспарланған болатын. Бiрақ қазiргi кезде балалар қашықтықтан оқыту режимiнде болғасын, жұмыстар 4 мамырдан басталды. Күрделi жөндеудi «Астана — Көктем С» ЖШС жүргiзедi. Қазiргi уақытта нысанда күнделiктi түзiмде 25 адам еңбек етедi. Олардың iшiнен 15 адам «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жергiлiктi тұрғындар қатарынан жұмысқа алынды. Аталмыш бағдарлама шеңберiнде 23 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Орта мектеп-балабақша ғимараты 1970 жылы салынды, 50 жыл iшiнде бұл бiрiншi күрделi жөндеу. Үш ай iшiнде мамандар ескiрген ғимаратты заманауи ғимаратқа айналдыруы тиiс. Мектептiң жалпы алаңы — 1825,3 шаршы метр. Жөндеу барысында барлық инженерлiк желiлердi, кабинеттердi, ас блогын, спорт залын күрделi жөндеу, сондай-ақ шатырды, терезелердi, есiктердi және еден жабындарын ауыстыру жоспарлануда.

Мәдени-спорт кешенiн күрделi жөндеуге 164618,0 мың теңге бөлiндi. Жөндеу жұмыстары ү.ж. 6 мамырында басталды. Күрделi жөндеудi «НҰР-ХХI» ЖШС жүргiзедi. Нысанда күн сайын 52 адам жұмыс iстейдi, оның 15-i жергiлiктi тұрғындар. Олар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасты. Бағдарламаға сәйкес 21 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Кешен ғимаратында ауылдық кiтапхана, шейпинг залы, үйiрме бөлмелерi, сондай-ақ спорт залы бар.

Кешен құрылғаннан берi мұнда күрделi жөндеу бiрiншi рет жүргiзiледi. МСК-нiң жалпы алаңы — 1239,14 шаршы метр. Жөндеу барысында барлық инженерлiк желiлердi, кабинеттердi, спортзалды күрделi жөндеуден өткiзу жоспарлануда. Шатырлар, терезелер, еден жабындары ауыстырылады, сондай-ақ iргелес жатқан аумақты абаттандыру жүргiзiледi

Биылғы жылы осы мектепке Еңбек ауылының атақты тумасы — Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың аты берiледi.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 30.06.2020 16:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.06.2020 16:02
Қаралым саны: 276

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz