A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Көкшетау қаласында қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қорытындылары мен даму келешегі талқыланды

2018 жылдың 12 желтоқсан күнi Көкшетау қаласында «Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң 20 жылдығы. ҚР зейнетақы жүйесiнiң негiздерi» тақырыбында дөңгелек үстел өткiзiлдi.

Форум-кеңес түрiндегi отырыс БЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оған Қор қызметкерлерi және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры, Медициналық сақтандыру қоры, «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының өкiлдерi, кәсiпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясының мүшелерi мен аталмыш жүйенiң бастауында тұрған тұлғалар, БАҚ өкiлдерi, сарапшылар және салымшылар (алушылар) қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар елiмiздiң жинақтаушы зейнетақы жүйесiн енгiзу себептерiн, БЖЗҚ-ны құрудың артықшылықтары мен кемiшiн тұстарын, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қазiргi жағдайы мен даму келешегiн талқылады. Сонымен қатар қазақстандықтар, әсiресе жастар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетiн қалыптастыру және өзiн-өзi жұмыспен қамтушыларды жүйеге тарту мәселелерi, сондай-ақ зейнетақы капиталын қалыптастыруда ерiктi зейнетақы жарналарының алар орны бойынша пiкiр алмасты.

Отырысты БЖЗҚ АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Аяш Хакимовна Кеншинбаева ашты. Ол ниет бiлдiрiп, бүгiнгi жиынға қатысуға келген азаматтарға алғысын бiлдiрiп, жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен БЖЗҚ қызметiне қатысты мәселелердi талқылауда жемiстi еңбек тiледi. Өз сөзiнде филиал басшысы Қор тарапынан көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы хабардарлығын, сондай-ақ қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды ерекше атап өттi.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бұдан 20 жыл бұрын Қазақстанның ТМД елдерi арасында тұңғыш рет зейнетақы реформасын жүргiзiп, дұрыс қадам жасағанды туралы тұжырым жасады. Бүгiнде жүйе орнықты және өзiнiң дағдарысқа төзiмдiлiгiн дәлелдедi және даму әлеуетi жоғары. Жиынға қатысушылар сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң дамуы, табыстылығы, барабарлығы көп жағдайда елдегi экономикалық ахуалға тәуелдi екендiгiн атап өттi. Өйткенi экономиканың нақты салаларының өсуi еңбек өнiмдiлiгi мен халық табысының артуына септiгiн тигiзедi. Инфляцияның төмендеуi, экономикада бағалардың тұрақталуы зейнетақы жинақтарының нақты құнына оң әсер етедi. Экономикалық тұрғыда белсендi халықтың жұмыспен барынша толық қамтылуы оларға алған табыстан өз пайдасына зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұруға мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz 

Мақаланың шыққан күні: 14.12.2018 14:37
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.12.2018 14:39
Қаралым саны: 811

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz