A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Елбасы кітапханасында Астана күніне арналған «Ашық есік күндері» онкүндігі ашылады

Орталық коммуникациялар қызметiнде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасының кiтапханасында «Ашық есiк күндерi» онкүндiгiнiң ашылуына арналған баспасөз конференция өттi. Баспасөз конференциясына Елбасы кiтапханасы директорының орынбасарлары Әмiрхан РАХЫМЖАНОВ, Ботагөз ҚАЙЫПОВА, Күлайша АҚТАЕВА қатысты.

Игi дәстүр бойынша Елбасы кiтапханасы Елорда күнiне арналған мерекелiк онкүндiктi дайындауда. Оның ашылу салтанаты 1 шiлде күнi, сағ. 10:00-де өтедi. Бұл жайлы баспасөз конференциясы барысында Кiтапхана директорының орынбасары Әмiрхан Рахымжанов хабарлады. Ол қатысушыларды Кiтапхана қызметiмен таныстырып, 2016 жылғы 4 қарашадан бастап Кiтапханаға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң музейi қосылғанын атап өттi. Оның нәтижесiнде жәдiгерлер, кiтаптар, архив материалдары қоры екi есе артып, экспозициялық-көрмелiк, мәдени, ғылыми-бiлiм беру қызметiнiң ауқымы кеңейдi.

Ә.Рахымжанов түрлi деректер мен дәйектердi алға тартты. Жеке кiтапхана қорларының көлемi 28 601 сақтау бiрлiгiн құрайды. Елбасының жеке архивiнде оның қызметтiк, қоғамдық өмiр жолынан сыр шертетiн 140 мыңға жуық архив құжаттары, бiрегей өмiрбаяндық, шығармашылық материалдар сақталған. Бұл қор ғылыми-iздестiру жұмыстарының арқасында толығып отырады. Қазiргi уақытта музей жинағы 11 топтамадан тұрады. Сақтау бiрлiгiнiң жалпы саны — 10 178. Жыл сайын Кiтапхананың қос ғимаратына 200 000-нан астам адам келедi.

Директордың орынбасары Ә.Рахымжанов осы жылдан бастап Кiтапханада Ғылыми кеңестiң жұмыс атқаратынын мәлiмдедi.

Баспасөз конференциясының тақырыбына тоқталған директордың орынбасары онкүндiктiң негiзгi шараларын атады. Олардың қатарында Жеке архивтiң, Жеке кiтапхананың және музей топтамаларының қорларынан жасақталған «Елбасы және Астана» кешендi көрмесi және «Астана — Қазақстанның стратегиялық векторы» атты дөңгелек үстелi бар.

Онкүндiктiң өзге шаралары туралы Елбасы кiтапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова айтты. Оның айтуынша, 1 шiлде күнi онкүндiктiң ашылу салтанатынан кейiн сағ. 11:30-да 8 маусымда жарияланған «Мәңгiлiк ел» салтанат қақпасы қазақстандықтардың көзiмен» фотобайқауының қорытындысы шығарылады. Оған қатысу үшiн үмiткерлер өздерiнiң «Мәңгiлiк ел» салтанат қақпасын түсiрген үздiк фотосуреттерiн #МәңгiлiкЕлБiздiңКөзiмiзбен хэштегiмен Instagram жүктеуi тиiс болатын.

3 шiлде күнi сағ. 15:00-де «Елбасы жолы» киноэпопеясының үшiншi бөлiмi — «Тығырықтан жол тапқан» көркем фильмi, ал 5 шiлде күнi сағ.15:00-де «Елбасы жолы» киноэпопеясының соңғы бөлiмi — «Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмiнiң көрсетiлiмi өтедi.

4 шiлде күнi сағ. 10:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Елбасының музейiнде «Бала және мәдениет» жобасы аясында «Жұлдызды қала — Астана» музейлiк балалар мерекесi өтедi.

Б.Қайыпованың мәлiмдеуiнше, Елбасы кiтапханасында 1-10 шiлде аралығында күнде «iDos» гид-роботы зияткерлiк викторина ұйымдастырады. Әлеуметтiк желiлерде де «Астана ЭКСПО-2017 елордасы» атты викторина өтедi.

Баспасөз мәслихаты барысында Елбасы кiтапханасы директорының орынбасары Күлайша Ақтаева белгiлегендей: «Онкүндiктiң арқасында елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстанның серпiндi дамуын бiрегей кiтапхана кешенiнде тамашалай алады. Кiтапхананың екi ғимаратта, атап айтқанда, сол жағалаудағы Норман Фостердiң белгiлi сәулет туындысы және оң жағалауда Қазақстан Президентiнiң Ақмоладағы тұңғыш Резиденциясында орналасуы ашық үлгiдегi мекеменiң дамуына сарқылмайтын қор қалыптастырады. Сондықтан қонақтарды Кiтапхана ғимаратына, тақырыптық топтамалар мен экспозицяларға қолжетiмдiлiкпен қамтамасыз ету онкүндiк iс-шараларының маңызды бөлiгi болып отыр».

«Ашық есiк күндерi» онкүндiгi барысында Назарбаев орталығы ғимараты мен Елбасы кiтапханасы музейiнде шолулық және тақырыптық экскурсиялар жүргiзiлетiнiн айта кеткен жөн. Онкүндiктiң ашылуы және жабылуы салтанатты түрде, мерекелiк атмосферада өтедi. Мемлекет және қоғам қайраткерлерi қатысатын шараға талантты жас орындаушылар, танымал аспаптық, музыкалық, би ұжымдары шақырылған.

Дата создания статьи: 20.12.2017 10:08
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 10:08
Қаралым саны: 449

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz