A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
МЗЖ бойынша зейнетақы шоттары БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылады

Қазiр Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсiмi жеңiлдетiлдi және салымшының жеке қатысуы талап етiлмейдi. Қазақстан Республикасының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн жеке тұлғаға ЖЗШ ашу туралы өтiнiш ресiмдеу мақсатында БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерiне келудiң қажетi жоқ.

Естерiңiзге сала кетейiк, егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоты болмаса, онда ол бiрiншi жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендiру МЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (ТАӘ, ЖСН, туған күнi) бойынша жүзеге асырылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелерi, тұрақты тұратын жерi туралы барлық қажеттi мәлiметтердi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алатын болады.

Осылайша ағымдағы жылдың қаңтарынан мамыр айына дейiн (қоса алғанда) бiрiншi жарна түскен кезде автоматты түрде бiр миллионнан астам шот ашылды, дәлiрек айтсақ, 1 075 220 ЖЗШ. Бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңiнде ашылған шоттар санынан тоғыз есе көп, ол кезде алғашқы бес айда 121 032 ЖЗШ ашылған болатын.

Айта кету керек, ЖЗШ автоматты түрде ашылған кезде салымшыны зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабардар ету БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерiне өзiңiз келiп өтiнiш жасаған кезде ғана жүргiзiледi. Бiрақ БЖЗҚ кеңселерiне келмей-ақ ыңғайлы әдiс таңдауға да болады. Ол үшiн БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) немесе ұялы қосымшасындағы (ENPF) жеке кабинетте өз жинақтарыңызды бақылау үшiн Қор сайтына электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен тiркелу жеткiлiктi. Сондай-ақ, жеке кабинетте саусақтың бiр-екi қимылымен Сiз ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi ғана алып қоймай, зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн және т.б. көре аласыз.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz  сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 01.07.2020 12:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.07.2020 12:00
Қаралым саны: 306

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz