A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өтеді

Орталық коммуникациялар қызметiнде XIII Халықаралық «Евразия» кинофестивалiнiң президентi Айман МҰСАҚОЖАЕВАНЫҢ қатысуымен баспасөз конференция өттi. Сондай-ақ баспасөз конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгi Мәдениет және өнер iстерi департаментiнiң директоры Алмаз НҰРАЗХАН, XIII «Евразия» ХКФ-нiң бас директоры Рашид НУҒМАНОВ, қазылар алқасының мүшесi Талғат ТЕМЕНОВ және Бағдарламалық директор Елена ЛАРИОНОВА қатысты.

2017 жылдың 22-28 шiлде аралығында Астана қаласында Канн, Берлин, Венеция сынды «А» классының фестивальдерiмен тең дәрежеде продюсерлiк қауымдастықтың Халықаралық одағында (FIAPF) тiркелген, Орта Азиядағы ауқымды кинофорум болып табылатын ХIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалi өтедi. 2012 жылы «International Film Guide» (Ұлыбритания) «Еуразия» ХКФ-iн әлемнiң 35 жетекшi кинофестивальдерiнiң тiзiмiне қосты.

13-шi «Еуразия» кинофестивалi бағдарламасында, дәл сол уақытта Қазақстанның астанасында өтетiн әлемдiк ауқымды iс-шара- «Астана Экспо-2017» халықаралық көрмесiнiң тұжырымдамасымен үндес «Мәдениеттер көпiрi» тақырыбы қозғалады.

«Еуразия» ХКФ-лi 2016-2017 жылдары жарық көрген кең ауқымды әлемдiк фильмдердiң көрсетiлiмiн ұсынады. Конкурстық және конкурстан тыс секцияларға толықметрлi және қысқаметрлi картиналар, авторлық және жанрлық кино кiредi. «Бес құрылық» балалар фильмдерiнiң конкурсы, сонымен қоса, Экспо-2017-мен бiрiгiп ұйымдастырылған дамушы елдер бағдарламасы «6 плаза» өтедi. Кинематоргафия саласындағы Ұлттық «Тұлпар» жүлдесiн табыстау үшiн Қазақстан, Орталық Азия және түркiтiлдес халықтар фильмдерiнiң көрсетiлiмдерi болады.

Тарихта тұңғыш рет «Еуразия» ХКФ-нiң аясында ТМД, Шығыс (Қытай, Үндiстан, Оңтүстiк Корея) және Батыс (Европа, Америка) елдерiнiң фильм сатушылары мен сатып алушыларының қатысуымен Eurasia Film Market Дәстүрлi бизнес-алаңы киножобалар питчингтерiн, дөңгелек үстелдерiн, баспасөз-конференцияларын, шеберлiк-сағаттарын және арнайы iс-шараларын ұсынады.

Кинофестивальдiң шетелдiк қонақтары голливудтың жарқын жұлдыздары: «Оскар» және «Алтын глобус» лауреаты Николас Кейдж, Джон Ма́лкович мен Эдриен Броуди, американдық актриса Бай Лин, фестивальдiк қозғалыстың орасан зор қайраткерi, продюсер Марко Мюллер, осы жылғы «Евразия» ХКФ-iнде негiзгi қазылар алқасын басқаратын, Канн кинофестивалiнiң лауреаты Сулейман Сиссе.

«Еуразия» кинофестивалiн өткiзудегi басты мақсат қазақстандық киноиндустрияны дамыту, кино өнерiне кең жұртшылықтың қызығушылығын арттыру және Азия мен Европа елдерiнiң жемiстi ынтымақтастығы үшiн шарттар ойластыру.

XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалi Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт Министрлiгiнiң тапсырысымен «Ұлттық кинематография өнерi мен ғылымдарының академиясы» Қоғамдық бiрлестiгiмен iске асырылады.

Ақпараттық серiктестiк — «Хабар» агенттiгi.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 09:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 09:31
Қаралым саны: 560

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz