A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақмола облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ауыл бизнесі өркендеп келеді

Ақмола облысында ерлi-зайыпты адамдар «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттiк бағдарламасын қолданып несие алуының арқасында шаруасын дөңгелетiп әкеттi. Бұл туралы Ақмола облысы iшкi саясат басқармасы «Өңiрлiк коммуникациялар қызметi» хабарлады.

Владимир және Маргарита Доценколар Сандықтау ауданының Каменка селосында дәмхана ашты.

Ендi шағын ауылда да той-томалақтар мен мерейтойларды, ең болмаса кешкiлiк отбасымен қыдырып қайтуға болатын жайлы орын пайда болды. Бұл межеге Доценко отбасы бiрнеше жыл әзiрленiптi.

«Дәмханамыздың интерьерi мен дизайнын үлкен ұлымыз Виктор ойлап тапты. Ал жобаны жүзеге асыруға отбасымызбен бiрлесiп кiрiстiк. Бұрын мұнда дүкен орналасқан. Кейiн бұрынғы иелерi оны би залы ғимараты ретiнде сатып алыпты. Бiз жөндеу жүргiзiп оны дәмханаға айналдырдық. Ендi мiне отыз орындық дәмхана көпшiлiктiң игiлiгiне қызмет етпек, — дейдi дәмхана иесi Маргарита Доценко.

Әзiрге дәмханада тек Маргаританың өзi мен шақыртылған аспаз ғана жұмыс iстеуде. Сонымен қатар кәсiпкерлер мұнда жергiлiктi колледж студенттерiн тәжiрибеден өткiзбек ниетте. Болашақта мұнда штат көлемi ұлғайып, ауылда жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 10:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 11:33
Қаралым саны: 1780

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz