A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Құрметті «БЖЗҚ» АҚ Салымшысы (Алушысы)!

Заңға1 сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан белгiленген кесте бойынша мiндеттi және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтары бар:

- жалпы белгiленген зейнет жасына толған тұлғалар: 58 жасқа толған әйелдер, 63 жасқа толған ерлер;

- мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер құқылы.

Сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесiн ары қарай дамыту бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын iске асыру аясында «БЖЗҚ» АҚ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы төмендегiдей өзгерiстер туралы хабарлайды:

1) әйелдердiң зейнет жасын ұлғайту:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жас; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жас;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жас; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жас;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жас; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас;

2026жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас;

2) «БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдерi зейнетақы жинақтарынан:

- белгiленген кесте бойынша ай сайынғы төлемдер түрiнде;

- егер алушылардың зейнетақы жинақтарының сомасы тиiстi қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең аз зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен аспайтын болса, бiр уақытта төленетiн болады2;

3) төлемдердi есептеу тәртiбiнiң өзгеруi.

Баяндалғанды, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiнiң өтiнiш бiлдiрген күннен бастап белгiленетiнiн және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейiн3 жүзеге асырылатынын ескере отырып, зейнетақы төлемдерiне құқық туындаған жағдайда, «БЖЗҚ» АҚ-ға уақытында өтiнiш бiлдiрудi сұраймыз.

«БЖЗҚ» АҚ-ға ұсыну тәсiлiне қарай (кеңсеге өзi келген кезде/пошта байланысы арқылы/электрондық цифрлық қолтаңба пайдалана отырып «БЖЗҚ» АҚ веб-сайты арқылы/үшiншi тұлға арқылы) зейнетақы жинақтарының төлемiн ресiмдеуге қажет барлық құжат тiзбесiн, оларды ресiмдеуге қойылатын талаптарды, өтiнiштердiң бланкiлерiн, сенiмхаттардың үлгiлерiн, кеңселердiң мекенжайларын, жұмыс тәртiбiн және байланыс телефондарын www.enpf.kz «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан таба аласыз, онда ақпарат үнемi жаңартылып тұрады не байланыс орталығының 1418 телефоны арқылы бiле аласыз (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегiн).

1«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңы;

2Заңның 30-бабы;

3Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 02.10.2013 жылғы № 1042 қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидасының 6-тармағы;

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 16:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.12.2017 16:12
Қаралым саны: 1687

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz