A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстанның экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы

Орталық коммуникациялар қызметiнде «Назарбаев Университетi» ДБҰ Инновациялар және ғылым жөнiндегi вице-президентi Қанат Әбдуәлиұлы Байғариннiң қатысуымен баспасөз мәслихаты өттi.

Мемлекет басшысы 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшiншi жаңғыртылуы: Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының жеделдетiлген технологиялық жаңғыртылуы мәселесiн бiрiншi басымдық ретiнде белгiлеген болатын.

Бұл мiндеттi жүзеге асыру үшiн Университет өзiнiң ғылыми және инновациялық әлеуетiн дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда. Назарбаев Университетi базасында Astana Business Campus Инновациялық кластерi құрылды, ол «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» бағдарламасының 63-шi қадамына сәйкес елiмiздiң ғылымды қажетсiнетiн экономикасын қалыптастыруға негiз болады.

«Инновациялық кластердiң мақсаты озық технологиялар мен жобаларды трансферттеу және коммерцияландыру үшiн ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет субъектiлерiн бiрiктiру, сондай-ақ Қазақстанда инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшiн алаңдар құру болып табылады. Бүгiнгi таңда Astana Business Campus Инновациялық кластерiнiң базасында Коммерцияландыру офисiн, Технопарктi және Бизнес Инкубаторды қамтитын жобаларды коммерцияландыру жүйесi құрылды. Осы жүйе инновациялық жобаларды iске асыруға және нарыққа шығу жолын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi», — деп атап өттi «Назарбаев Университетi» ДБҰ Инновациялар және ғылым жөнiндегi вице-президентi Қанат Байғарин.

2013-2016 жылдар аралығындағы кезеңде Коммерцияландыру офисi Университеттiң ғалымдары мен оқытушы-профессорлар құрамының (ОПҚ) жалпы 17 жобасын, атап айтқанда, робот техникасы және АТ, биомедицина, энергия тиiмдiлiгi және жаңа материалдар сияқты басым бағыттардағы жобаларын қаржыландырды.

Astana Business Campus — бұл ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды жүргiзуге және технологиялық мiндеттердi шешуге арналған, пайдалануға қолайлы заманауи үй-жайлар кешенi. Бүгiнгi таңда 10 инновациялық компания Технопарк резиденттерi болып табылады, олардың арасында Университет базасында құрылған стартаптар бар.

Баспасөз хабарламасы барысында «Nazarbayev University Research and Innovation System» жеке мекемесiнiң Бас директоры Айдар Жақыпов 2016 жылы Бизнес-инкубаторда Назарбаев Университетiнiң «ABC Quick Start — 2016» инновациялық жобалар акселерациясының алғашқы бағдарламасы өткiзiлгенiн атап көрсеттi. Бағдарламаның мақсаты венчурлық компаниялар, корпорациялар, мемлекеттiк тапсырыс берушiлер және, тұтас алғанда, қоғам үшiн маңызды жоғары технологиялық жобалар санын өсiру есебiнен Назарбаев Университетi аумағында инновациялық ортаны дамыту болып табылады. Бұдан басқа, ағымдағы жылы Астана қаласы Әкiмдiгiнiң және «Astana Innovations» АҚ-тың қолдауымен екiншi акселерациялық бағдарлама өткiзiледi. Бағдарламаға қатысу үшiн 94 өтiнiм келiп түстi, оның iшiнде 11 өтiнiм акселерациялық бағдарламадан өтуге iрiктелiп алынды.

Қазақстан жастары мен студенттердiң арасында инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту мақсатында Технопарктiң базасында әртүрлi iс-шаралар мен конкурстар өткiзiлуде.

Сондай-ақ Университеттiң негiзгi басымды бағыттарының бiрi байланысты зерттеулер болып табылады. Осы бағыт аясында Назарбаев Университетiнiң базасында «World Bank Group», «USAID», «Petrofac» мұнай инжинирингтiк компаниясы, «Еуразиялық топ» ЖШС (ERG), «KEGOK» АҚ, «Самұрық-энерго» АҚ сияқты iрi ұйымдар мен компаниялар үшiн байланысты зерттеулер iске асырылуда.

«Назарбаев Университi» ДБҰ Инновацияларды дамыту департаментiнiң аға менеджерi Дамель Мектепбаева Astana Business Campus Ғылым паркi құрамдас элементтерiнiң бiрi болып табылатын Биомедициналық кластер туралы айтып бердi. Биомедициналық кластер зияткерлiк, қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды тиiмдi пайдалану есебiнен биомедициналық зерттеулердi коммерцияландыру мен жоғары технологиялы бизнестi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған инновациялық экожүйе болып табылады.

Кластер қызметiнiң негiзгi бағыттары болып табылатындар: медициналық туризмдi дамыту, дәрiлiк заттарды клиникалық және клиникаға дейiнгi зерттеу, Назарбаев Университетi Медицина мектебiнiң студенттерiне бiлiм беру үшiн таңдаулы практикасы бар профессорларды тарту, инженерлiк және сабақтас сервистердi тарту, бүкiл әлемнен биомедициналық жобаларды/стартаптарды тарту, инновациялық қызмет нәтижелерiн шетелдiк нарықтарға iлгерiлету.

«Назарбаев Университетi» ДБҰ Инновацияларды дамыту департаментiнiң директоры Олжас Махамбетов Сандық Қазақстан бағдарламасын iске асыруға Назарбаев Университеттiң өз үлесiн белсендi қосып отырғанын атап көрсеттi. Сондай-ақ, университет АКТ (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар) саласында мамандарды жариялау мен дайындау бойынша сыртқы бастамаларды белсендi қолдап келедi. Биыл Назарбаев Университет базасында nFactorial бизнес-инкубаторының жазғы бағдарламасы iске қосылды; Назарбаев Университет қызметкерлерi басқа жоғары оқу орындары мен ұйымдар жүргiзетiн конкурстарды, семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыруға қатысуда.

Назарбаев Университеттiң ғылыми және инновациялық әлеуетiн жариялау мақсатында Мектептердiң ғалымдары мен оқытушы-профессорлар құрамы үшiн Қазақстан Республикасының iрi өндiрiстiк компаниялары және зауыттары орналасқан жерлерге жұмыс сапарларын ұйымдастырады.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 10:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 10:13
Қаралым саны: 968

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz