A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесi туралы сауаттылық деңгейi арта түстi

Халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығының деңгейiн анықтайтын жыл сайынғы тәуелсiз әлеуметтiк зерттеудiң қорытындысы шығарылды.

Зерттеулердi «Стратегиялық зерттеулер орталығы» Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының тұрғындары арасында жаппай сауалнама жүргiзу әдiсiмен өткiздi. Жалпы алғанда 3000 респондент сауалнамаға қатысты, олардың iшiнде жалдамалы қызметкерлер, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар және жұмыссыз адамдар бар. Респонденттердiң басым бөлiгi (сауалнамаға қатысқандардың 899-ы немесе 29,97%) коммерциялық бизнес саласында жұмыс iстейтiндер. Одан кейiнгiлер өндiрiстiк бизнесте жұмыспен қамтылғандар — 386 респондент немесе сауалнамаға қатысқандардың жалпы санының 12,87%-ы. Сұралғандардың арасында маңыздылығы жағынан үшiншi топ — 368 адам немесе 12,27% болатын ауыл шаруашылығы қызметкерлерi болды. Ғылым саласында қызмет ететiндердiң саны ең азы болып шықты, 30 респондент немесе сұралғандардың жалпы санының 2,87%-ы өздерiн осы қызмет саласына жатқызады.

Зерттеу сауалнамасы сұрақтарының негiзгi денi Қазақстан халқының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын анықтауға бағытталған 24 сұрақтан тұрды.

Сауалнаманың нәтижелерi халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы сауаттылық деңгейiнiң жоғарылағанын көрсеттi.

Қаржылық сауаттылықтың базалық деңгейi 63,4% болды (алдыңғы көрсеткiш 2018 жылы 60,2%, 2017 жылы 58,2%).

Қаржылық сауаттылықтың озық деңгейiн 26,9% респондент құрады (2018 жылы 25,3%, 2017 жылы 24,7%).

Бұдан халықтың бiлiмi мен қаржылық сауаттылық деңгейiнiң жылдан жылға бiртiндеп өсiп келе жатқанын көруге болады.

Базалық деңгейдi растау үшiн бiрқатар сұрақтарға жауап беру қажет болды. Атап айтқанда, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң операторы кiм; БЖЗҚ функциялары; зейнетақы жарналары мен зейнетақы төлемдерiнiң қандай түрлерi бар деген тәрiздi және т. б. сұрақтар қойылды.

Базалық бiлiм деңгейiн бағалау үшiн қойылған барлық сұрақтар бойынша дұрыс жауаптар үлесiнiң көбейгендiгi байқалды.

Сонымен зейнетақы төлемдерiнiң түрлерi туралы дұрыс жауаптардың үлесi 37% — дан 45% дейiн, зейнетақы жарналарының түрлерi туралы дұрыс жауаптардың үлесi 74% — дан 77% дейiн, БЖЗҚ қызметтерi туралы 52% — дан 79% дейiн, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң операторы кiм болып табылатыны туралы 60% — дан 64% дейiн өстi.

Тек зейнет жасына қатысты сауал ғана жылдан жылға респонденттер үшiн қиындап бара жатқандай. Мәселен, 2017 жылы — әйелдер үшiн зейнетке шығу 58 жас, ерлер үшiн — 63 жас болған кезде дұрыс жауаптар үлесi 80% болған едi. Ал 2018 жылдан бастап әйелдер үшiн зейнетке шығу 2023 жылы 63 жасқа толғанға дейiн жыл сайын 0,5 жылға өсiп отыратын болды. Осы өзгерiстерге байланысты 2018 жылы зейнеткерлiк жас туралы дұрыс жауаптардың үлесi 78% дейiн, 2019 жылы 53% дейiн төмендеп кеттi.

Жоғары бiлiм деңгейiн бағалауға арналған сауалдар күрделiрек болды: зейнетақы жинақтарын қандай ұйым инвестициялайды, жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi инвестициялық табыс, зейнетақы аннуитетi, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк, салық салу және т. б.

Осылайша зейнетақы жинақтарын инвестициялайтын ұйым туралы сауалға қатысты дұрыс жауаптар үлесi 15% — дан 30% дейiн өстi, зейнетақы жинақтарының түрлi қаржы құралдарына инвестицияланатыны және инвестициялық табыс есебiнен көбейетiндiгi туралы сұраққа берiлген дұрыс жауаптар үлесi 35% — дан 38% дейiн, зейнетақы төлемдерiне салынатын салық туралы берiлген дұрыс жауаптар 22% — дан 28% дейiн өстi.

Сауалнама нәтижелерi респонденттердiң басым бөлiгiнiң БЖЗҚ-ның негiзгi функциялары туралы хабардар екенiн көрсеттi. Бұл БЖЗҚ-ның жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде атқаратын рөлi туралы жалпы түсiнiктiң бар екенiн, сондай-ақ халықтың басым бөлiгiнiң олардың қаржылық әл-ауқатының негiзгi көзi БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы жинақтары болады деген пiкiрдi ұстанатындықтарын бiлдiредi. Сауалнамаға қатысқан респонденттердiң 1437-сi немесе жалпы санының 47,9% дәл осылай жауап бердi. Респонденттердiң 23,63% пiкiрiнше, мемлекет тарапынан берiлетiн зейнетақы — маңыздылығы жағынан екiншi орында, ал басқа жинақтарға сұралғандардың жалпы санының тек 11,57% ғана сенiм артады.

Респонденттер үшiн жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы ақпараттың негiзгi көзi БЖЗҚ-ның ресми сайты және Қордың қызмет көрсету кеңселерi болып табылатыны да маңызды мәлiмет. Пайыздық қатынаста бiрiншi әдiс сұралғандардың 29% үшiн, екiншiсi 23,8% үшiн өзектi. Ақпарат көздерi арасында таныстардан ақпарат алу 12,6% көрсеткiшпен үшiншi орынды иелендi. ENPF ұялы қосымшасының ақпарат көзi ретiнде танымалдығы да басқа тәсiлдерден еш кем емес, оның көмегiмен респонденттердiң 9,2% Қордың жұмысы туралы әрдайым пайдалы ақпарат алып отырады.

Зерттеу барысында халыққа қосымша түсiндiрудi талап ететiн тақырыптар да анықталды. Олардың iшiнде зейнетақы жинақтарының негiзгi мақсаты, оларды инвестициялау және сақтау кепiлдiгi, өз зейнетақысын болжау мүмкiндiгi, ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерi мен төлеу шарттары, бiрыңғай жиынтық төлем шеңберiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу сияқты мәселелер бар.

Зерттеу қорытындылары Қазақстан халқы арасында зейнетақы жүйесi туралы ақпараттық-түсiндiру жұмыстары бойынша стратегиялық мiндеттердi жүзеге асыру барысында ескерiлетiн болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 22.06.2020 18:43
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.06.2020 18:43
Қаралым саны: 103

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz