A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Еңбек шарты – еңбек кепілі

ҚР Еңбек кодексiн орындау және жұмыс iстейтiн азаматтардың құқықтарын қорғау аясында, ауданда 152 шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен және 1 орта кәсiпкерлiк субъектiмен ұжымдық шарттар жасалды. Ең iрi кәсiподақ ұйымдары аудандық бiлiм бөлiмiнде шоғырланған, бұл — 1325 адам, Ақкөл аудандық ауруханасында — 382 адам, Ақкөл балалар үйiнде –120 адам, Урюпинка балалар үйiнде — 117 адам, Агротехникалық колледжде — 74 адам, «Қазпошта» АҚ — 63 адам бар. Бұл ұйымдарда мерейтой иелерi мен зейнеткерлерге құрмет көрсету және санаторлық-курорттық жолдамаларды бөлу мәселелерi оңтайлы шешiледi.

«Хлебороб» ЖШС-нiң директоры В.Стихиляс, ұжымдық келiсiм-шарт жасасқан орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылады және өз жұмыскерлерiне натуралды және материалдық көмектi келiсiм шартқа сәйкес көрсетедi. Аталмыш ұйым өз жұмыскерлерiне 2019 жылы 20 млн. теңге көлемiнде көмек көрсеттi.

ҚР Еңбек кодексiнiң орындау аясында материалдық көмек көрсету үшiн, шағын және орта бизнес субъектiлерi мен мемлекеттiк мекемелердiң басшылары еңбек ұжымдарымен ұжымдық келiсiм шарттарды «Хлебороб» ЖШС үлгiсiмен жасауды ұсынамыз.

ЖҚ және ӘБ басшысы                                                                                                           Н. Мананбаева

Мақаланың шыққан күні: 20.02.2020 15:46
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.02.2020 15:46
Қаралым саны: 543

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz