A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2016 жылғы «09» қараша
№ 685 қаулысымен
бекiтiлген


Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге
көмектескен ақпарат үшiн сыйақы белгiлеу
және төлеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Терроризм актiсiнболғызбауға немесежолын кесуге көмектескен ақпарат үшiн сыйақы белгiлеу және төлеу қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар)«Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi және терроризм актiсiнболғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшiн сыйақы белгiлеу және төлеу тәртiбiн айқындайды.

2. Сыйақы төлеу осы мақсатқа терроризмге қарсы iс-қимыл саласындағы қызметтi үйлестiру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрi -уәкiлеттi орган) тиiстi қаржы жылынакөзделген бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

2. Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге
көмектескен ақпарат үшiн сыйақы белгiлеу және төлеу тәртiбi

3. Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға уәкiлеттi орган сыйақы төлейдi.

Сыйақы бiр рет төленедiжәне мынадайтәртiппен белгiленедi:

1) 2014 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (бұдан әрi — ҚК) 255-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген терроризм актiсi туралы қылмыстық iстер бойынша — 750 (жетi жүз елу) айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi — АЕК);

2) ҚК 255-бабының үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген терроризм актiсiтуралы қылмыстық iстер бойынша- 1000 (бiр мың) АЕК.

Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адам сыйақыдан бас тартқан жағдайда,уәкiлеттi органның аумақтық органына (бұдан әрi -аумақтық орган) тиiстi өтiнiш бередi.

4. Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы беру, егер айыпты адамға қатысты:

1)2014 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiккодексiнiң (бұдан әрi — ҚПК) 521-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысынемесе айыптау үкiмi заңды күшiне енген;

2) ҚПК 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шыққан жағдайда төленедi.

5. Аумақтық орган терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы алу құқығы туындағаны туралы үш жұмыс күнi iшiндехабарлайды.

Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпараттыхабарлаған адам тұрғылықты жерi бойынша аумақтық органға осы Қағидалардың 6-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

6. Аумақтық орган осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес сыйақы алу құқығы туындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мынадай құжаттарды қалыптастырады және уәкiлеттi органныңтөрағасы айқындаған уәкiлеттi органныңқұрылымдық бөлiмшесiне (бұдан әрi -уәкiлеттi бөлiмше) жiбередi:

1)аумақтық органның қолдаухаты;

2)хабарлама талоны түбiртегiнiң көшiрмесi;

3) заңды күшiне енген айыптау үкiмi немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысының көшiрмесi не ҚПК

35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулының көшiрмесi;

4) терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамның жеке сәйкестендiру нөмiрiн көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжатының көшiрмесi;

5) терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамның ағымдағы банктiкшоты көрсетiлгенекiншi деңгейдегi банк анықтамасының түпнұсқасы. Адамның ағымдағы банктiк шоты болмаған жағдайда, өзi кез келген екiншi деңгейдегi банкте ағымдағы банктiк шотын ашады.

7.Уәкiлеттi бөлiмше барлық қажеттi құжаттар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде олардың толықтығы мен дұрыстығын тексередi және терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеу туралы уәкiлеттi органбұйрығыныңжобасындайындайды.

Тексеру процесiнде құжаттарды ресiмдеудекемшiлiктер мендәлсiздiктер анықталған кезде уәкiлеттi бөлiмше осы Қағидалардың

6-тармағында көрсетiлген құжаттарды қателiктердi жою және онымен бiр мезгiлде терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеудi кешiктiру себептерi мен мерзiмдерi туралы хабарлау үшiн аумақтық органға қайтарады.

Аумақтық орган кемшiлiктер мен дәлсiздiктер жойылғаннан кейiн он күн iшiнде осы Қағидалардың6-тармағында көрсетiлген құжаттарды уәкiлеттi бөлiмшеге қайта жолдайды.

8. Уәкiлеттi органныңсыйақы төлеу туралы бұйрығы шығарылғаннан кейiн аумақтық органсыйақы төлеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап алпыс күнтiзбелiк күн iшiнде терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпараттыхабарлаған адамғақазынашылықтың аумақтық бөлiмшелерi арқылы оның екiншi деңгейдегi банктегi ағымдағы банктiкшотына сыйақыны төлеудi жүзеге асырады.

9. Аумақтық орган терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпараттыхабарлаған адамға заңнамадабелгiленген тәртiппеноның екiншi деңгейдегi банктегi ағымдағы банктiкшотына ақшалай қаражаттың аударылғанытуралы үш күн iшiнде мәлiмдейдi.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 15:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 15:32
Қаралым саны: 525

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz