A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

Алматы, Қазақстан — 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,35 трлн. теңгенi құрады. Шарттардың барлық түрi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,15 млн. бiрлiктен асты, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жасалғаны шамамен 9,7 млн. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны — 405 713 бiрлiк, ал ерiктi зейнетақы жарналары бойынша 39 075 бiрлiк.

Таза инвестициялық табыс сомасы — 378,82 млрд. теңге, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегiден (156,63 млрд. теңге) 222,19 млрд. теңгеге артық. Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтерi бойынша жылдық табыстылық (2015 жылғы шiлде — 2016 жылғы шiлде) 17,7% деңгейiндегi құнсызданудан асып, 19,1%-ды құрады. 2016 жыл басынан бергi табыстылық 6,4%-ды құрады, бұл ұқсас кезеңдегi құнсыздану деңгейiнен (5,2%) 1,2%-ға жоғары.

Жыл басынан берi БЖЗҚ жасаған зейнетақы төлемдерi мен аударымдары 106,58 млрд. теңге мөлшерiндегi соманы құрады, бұған 10,95 млрд. теңге мөлшерiндегi сақтандыру ұйымдарына аударымдар кiрдi.

Әрбiр салымшы (алушы) кез келген күнге өз ЖЗШ-ындағы жинақтары туралы 236 БЖЗҚ бөлiмшесiнiң бiрiнен немесе Қор сайты арқылы «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмiнен бiле алады. Сондай-ақ салымшыларда (алушыларда) өз зейнетақы шотын түрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы бақылау мүмкiндiгi бар. 2016 жылғы 1 тамызда ұялы қосымша жүктеп алуының жалпы саны 267,6 мыңға жеттi. Көшбасшы — Android, осы платформадағы қосымша 215,6 мың рет жүктеп алынған, бұл барлық жүктеудiң 80,6%-ын құрайды. Екiншi орында iOS: iPhone және iPad үшiн қосымшаны 47,1 мың рет жүктеп алған, үшiншi орында Windows Phone — 4,9 мың жүктеп алу.

«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерiлген) беру» қызметi iске қосылған 2015 жылдың ақпан айынан бастап 2016 жылғы 1 тамызға дейiн электрондық үкiмет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 315 мыңнан астам үзiндi көшiрме берiлген.

Әлеуеттi құрылымдар қызметкерлерiнiң 50% жарнасын аудару рәсiмi аяқталды

2016 жылғы 10 тамызда жоспар-кестелерде көзделген әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары, мемлекеттiк фельдъегерлiк қызмет қызметкерлерiнiң, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған тұлғалардың пайдасына бюджет қаражаты есебiнен бұрын аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару шаралары аяқталды.

Аталған шараның 2016 жылғы 18 ақпанда басталғанын еске сала кетейiк. Жоспар-кестелерде белгiленген мерзiмдер мен шаралар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiлдi.

Әскери қызметшiлердiң және әлеуеттi құрылымдар қызметкерлерiнiң пайдасына бюджет қаражаты есебiнен бұрын аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару — аталған санаттағы азаматтарды толық мемлекеттiк зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырудың мiндеттi талабы. Аталған шара олардың зейнетақы мөлшерiн елеулi түрде көбейтуге мүмкiндiк бередi.

Зейнетақы жинақтарының қалған бөлiгiн пайдалану құқығы әскери қызметшiлер мен әлеуеттi құрылымдар қызметкерлерiне зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес жалпы негiздер бойынша берiледi. Қандай да бiр себеппен жарналарының 50 пайызы қайтарылмаған әскери қызметшiлер мен әлеуеттi құрылымдар қызметкерлерi де зейнетақы төледерiн осы талаптарда алады.

Әскери қызметшiлер мен әлеуеттi құрылымдар қызметкерлерiнiң пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылды. Осы кезеңнен бастап «толық емес» көлемде еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерiн алатын (1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызмет мерзiмi 10 жылдан аз болған) әскери қызметшiлер мен әлеуеттi құрылымдар қызметкерлерiнiң зейнетақы мөлшерi мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызды жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы БЖЗҚ растау-анықтамасының негiзiнде қайта есептеледi.

Сонымен қатар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызды жеке зейнетақы шотынан есептен шығару туралы БЖЗҚ растау-анықтамасын өткiзу — 1998 жылғы 1 қаңтарда қызметке алғаш кiрiскен әскери қызметшiлер мен әлеуеттi құрылымдар қызметкерлерiне еңбек сiңiрген жылдары бойынша мемлекеттiк бюджеттен зейнетақы тағайындау талаптарының бiрi.

БЖЗҚ қайтыс болған туыстардың жеке зейнетақы шотының болуын не болмауын
тексерудi өтiнедi

«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — БЖЗҚ) БЖЗҚ-да қайтыс болған салымшылардың зейнетақы жинақтары бар 1998 жылдан берi ашылған жеке зейнетақы шоттарының (бұдан әрi — ЖЗШ) бар екенiн хабарлайды.

Осыған орай жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе БЖЗҚ-ға жерлеудi жүзеге асыруға бiржолғы төлем алуға не мұрагерлiк бойынша зейнетақы жинақтарын төлеуге бұрын өтiнiш бермеген отбасы мүшелерiнiң не қайтыс болған салымшыларды жерлеудi жүзеге асырған тұлғалардың қайтыс болған салымшыда ЖЗШ болуын не болмауын тексеру және ЖЗШ болса, жерлеудi жүзеге асыруға/мұрагерлiк бойынша зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру мақсатында БЖЗҚ өңiрлiк бөлiмшелерiне келуiн өтiнемiз.

Қайтыс болған салымшыда ЖЗШ болуын не болмауын тексеру үшiн мұрагердiң немесе жерлеудi жүзеге асырған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты және салымшының қайтыс болғаны туралы куәлiктi алып келу қажет.

Жерлеудi жүзеге асыруға немесе мұрагерлiк бойынша зейнетақы жинақтарын төлеудi ресiмдеуге қажет құжаттар тiзiмiн қор сайтының (www.enpf.kz) «Қызметтер» — «Алушыларға» — «Зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу тәртiбi» — «Алушының қайтыс болуына байланысты төлемдер» бөлiмiнен алуға болады.

Мәлiмет үшiн БЖЗҚ-дан жерлеудi жүзеге асыруға төлемнiң республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң (АЕК) 52,4 еселенген мөлшерi шегiнде, бiрақ ЖЗШ-дағы қаражаттан аспайтын мөлшерде бiр рет төленетiндiгiн хабарлаймыз. Ағымдағы жылы 1 АЕК — 2 121 теңге. Бiржолғы жерлеуге төлем жасалған соң зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен аз болған жағдайда, бұл қалдық аталған төлем сомасына қосылады.

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 17:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.12.2017 17:32
Қаралым саны: 645

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz