A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Шара қорытындысы бойынша мақала

БЖЗҚ жастарға есiгiн ашты

2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ АҚ Ақмола облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетiмдi» атты Ашық есiк күнi өттi. Алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен бiрге жоғары сынып оқушылары мен студенттер арнайы шақырылды. Ақкөл қаласындағы қызмет көрсету орталығының бастығының мiңдетiң атқарушы Енкебаева Асель Болатовна атап өткендей, БЖЗҚ өскелең ұрпақтың арасында қаржылық сауаттылық пен зейнетақыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән бередi.

- «Қазiр зейнеткерлер зейнетақысының негiзгi бөлiгiн мемлекеттiк бюджеттен алатын болса, келешекте бүгiнгi оқушылар мен студенттердiң зейнетақы көлемi негiзiнен олардың өздерiнiң аударған жинақтарына байланысты болады. Сондықтан оларды мектеп табалдырығынан бастап зейнетақыны жоспарлауға үйретуiмiз керек», — дейдi филиал жетекшiсi.

Қор қызметкерлерi Ашық есiк шарасына келгендерге зейнетақы қызметтерi мен кеңес алу жолдары туралы айтып бердi. Сонымен қатар шараға қатысушылар қор қызметтерiне қалай жүгiнуге болатындығымен және кеңес алу жолдарымен танысты.

Зейнетақы қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгi Бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бiрi. БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсiлдерi мен қызметтердiң сапасын уақыт талабына сай дамытуға тырысады. Бүгiнде Қор қызметтерi елiмiздiң барлық тұрғындарына дерлiк қолжетiмдi.

Сонымен қатар көптеген қызмет түрлерi ЕНПФ сайты, egov.kz электрондық үкiмет сайты және биыл iске қосылған telegram-бот арқылы да қолжетiмдi. Салымшыларға кеңес беру үшiн 1418 нөмiрi бойынша байланыс орталығы жұмыс iстейдi. Толғандырған сұрақтарды Қор төрайымының блогына немесе әлеуметтiк желiлердегi парақшаларға жолдауға болады.

Қор өкiлдерiнiң айтуынша, электрондық тәсiлмен мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын есептеу жөнiндегi жеке зейнетақы шоттарын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы хабарлама алуға, деректемелердi немесе ЖЗШ жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлiн өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Сондай-ақ, Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердiң шамалас мөлшерiн есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы бар.

БЖЗҚ АҚ Ашық есiк күнiн екiншi жыл қатарынан тоқсан сайын өткiзiп келедi. Оған қатысушылар зейнетақы жүйесiндегi жаңалықтар мен өзгерiстер туралы бiлiп қана қоймай, жеке кеңес те ала алады. Осы уақыт iаралығында аталмыш шараға 30 мыңға тарта адам қатысты.

БЖЗҚ АҚ Ақкөл қаласындағы қызмет көрсету орталық

Мақаланың шыққан күні: 20.11.2018 17:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2018 10:13
Қаралым саны: 1430

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz