A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2020 жылғы 31 қаңтар БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының орташа сомасы тұрақты жарна аудару барысында 4 млн теңгеден асты

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылы атқарған қызметтерiн алдын ала қорытындылады

Мiндеттi зейнетақы жарналарын зейнетақы қорына 1998 жылдан берi тұрақты аударып келе жатқан салымшылардың шоттарындағы орташа жинақ сома ерлерде — 5,8 млн теңге, әйелдерде — 4,4 млн теңге. Бұл барлық салымшылардың шоттары бойынша алынған сан.

2019 жылдың қорытындысы бойынша салымшылардың МЗЖ есебiнен ашылған шоттарындағы жинақтардың орташа сомасы — 1,1 млн теңге (2018 жылмен салыстырғанда өсiм — 11%), МКЗЖ бойынша — 500,2 мың теңге (өсiм — 17%) және ЕЗЖ бойынша — 48,6 мың теңге болды.

2019 жылы БЖЗҚ-да белсендi салымшылардың саны — 6,6 млн адамды құрады.

Зейнетақы шоттарына жарналар орташа есеппен — 8,13 рет аударылды.

МЗЖ бойынша қалыптасқан жинақтардың орташа сомасы ерлерде — 1,2 млн теңге (жыл басынан бергi өсiм — 10%), ал әйелдерде — 942,2 мың теңге (жыл басынан бергi өсiм — 12%).

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 04.02.2020 15:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.02.2020 15:17
Қаралым саны: 822

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz