A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл-күйі: 2017 жылдың қорытындысы»

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жыл 15 қаңтар                                                                                                                Астана қ.

«Қазақстандықтардың әлеуметтiк көңiл-күйi: 2017 жылдың қорытындысы»

Орталық коммуникациялар қызметiнде «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының» (СТСЗО) 2017 жылғы Қазақстан халқының әлеуметтiк көңiл-күйi тақырыбында жүргiзiлген өлшеулердi қорытындылауға арналған баспасөз конференциясы өттi.

Республика аумағы бойынша 1600 респондент пен Демократиялық күштер коалициясының сарапшылары арасында өткен сұрау нәтижелерiн Орталықтың директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Юлия Кучинская және социологиялық зерттеулер бөлiмiнiң меңгерушiсi, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Салтанат Ермаханова таныстырды.

Кучинская Юлияның айтуы бойынша, аталған зерттеудiң өзектiлiгi, ол елде өткiзiлiп жатқан Үшiншi жаңғыру бағытында жетiстiкке қол жеткiзу және Президенттiң «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру жолында қоғамдық сананың жай-күйiнiң маңыздылығына негiзделген.

СТСЗО-ның блиц-сұрауына сәйкес, халықтың 71,3% Президенттiң Жолдауы туралы хабардар. Ендiгi мiндет — Жолдаудың мазмұнын барынша толық ашып, халыққа жеткiзу болмақ. Бұл орайда әлеуметтiң көңiл-күйiн түсiну маңызды.

Өткен жылдың төртiншi тоқсаны, сол сияқты 2017 жылдың ағымында Қазақстан халқының әлеуметтiк жағдайы жалпы алғанда жақсы деген көрсеткiшке ие (86,2% тұрғынның көңiл-күйi жақсы, 9% бойында бiр кернеу сезiнедi және 2,9%-ы ғана респонденттер үрей немесе қорқыныш күйiн сезiнедi).

Сауалнамаға қатысушылардың пiкiрi бойынша, соңғы үш ай iшiнде олардың өмiрiнде жағымсыз оқиғадан гөрi, жағымды оқиғалар 5,2 есеге артқан. Бұл қоғамдық көңiл-күйдiң жалпы көрiнiсiн бередi.

Өткен жылдың соңғы тоқсанында тұрғындардың көңiл-күйiне ең көп әсер қалдырған, ол елдiң әлеуметтiк-экономикалық ахуалының белгiлi бiр жағдайда жақсаруы, «ЭКСПО — 2017» Халықаралық көрмесiнiң сәттi өткiзiлу атмосферасы, Тұңғыш Президент Күнi және Тәуелсiздiк Күнi мерекелерiнiң атап өтiлуi, сондай-ақ, Қазақстанның тиiмдi әрi көп векторлы сыртқы саясаты.

Сонымен қатар, респонденттердiң өзiнiң жеке өмiрлiк деңгейi (59,4) және материалдық әл-ауқаты (66,9) секiлдi бағалау индекстерi жоғары деңгейге ие болса, сондай-ақ елдiң әлеуметтiк-экономикалық (49) және саяси жағдайының (72,5) бағалау индекстерi, әлеуметтiк жағдайға оңды көзқарас индексi (62,6) және дұрыс жүргiзiлiп жатқан саясатқа халықтың сенiмдiлiгi индексi де (75) тұрақты түрде жоғары көрсеткiштерге ие.

Бұл индекстердiң әрбiрi бойынша, жағдайға оң баға берушi респонденттердiң алатын үлестерi нашар баға берушiлерге қарағанда, 3-9 есе артық.

Бүкiл 2017 жыл көлемiндегi негiзгi индекстер жүйесiнiң көрсеткiштерi Қазақстан халқының әлеуметтiк көңiл-күйлерiнiң белгiлi бiр тұрақты оң бағаларын бiлдiредi. Қоғам болып жатқан оқиғаларға әрдайым байыпты қарауға дағдыланған.

Әрине, ел басшылығының саяси сала да, әлеуметтiк-экономикалық салада да дер кезiнде қабылдап отырған шешiмдерiнiң үлесi орасан. Олар ұлттық экономикалық өсiм қарқынының артуымен, Президенттiң мұның алдындағы Жолдауларында көтерiлген әлеуметтiк төлемдерiнiң көбеюi жүзеге асырылуымен, сондай-ақ ақпараттық-түсiндiру жұмыстары жүргiзiлуiмен нығайтылып отырады.

Елдегi әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың жақсара түсуiне және жеке игiлiгiнiң артатынына деген үмiт (әлеуметтiк оптимизм (62,6) және тұрғындардың жүргiзiлiп отырған саясаттың дұрыстығына деген сенiмi (75) индекстерi) қоғамда басымдық алып отырған көңiл-күй болып табылады.

Елдегi саяси жағдай бағасының индексi (72,5) Президенттiң жаңа Жолдаудағы азаматтық бейбiтшiлiк, ұлтаралық және конфессияаралық келiсiм «бiздiң басты құндылықтарымыз ретiнде қала беретiнi» туралы тұжырымымен керемет үйлесiп тұр.

Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры турасында былай дедi: Қазақстанда Үшiншi жаңғыртуды жүргiзудегi Елбасының саяси бағытын жүзеге асыруы үшiн керектi қолайлы әлеуметтiк алғышарттар бар.

Тұрғындардың ең өткiр мәселелерi үштiгiн материалдық проблемалар — азық-түлiк пен бiрiншi қажеттiлiктегi тауарлар бағаларының өсуi (67,9%), табыстың төмендiгi (30%) және коммуналдық қызметтiң жоғары тарифтерi (26,5%) бастайды. Бұл проблемалар тұрғындар үшiн ең жанға бататындары болып табылады.

Әлеуметтiк көңiл-күйдiң алты негiзгi индексi арасында экономикалық жағдайға баға беру индексi бәрiнен мәнi төменi болып келедi. Өкiнiшке орай, әлем конъюнктурасының Қазақстанның экспорттық тауарларына беретiн бағасы жақсарып, жалпы iшкi өнiмнiң жылдамдауы әзiрге тұрғындардың тұрмыс деңгейiнiң айтарлықтай көтерiлуiне тиiстi әсерiн тигiзе қойған жоқ.

Қоғамда Мемлекет басшысының экономикалық дамудың мейлiнше тиiмдi моделiн тездетiп жасау жөнiндегi тапсырмасын қолдаудың сұранысы күшейiп келедi.

Президент Жолдауында бұл сұраққа жауап бере отырып, тағы да былай деп атап көрсеттi: «Көл-көсiр мұнайдың» дәуiрi аяқталып келедi. Елiмiзге дамудың жаңа сапасы қажет. … ол, бiрiншi кезекте, Төртiншi өнеркәсiптiк революция элементтерiн кеңiнен енгiзуге негiзделуi тиiс».

Елде өзгерiстер қажеттiгiн бағалау кезiнде мынадай көрiнiс бой көрсетедi. «Кең ауқымды өзгерiстер» керектiгi туралы пiкiрдi сұралғандардың 40,4%-ы қолдайды, шамамен осыншалықты сұралғандар (37,2%) өзгерiстер керек, тек ол азын-аулақ болуы керек деп есептейдi. Сонымен қатар, бәрi бұрынғысынша қала берсiн, ешқандай өзгерiс керегi жоқ деп санайтындар да бар (олардың үлесi 8,9%).

Жұрттың қалың бұқарасының санасындағы мұндай өзiндiк дiңгек ахуалын өзгертiп, оны жаңғыру үдерiсiн жай бақылаушыдан белсендi қолдаушылар жағына өткiзу керек.

Қоғамдық сана мен әлеуметтiк көңiл-күйдегi аталмыш ахуал Президенттiң жаңа Жолдауына ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ескерiлуi тиiс.

Дата создания статьи: 15.01.2018 17:37
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2018 17:37
Қаралым саны: 474

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz