A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстандағы әлеуметтік жетімдік: мәселені шешудің заманауи тәсілдері

Қазақ қоғамына қазiргi таңда балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiмен жұмыс iстеудiң ескi әдiстерiнен ауысу қажет. Бұл әлеуметтiк жетiмдiкке жол бермеуге бағытталған әлеуметтiк қызметтер жүйесiн дамытуды талап етедi.

Бұл мәселенi Орталық Коммуникациялар Қызметiнде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң төрағасының м.о Ержан Ерсайынов, «Дара» қорының президентi Мәдина Бакиева, «Бала отбасында өмiр сүруi тиiс» ЖҚ жетекшiсi Шолпан Байболова, психолог және бала асырап алушы Елена Гендриксон, бала асырап алушы Марат Қабылбаев талқылады.

ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң мәлiметi бойынша Қазақстанда 27 мың жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Бұл елiмiз бойынша жалпы бала санының 0,5% құрайды. Оның iшiнде 21 мың бала (75%) қазақстандық азаматтардың қамқорлығымен асырап алынса, 6 мыңнан астамы (25%) жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 140 мекемеде тәрбиеленiп жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жетiм балалардың құқықтарын қорғау саласындағы басым бағыттар ұйымның отбасылық формаларының тәжiрибесiн кеңейтудiң құқықтық тетiктерiн әзiрлеуге бағытталған.

2016 жылы отбасылық құрылымның жаңа формалары енгiзiлдi, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасыларына асырап алғысы келетiн адамдардың республикалық деректер базасының жұмыс iстеу тәртiбi анықталды.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санын қысқартудың оң динамикасы байқалады. Мәселен, 2014 жылы олардың саны 6 мыңнан асса, 2017 жылдың басында бұл көрсеткiш 2 мыңға азайған.

Соңғы екi жылдың iшiнде жетiм балаларға арналған мекемелердiң саны 48-ге қысқарды (188-ден 140 дейiн). 4 мыңнан астам балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi асырап алудың (626 бала), патронат (696 бала), қамқорлыққа алудың (1145 бала) және өз туған ата-анасына (1862 бала) қайтарылуының арқасында отбасын тапты.

Сонымен қатар, соңғы 10 жылда аталмыш мекемелердiң тәрбиеленушiлерiнiң жалпы контингентi 10000 балаға (2007 жылғы 1 746-дан 2017 жылы 7236-ға дейiн) азайды.

Бұл жақсарту үрдiсiнiң оң нәтиже берiп жатқанына қарамастан,осы күнге дейiн балалардың отбасында тәрбиеленуiне толыққанды құқық беруге кедергi келтiретiн бiрқатар мәселелер баршылық.

Талдау нәтижелерi көрсеткендей, жыл сайын 900-ден астам ерлi-зайыпты ата-ана құқығынан айырылады, 3 мыңнан астам бүлдiршiн балалар үйiне түседi, 6 мыңға жуық бала бейiмделу орталықтарына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 40% бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк даму орталықтарына орналастырылады. Асырап алудан бас тартқаннан кейiн баланың балалар үйiне қайта оралуы сияқты жағдайлар да жиi орын алады (2014 ж.-250, 2015ж.-246, 2016 ж.-195).

«Бүгiнгi таңда бала асырап алу мәселесiнде заңды түрде бекiтiлудi қажет ететiн маңызды сұрақтардың бiрi ол — бала асырап алуға бел байлаған ата-аналардың арнайы дайындықтан өту мәселесi. Халықаралық тәжiрибе көрсеткендей, мұндай тәртiптi енгiзу жетiм балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған баларды асырап алуға шешiм қабылдаған отбасыларға көмек көрсетудiң құқықтық және ұйымдастырушылық механизмiнiң қалыптасуы мен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде үлкен көмек болады. Сонымен қатар, бұл арқылы бiз бала тәрбиелеуде пайда болған кедергiлердi уақытылы жойып, баланың интернаттық мекемелерге қайтарылуына жол бермейтiн едiк. Тағы бiр айта кететiн жайт, асырап алушы отбасыларды қолдау және дайындауға, өмiрлiк қиындықтарға душар болған отбасыларға арналған арнайы әлеуметтiк қызметтердiң стандарттарын әзiрлеу жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Бұл процестер қолданыстағы заңнамаға бiрқатар өзгерiстер енгiзудi қажет етедi», — дедi ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетiнiң төрағасының м.о Ержан Ерсайынов.

Бүгiнгi таңда ҚР-да әлеуметтiк жетiмдiктiң алдын алу мен болдырмау жұмыстарын мемлекеттiк емес ұйымдар жүргiзедi.

Шолпан Байболова мен Мәдина Бакиева қазақ қоғамында балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiмен жұмыс iстеудiң ескi әдiстерiнен алыстау керек деп есептейдi. Түрлi сыйлықтар ұсыну және концерттiк шараларды ұйымдастыру сияқты бiр реттiк акциялардың орнына демеушiлерге арналған балалардың әлеуметтендiрiлуiне, отбасын тауып, мамандық таңдауына көмектесетiн жүйелi жұмыс қажет.

«ҚР заңнамасында әлеуметтiк жетiмдiктiң алдын алу шаралары қарастырылмаған. Нақтырақ айтқанда, бала асырап алған отбасында болатын қиындықтарды, баланың отбасына үйрену мәселесi, оның қауiпсiздiгi мен құқығын қорғайтын шаралар қарастырылмаған. Осы сияқты күрделi жағдайларда әрқашан ерлi-зайыптыларды ата-ана құқығынан айыру туралы шешiм қабылданады. Ал, бұл автоматты түрде баланың отбасынан ажырап, керек емес институционализацияға әкелiп соғады. Бiз бүгiн осы кедергiлердi болдырмауды қарастыруымыз керек», — дедi «Бала отбасында өмiр сүруi тиiс» Жалпыұлттық Қозғалысының жетекшiсi Шолпан Байболова.

Жыл сайын 700 астам ата-ана ата-ана құқығынан айырылады. Нәтижесiнде 3 мыңнан астам бүлдiршiн балалар үйiне түседi.

2016 жылдың тамыз айынан бастап Отбасы және балаларды қолдау орталығы 234 бастапқы әлеуметтiк-құқықтық консультация өткiздi. Соның арқасында 105 отбасы құжат рәсiмдеп, 73 отбасы балалы болды, 80 отбасы психологиялық көмек алып, 88 отбасы ата-аналар мектебiне жазылды.

Балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiне жеке және топтық психологиялық көмек көрсетiледi: 23 бала балалар үйiне бейiмделдi, балалар үйiнiң 96 түлегiмен әлеуметтендiру жұмыстары жүргiзiлдi, 87 балаға психологиялық қолдау көрсетiлдi.

Бұдан басқа, 2017 жылдың тамыз айынан бастап заңды кеңестер ұсынатын заң қызметi құрылды. Орталық мамандары өтiнiш берген клиенттерге ғана емес, телефон арқылы хабарласқан азаматтарға да бастапқы құқықтық кеңестер бередi. Атап айтқанда, 2017 жылдан бастап өзектi жаңалықтардың бiрi — бала асырап алғысы келетiн ата-аналардың үмiткер ретiнде электронды тiркеуге тұрып, баланы жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың электрондық дерекқоры арқылы iздеу болды. Ал 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап ОҚКО-мен әлеуметтiк жетiмдiктiң алдын алуды көздейтiн және өмiрлiк қиындықтарға душар болған отбасылармен жұмыс жасайтын әлеуметтiк патронаж қызметi жұмыс бастады.

Әлеуметтiк жетiмдiктiң алдын алуды мақсат еткен тағы бiр жоба «Дара» қорымен және «Бала отбасында өмiр сүруi тиiс» ЖҚ жүзеге асырылып жатқан — «Тәлiмгер» жобасы.

Бүгiнгi таңда Астана, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларында 81 «бала-тәлiмгер» жұбы қалыптасты. 2017 жылы Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында кезектi Тәлiмгерлер мектебiнiң жұмыстары жүргiзiлдi. Нәтижесiнде 30 жаңа тәлiмгер бiлiктiлiгiн шыңдады. Тәлiмгерлiкке үмiткерлердi iрiктеу және оқыту жұмыстары жалғасуда.

Алматыдағы №2 Балалар үйi мен Астанадағы балалар үйiнiң базасында тәлiмгерлердi қолдау,балаларды дайындау және оңалту үшiн тиiмдi психологиялық қызметтер құрылды.

«Жобалардың нәтижесiнде тәлiмгерлердiң үш жылдан астам балалар үйiнiң бүлдiршiндерiмен араласып, өздерiнiң дайындықтарын көрсетiп жатыр. Бастапқыда жобаға қатысты терiс пiкiрлер болды. Көбi тәлiмгерлердiң уақытша екендiгiн, баламен бiраз ойнап кетiп қалатындығын айтатын едi. Алайда тәжiрибе көрсеткендей, бұл әдiстiң оң нәтиже берiп жатқанын байқауға болады. Балалар тәлiмгердi досы ретiнде қабылдап, балалар үйiнен кейiн де байланыс үзбейтiндiгiн көрсеттi.Биылғы жылы бiзде тәлiмгерi бар алғашқы түлектерiмiз де бар», — дедi «Дара» қорының директоры Мәдина Бакиева.

Сонымен қатар, Мәдина Бакиева балалардың кейде мекеме ауыстырған жағдайында немесе отбасын ауыстырған кездерде қорқыныш, мазасыздық сезiнуi мүмкiн дейдi. Ал, тәлiмгерлер осындай жағдайда баланың жаңа әлеуметтiк ортаға бейiмделуiне көмектесетiнiн алға тартты.

«Тәлiмгерлер қиын жағдайда балаларға өте маңызды көмек көрсетедi. Тiптi баспана мәселесi болсын. Мысалға, Алматы қаласында 10 бала тәлiмгерлерiнiң үйiне орналастырылды. Бұл баланың қайта балалар үйiн ауыстыруына жол бермейдi», — деп атап өттi Алматы қаласынан келген психолог-тәлiмгер Е. Гендриксон.

Естерiңiзге сала кетсек, «Отбасыларға қолдау көрсету орталығы» және «Тәлiмгер» әлеуметтiк жобалары «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтiк жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Мақаланың шыққан күні: 19.12.2017 19:35
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 19:39
Қаралым саны: 1002

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz