A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам

"Егемен Қазақстан", 2012 ж. 10 шiлде
Әлемнiң әмiршiсi — еңбек.
Тек еңбекпен ғана жемiс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек.
Елбасымыз баршамызды ел игiлiгi жолындағы еңбекке шақырады,
бүгiнде еңбек шешушi ұлттық фактор екенiн ұғындырады.
Елiмiз үшiн еңбек етейiк, ардақты ағайын!
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ
Әлеуметтiк жаңғыртудың жаһандық трендi

Қазақстан 20 жылдық шептi еңсердi.

Елiмiздiң алдынан жаңа перспективалар ашылды. Алайда, бiрнеше жылдан берi әлем мазасыз күй кешуде. Дағдарыс жаһандық деңгейде еңсерiлген жоқ және әлемдiк қоғамдастық қысымды турбуленттi жағдайда тұр.

Қазiргi әлем барлық плюстерiмен және минустерiмен төтенше деңгейде өзара байланысты болып отыр. Бұл — барлық елдер де есептесуге тиiстi шындық. Оның үлкен, орташа және шағын елдердiң бәрiне де қатысы бар.

Осының барлығы мемлекеттен кесiмдi әлеуметтiк саясат жүргiзудi талап етедi. Және маған әлеуметтiк мәселелердi әркез бақылауымда ұстап, оларға тұрақты түрде қайта оралуыма тура келедi.

Менiң назарымдағы басты мәселе — әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету.

Және бұл қажеттiлiк болып табылады, өйткенi, әлеуметтiк мәселелердi шешуге елiмiздiң барлық азаматтарының өмiрi мен күн сайынғы өзiн өзi сезiнулерi тәуелдi.

Тәуелсiздiк жылдарында Қазақстанда әлеуметтiк мемлекеттiң берiк iргетасы қаланды.

Қазақстан объективтi түрде орташа Еуропа елдерiнiң әлеуметтiк даму сапасы деңгейiне нақты жақындады.

Қазақстандықтардың өмiр үлгi-қалыптары тұрақты жоғарылауда. Бiрақ бiздiң азаматтарымыздың тұрақтылық пен игiлiк жемiстерiн қаншалықты тиiмдiпайдаланып келе жатқаны маңызды мәселе болып табылады.

27 қаңтарда мен Парламентте «Әлеуметтiк-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауымды жарияладым.

Қазақстанға экономикалық табыстар мен қоғамдық игiлiктердi қамтамасыз ету арасында тиiмдi тепе-теңдiк табуының өмiрлiк маңызы бар. Мен әлеуметтiк-экономикалық жаңғыртудың шешушi мiндеттерiн нақ осыдан көремiн.

Жолдау-2012-де мен Үкiметке нақты тапсырмалар бердiм, — және мемлекеттiк механизм жұмыс iстеп бердi.

Алайда, мен Жолдауымның орындалу қарқыны мен сапасына қанағаттанбаймын.

Әлеуметтiк мәселелердi «кейiнге» қалдыруға болмайды.

Ал бұл, өз кезегiнде, жаһандық дауылдарға қарсы тұра алу үшiн жаһандық тұрақсыздық жағдайында, жаңа ғасыр жағдайында, Қазақстан қоғамы қандай болуы керек деген сұрақтарға жауапты талап етедi.

Бiздiң жүзеге асырылмаған резервтерiмiз бен мүмкiндiктерiмiз неде? Әлеуметтiк саясат орнықты, жасампаз болуы үшiн тағы не iстеу керек?

Бүгiн өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдарында кеңiнен таралған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасының елесi айқын сезiледi.

Тұтынудың бұл идеологиясы бүлдiрушi болғанына бүгiн бүкiл әлем ерекше көз жеткiзiп отыр. Ол әлемнiң дамыған елдерiнде жаппай әлеуметтiк масылдықтуындатты және жаһандық дағдарыстың басты себептерiнiң бiрi болып табылады.

Тек бүкiл әлемде ғана емес, сондай-ақ тiптi дамыған елдерде жүзеге асырылуы мүмкiн болмайтын бұл жалған идеяға сындарлы балама табуға болады.

Және мұндай балама Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы болып табылады.

Бұл жерде ешқандай өзiндiк идеология ойлап шығарылмайды.

Ақыр аяғында, әлемдiк өркениеттiң барлық құндылықтары, барлық экономикалық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адамның еңбегiмен жасалады.

Сондықтан бiздiң әлеуметтiк жаңғырту саясатының негiзiне шынайы өндiрiстiк еңбектi қоюға тиiспiз.

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы көз жетпейтiн көкжиекте ойлап табылмаған.

Бұл — практикалық, прагматикалық идея. Ол маған тiптi етене жақын, өйткенi, мен қазақстандықтар жақсы бiлетiндей, өзiмнiң кәсiби жолымды «ақ саусақтар» секiлдi кабинетте де, паркетте де емес, жұмысшы-металлург ретiнде бастадым. Ал бұл, атап айтсам, нағыз кәсiп болып табылады!

Қанша жыл өтсе де, бұл еңбек мектебiн ұмыту мүмкiн емес.

Бүгiнде еңбек — ХХI ғасыр жағдайындағы шешушi ұлттық фактор ретiнде, жаһандық бәсекелестiк жағдайында, — алдыңғы кезекке iлгерiлетiлуi тиiс.

Бұл туралы жақында ғана мен Таразда, Өскеменде, басқа да өңiрлерде кездескен қарапайым қазақстандықтар айтады.

Еңбек адамының беделiн көтеру қажеттiгi туралы осы идеяларды мен қазақстандықтардың хаттарынан, сондай-ақ әлеуметтiк жаңғырту мiндеттерiне екпiн түсiрiлетiн менiң Жолдауым мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХIХ сессиясында сөйлеген сөздерiме Қазақстанның барлық бұрыштарынан келген үнқатулардан оқып жүрмiн.

Қазақстан қоғамындағы лайықты еңбек тақырыбы кең көлемдi пiкiрталас пен қолдау туғызды десем, артық айтқандық емес.

Жаңғырту үдерiстерiнде тәуекел бар ма?

Әлеуметтiк жаңғырту бүгiнде ықтимал сынақтар мен тәуекелдер туралы анық түсiнiк болуын талап етедi. Және мұны тек барлық деңгейдегi мемлекеттiк қызметшiлер ғана емес, сондай-ақ әлеуметтiк жаңғыртулар бағытталып отырған бүкiл қоғам, барша халық түсiнуге тиiс.

Бiрiншi. Бiз экономикалық және әлеуметтiк жаңғырту барынша синхронды жүруi тиiстiгiн ескеруiмiз қажет.

Жаңа өндiрiстер, бiлiм беру мен ғылымның жаңа жүйелерi, орта тапты дамыту, әлеуметтiк кепiлдемелердi кеңейту қазақстандықтар санасында үлкен өзгерiстер қалыптастыруы тиiс. Ал бұл әлеуметтiк қатынастың барлық жүйесiн дер кезiнде түзетудi талап ететiн болады.

Екiншi. Шетелдiк тәжiрибе көрсетiп отырғанындай, жаңғырту үдерiстерi азаматтар белсендiлiгiнiң күшеюiмен, олардың шығармашылық әлеуетiнiң ашылуымен қосарлана жүредi. Сондықтан, адамдардың өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын белсендi қорғауға деген ұмтылыстары кеңейiп, қоғамның өзiн өзi ұйымдастыру дәрежесi жоғарылайтын болады.

Үшiншi. Қазақстанда мемлекет — әлеуметтiк жаңғырту үдерiстерiнiң бастамашысы және басты қозғаушы күшi.

Бүгiнде қоғамда жалпы бiлiм беретiн мектептердегi тәрбие үдерiстерiн аса ерте кезеңнен бастап егу, мемлекет — шетсiз-шексiз донор емес, азаматтар әл-ауқатының өсуi үшiн жағдай туғызатын әрiптес деген ұстаным қалыптастыру маңызды.

Мемлекеттiң стратегиясы әлеуметтiк қорғаудан әлеуметтiк прогреске бағытымен құрылады.

Бұл масылдыққа жол жоқ дегендi бiлдiредi.

Тек осындай жағдайда ғана Қазақстан қоғамы патернализм инерциясын еңсере алады.

Төртiншi. Әлеуметтiк жаңғырту жолындағы айтарлықтай кедергi әлеуметтiк инфантилизм секiлдi кең тараған құбылыс болып табылады.

Оның негiзiнде 90-шы жылдардағы «жабайы капитализмнiң» өтпелi бастапқы кезеңiнде «жабысқан» еңбекке өңi айналдырылған, терiс көзқарас жатыр.

Бұл игiлiкке жетудiң алдамшы формуласы — «аз жұмыс iстеп, көп табу», «ауадан ақша жасау» және тағы басқаларды абсолютке көтердi.

Әлеуметтiк инфантилизммен зорайтылған дөрекi тоғышарлық жаңғыртудың тежегiшi болуға қабiлеттi.

Бесiншi. Қазақстандағы әлеуметтiк жаңғырту БЭК шеңберiндегi интеграциялық үдерiстер аясында жүруде.

Қазақстан тәуелсiз даму жылдарында әлеуметтiк саланы реформалаудың бiрқатар параметрлерi бойынша ТМД елдерiнiң алдын орап, өз әрiптестерiнен iлгерi озып кеттi. Бұл зейнетақы, банк, несие-қаржы жүйелерi, ТКШ, iшiнара бiлiм беру мен денсаулық сақтау, әлеуметтiк қорғау салаларына қатысты.

Бiз көп жағдайда масылдық деңгейiн төмендеттiк. Сондықтан Қазақстанға, әлеуметтiк реформалардың көшбасшысы ретiнде, өзiне бастамашылдық алып, бiздiң еуразиялық интеграция бойынша барлық әрiптестерiмiз үшiн тартымды болып табылатын әлеуметтiк жаңғыртудың бiртұтас моделiн жасау маңызды.

Жаңғырту саясатын құруда барлық сын-қатерлердi жай ғана есепке алып қоймай, жағдайды оңға қарай өзгерту бойынша шаралар қабылдау маңызды.

Әр адам мамандығы мен лауазымына қарамастан, өзiнен: мен бiрiншi кезекте өз басымдағы инерцияны жеңу үшiн не iстедiм? — деп сұрауы тиiс.

Әлеуметтiк жаңғырту: мақсаты, мiндеттерi, қағидаттары

Жолдау-2012 әлеуметтiк саладағы жаңғырту үдерiстерiне қуатты серпiн бердi. Алайда, iс жүзiнде әзiрше проблематикалардың ең үстiңгi «қабаты» ғана «ашылды». Осы себептi, олар одан әрi шешудi қажет етедi.

Сондықтан, әлеуметтiк жаңғыртудың барлық мемлекеттiк органдар басшылыққа алуы тиiстi барлық үдерiстерiн түсiнудiң бiртұтас пiшiнiн айқындау маңызды. Және бұл түсiнiк барша халыққа қолжетiмдi болуы тиiс.

Мен өзiмнiң болашақты қалай көретiнiммен бөлiсейiн.

Бүгiнде әлеуметтiк жаңғыртудың мақсаттары мен мәнi қоғамды жаңа индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы өмiрге дайындаудан, Қазақстанның үдемелi экономикалық дамуы мен қоғамдық игiлiктермен кең көлемдi қамтамасыз ету арасындағы оңтайлы тепе-теңдiктi табудан, құқық пен әдiлеттiлiк қағидаттарына негiзделген әлеуметтiк қатынастарды бекiтуден тұрады.

Жаңғырту үдерiстерi шеңберiнде қандай маңызды мiндеттердi шешу қажет? Бұл тiзiм құрғақ және ұзақ-сонар көрiнуi мүмкiн, бiрақ оны атап айтқан жөн.

● Жанжалды жағдайларды ескертудiң, реттеу мен шешудiң әдiлеттi заңдары мен нақты құқықтық нормаларын, сондай-ақ әлеуметтiк қатынастардың барлық жүйесiнiң қызметiн қабылдап, iске қосқан ұтымды.

● Қазақстандықтардың сапалы әлеуметтiк үлгi-қалыптары мен кәсiби бiлiктiлiгi жүйесiн, әсiресе экономикалық белсендi тұрғындардың арасында жасап енгiзу мiндетi тұр.

● Негiзiнде мемлекеттiң, жеке сектор мен кәсiби бiрлестiктердiң әрiптестiк механизмдерi болатын әлеуметтiк-еңбек қарым-қатынасының тиiмдi моделiнқұру маңызды.

● Қазақстандықтардың өмiрiнде өзiн өзi ұйымдастыру, оның iшiнде жергiлiктi өзiн өзi басқару органдары бастауын дамытып, азаматтардың әлеуметтiк бастамаларын жүзеге асыруда нақты тетiк болуы тиiстi азаматтық қоғам институттарын «заманалыққа айналдыру» керек.

● Қазақстан қоғамы өмiрiнiң ақпараттық құрамдасын бiршама жоғарылатып, Интернет-технологияның мүмкiндiктерiн азаматтарды ақпараттандыру, сондай-ақ мемлекет пен тұрғындардың тұрақты «керi байланысын» нығайту мәселелерiнде де кеңейту мiндетi тұр.

● Орта таптың үздiксiз өсуiне, инновациялық экономиканың басты қозғаушы күшi -креативтi таптың пайда болуы мен дамуына жағдай жасау маңызды.

● Масылдық пен әлеуметтiк инфантилизм секiлдi құбылыстарды еңсерiп, жеке адам мен бизнестiң жоғары жауапкершiлiгiне, барлық еңбек субъектiлерiнiң мемлекетке қатысты әрiптестiк өзара қарым-қатынасына негiзделген еңбек қызметi мен игiлiкке жаңа тартымдылық енгiзу қажет.

● Жаңғыртудың маңызды аспектiсi — Қазақстанда билiктiң барлық деңгейiндегi сарапшылар мен менеджерлердiң кәсiби корпусымен «тiгiнен» және «көлденеңiнен» құрылған әлеуметтiк үдерiстердегi тиiмдi мемлекеттiк басқару жүйесiн құру.

Мiне, барлық мемлекеттiк органдар осы мiндеттердi шешуге бағдарлануы тиiс.

* * *

Жаңғырту үдерiстерiнiң табыстылығы көп жағдайда оның қандай қағидаттар бойынша жүзеге асырылатынына байланысты болады.

Бiрiншiден, бұл ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ қағидаты.

Ешқандай да «алға озу» болмауы тиiс. Әлеуметтiк саладағы барлық өзгерiстер даму деңгейiмен Қазақстан экономикасының мүмкiндiктерiне сәйкесуi тиiс.

Жаңғырту үдерiстерiнiң алгоритмi кейiн қалған салаларды, өңiрлердi, әлеуметтiк топтарды қолда бар стандарттар мен әлеуметтiк даму көрсеткiштерiне «тартуға» арқаулануы тиiс.

Екiншiден, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШIЛIК қағидаты.

Әлеуметтiк жаңғыртудың барысы мен нәтижесiне жауапкершiлiктi тек мемлекет пен оның барлық басқару деңгейлерi ғана емес, сондай-ақ жекеменшiк құрылымдар, барлық қоғам бөлiсуi тиiс.

Жаңғыртудың табыстылығы үшiн әрбiр азаматтың өз Отанына пайдалы болуы өте маңызды. Жаңғырту барлық қазақстандықтарға қажет. Осындай түсiнiстiк жағдайында ғана кең көлемдi қоғамдық консенсус пен табысқа қол жеткiзуге болады.

Үшiншiден, ӘРIПТЕСТIК ҚАТЫСУ қағидаты.

Барлық жұмыс мемлекеттiң, бизнес пен азаматтың тығыз өзара iс-қимылы негiзiнде құрылуы тиiс. Бұл жерде билiктiң мiндетi — мемлекет, қоғам мен жеке адам мүддесiнiң рационалды тепе-теңдiгiн қамтамасыз ету.

Шынайы әдiлеттiлiк дегенiмiз, мiне, осы.

Әлеуметтiк әрiптестiктi белсендi дамыту, елдiң мемлекеттiк емес секторын, бiрiншi кезекте, әлеуметтiк саланы жаңғыртуға қатысуын кеңейту үшiн жағдай жасау маңызды.

Төртiншiден, ЫНТАЛАНДЫРУ қағидаты.

Мемлекет қазақстандықтар өз бетiнше өзiнiң өмiр сапасын жақсарта алулары үшiн жағдайлар жасауда. Мемлекеттiк әлеуметтiк қолдау адресаттарға олардың еңбек, шығармашылық және қоғамдық белсендiлiгiн оятуға бағытталып отыр.

Иә, мемлекет көмектеспеуге болмайтын жерлерге көмек қолын созатын болады. Бiрақазамат өзiнiң қолынан келетiн шаруаны өзi атқаруы тиiс.

Және бұл әдiлеттi болмақ!

Тағы да атап көрсетейiн, бүгiнде әлеуметтiк дамудың жаһандық трендi «ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫНА» өтуге барып тiреледi. Сондықтан адал еңбекке ынталандырудың жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесiн құру — Қазақстандағы әлеуметтiк жаңғыртудың аса маңызды мәселелерiнiң бiрi.

Бесiншiден, КӘСIБИЛIК қағидаты.

Барлық қабылданатын шешiмдер егжей-тегжейлi есептелiп, әлемдiк тәжiрибенi оқып-үйрену негiзiнде ғылыми дәлелденген ұтымдылық қаперге алына отырып қабылдануы тиiс.

Мiндеттер мен қағидаттарды нақ осылай түсiну әлеуметтiк жаңғырту үдерiстерiнiң негiзiне жатқызылғаны жөн.

Әлеуметтiк жаңғыртудың нақтылығы мен жүйелiлiгi

Әлеуметтiк жаңғырту бүкiл қоғамның, әрбiр қазақстандық отбасы мен әрбiр қазақстандықтың өмiрiне шынайы сезiнерлiктей оң өзгерiстер әкелуге бағытталған нақты қадамдарды талап етедi.

Әлеуметтiк жаңғырту «тiптен де мемлекет» үшiн жасалмайды, ол әрбiр нақты азаматқа қызмет етiп, пайда әкелуi тиiс.

Бүгiнде әлеуметтiк салаға әшейiн «түпсiз» қаржылық құюлар маңызды емес.

Қоғамдық қатынастардың, сондай-ақ жалған әлеуметтiк бағдарлардың тозған қабаттарынан өздерiн азат ету мақсатында заңнамалық, ұйымдастырушылық, көзқарастық, ақпараттық ықпал етудiң нақты шаралары қажет.

Жаңғырту егер, бiрiншiден, ол Жалпыұлттық тұжырымдама мен сәйкес жоспар арқылы жүзеге асырылатын болса және, екiншiден, тұтастай үдемелi индустриялық-инновациялық дамумен байланысты нақты экономикалық табыстарға негiзделген жағдайда ғана табысты болады.

Индустриялық-инновациялық дамудан тыс ешқандай жаңғырту мүлдем мүмкiн емес.

Мұны әркiм түсiнуi тиiс.

1-шi ТАПСЫРМА

Үкiмет «Нұр Отан» ХДП-мен бiрлесiп 2013 жылдың 1 сәуiрiне дейiн «Қазақстан-2030» стратегиясы ережелерi мен қазақстандық әлеуметтiк жүйе мен экономикалық жаңғырту мiндеттерi қоғамын бiрлесiп дамыту мәселелерiне қатысты басқа да стратегиялық құжаттарға арқа сүйейтiн 2030 жылға дейiнгi кезеңге арналған Қазақстан Республикасын әлеуметтiк дамытудың Жалпыұлттық тұжырымдамасы жобасын жасасын.

Қазақстандағы әлеуметтiк жаңғыртуды күн тәртiбiне бес негiзгi басымдықтар бойынша енгiзу қажет

1. Әлеуметтiк заңнамаларды жаңарту

Тәуелсiздiк жылдарында Қазақстанда әлеуметтiк заңнамалардың ауқымды арқауы құрылды.

Барлық маңызды салалар — бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, азаматтық қоғам институттарының қызметi және т.б. — арнайы заңнамалық актiлермен реттеледi.

Еңбек заңнамасы кодталған, құқық шеңберiнде тұрғындарды әлеуметтiк қорғау жүйесi жұмыс iстейдi. Сонымен қатар, әлеуметтiк-құқықтық жүйеде проблемалар да бар.

Қазақстанда қолданылатын әлеуметтiк заңнамалардың резервтерi жеткiлiктi деңгейде iске қосылмаған.

Мәселен, «Бiлiм беру туралы» Заңға сәйкес, мiне, елiмiзде 9 жылдан берi Бiртұтас ұлттық тестiлеу жұмыс iстейдi. Оны өткiзу қоғамда түрлiше бағалануда.

Жыл сайын БАҚ-тар лауазымды адамдар тарапынан да, сондай-ақ ҰБТ-ға қатысушылар тарапынан да бұзушылықтар орын алатыны туралы хабарлап жатады. Оның үстiне мәселенiң өткiрлiгi тек күшейе түсуде.

Мұндай жағдайдың себептерiнiң бiрi — тек министрлiк белгiлеген өткiзу ережелерi негiзiнде жүзеге асырылатын ҰБТ процедураларының әлсiз құқықтық реттелуiнде.

Сонымен бiр мезгiлде, ҰБТ өткiзу жөнiндегi комиссия жұмысына кедергi жасағаны, тестiлеу өткiзуге оқушылардың ата-аналары, педагогтар, лауазымды адамдардың араласқаны, тестiлеу кезiнде емтихан тапсырушыларға көмектесу мақсатында байланыс құралдарын пайдаланғаны және т.б. үшiн құқықтық жауапкершiлiк туралы ереже жоқ. Ал мұндай фактiлер бар екенi даусыз! Демек, мұндай жағдайды шешiмдi түрде түзету керек.

Басқа мысал: 2011 жылы даулар мен жанжалдарды соттан тыс қарауды қамтамасыз ететiн «Медиация туралы» Заң қабылданды. Алайда оның резервтерiн еңбек жанжалдарын сейiлту үшiн қолдануға болатындығына қарамастан, медиацияның жалпыұлттық жүйесiн құру жөнiндегi нақты шаралар әзiрге байқалмайды.

Жекелеген заңдар моральдық тұрғыдан ескiрген немесе көрнекiлiк қана сипаты бар. Осы жағдайға байланысты олар қоғамдық қатынастардың кейбiр салаларын тиiмдi реттей алмай отыр.

«Кәсiптiк одақтар туралы» Заң 1993 жылы қабылданды. Онда тiптi әлеуметтiк әрiптестiк туралы, ұжымдық шарттарды жасау мен орындау тетiктерi туралы түсiнiк те жоқ. Сондықтан Қазақстандағы кәсiподақ институттары еңбек дауларының алдын алу және шешудiң тиiмдi құралдарының рөлiн әр кездерi бiрдей атқара алмай келе жатқандығына таңқалуға да болмайды.

Жағдайды iштей жақсы түсiне отырып, мен мынаны айтқым келедi: жұмысшылар өздерiн лайықты сезiнулерi үшiн кәсiподақтар қозғалысы өз биiгiнде болуы тиiс.

2004 жылы қабылданған «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Заңға да көрнекiлiк сипаты тән. Бұл туралы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының соңғы сессиясы барысында жан-жақты айтқан болатынмын.

Жекелеген заң нормалары заң аясындағы құқықтық актiлердiң болмауына байланысты немесе олардың орындалуына бақылаудың жетiмсiздiгi салдарынан жұмыс iстемейдi.

Мәселен, Еңбек кодексiнде жаңа қабылданған қызметкерлер үшiн сынақ мерзiмi туралы норма бар. Алайда кейбiр кезде ол ешбiр қисынға сыймайтын жағдайға дейiн жеткiзiледi. Жоғары оқу орындарын бiтiрген жастар заңда белгiленген мерзiм iшiнде «сынақтан өтушiлер» есебiнде ешбiр еңбекақысыз жұмыс iстеп қана қоймай, сонымен бiрге, оларды тiптi шамадан тыс жұмысқа салу жағдайлары да жиi кездесiп қалады.

Оның үстiне сынақ мерзiмi аяқталғаннан кейiн 3-4 сынаққа алынушының бiреуi ғана штатқа кiргiзiлiп, қалғандары шетке қағылады.

Әсiресе, мұндай берекесiз тiрлiкке мемлекеттiк емес мекемелер мен жеке құрылымдар, соның iшiнде iрi банктердiң филиалдары көбiрек барады.

Бұл дегенiмiз бiздiң жастарымызды қанаудың бiр түрi емес пе!

Бiрақ мемлекеттiк еңбек инспекциялары еңбек заңдылығын осылайша айқын бұзудың бiрде-бiр оқиғасын аша алмай отыр.

Бұл тек жекелеген мысалдар ғана. Мен әрбiр әлеуметтiк сала өзiнiң заңдық базасының тиiмдiлiгiн арттыру үшiн елеулi резервтерге ие екендiгiне сенiмдiмiн.

Осыған орай тек қазiр ғана емес, сонымен қатар, орта мерзiмдiк перспективада да әлеуметтiк заңдарды олардың тиiмдiлiгiн анықтау мақсатында мұқият тексеру талап етiледi.

2-шi ТАПСЫРМА

Үкiмет Парламентпен және «Нұр Отан» ХДП-мен бiрлесе отырып 2012 жылдың соңына дейiн әлеуметтiк саладағы ұлттық заңдарға түгендеу жүргiзсiн және әлеуметтiк жаңғыртудың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес оны реформалаудың Тұжырымдама жобасын енгiзсiн.

Бұл жұмысқа барлық мемлекеттiк органдарды және өңiрлер әкiмдерiн қосу маңызды. Олар қолданыстағы заңдардың тиiмдiлiгiн күшейту және жаңа заңдарды жоспарлы әзiрлеу жөнiнде нақты ұсыныстарын енгiзуi тиiс.

Мәселен, жастар саясаты туралы жаңа заң аясында әлеуметтiк еңбек орындарында жас қазақстандықтар үшiн «әлеуметтiк лифтiлердiң» тетiктерiн құру маңызды. Бiз жастарға қатысты жәйттердi бетiмен жiбере алмаймыз.

Кәсiптiк бiлiктiлiктiң ұлттық жүйесi туралы заңдардың болуы талап етiледi.

Қазақстан қоғамын төменгi басты индикаторлары көрсетiлген әлеуметтiк стандарттар мен әлеуметтiк құқыққа кепiлдiктер туралы заң қажет.

Парламентке таяудағы сессиялар кезiнде неғұрлым қажет етiлетiн заңдық актiлердi қараған жөн болады. Мұнда жаңа заңдардың тиiстi мәселелердi кешендi шешуiн, олардың тiкелей әрекет етуiн, қазақстандықтардың күткен үмiттерiне сәйкес келуiн, халықтың өмiрiн қолайлы да ыңғайлы етуiн, бәрiне түсiнiктi де қолжетiмдi болуын ереже есебiнде басшылыққа алу керек.

Депутаттар өз жұмыстарын белсендi ете түсуге мiндеттi.

Және осылардың бәрiмен заңдарды жаңалау аяқталмайды. Төменде әлеуметтiк жаңғырту басымдықтары аясында нақты заң актiсi жөнiндегi басқа да тапсырмалар түйiнделген.

3-шi ТАПСЫРМА

Үкiмет Парламентпен және «Нұр Отан» ХДП-мен бiрлесiп 2012 жылдың соңына дейiн бесiншi шақырылған Парламенттiң бүкiл жұмыс кезеңiндегi заң шығармашылық жұмысының терең де жан-жақты қарастырылғанТұжырымдамалық Жоспарының жобасын әзiрлесiн және келiсуге енгiзсiн.

2. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарының тиiмдi модельдерiн қалыптастыру

Әлеуметтiк жаңғыртудың аса маңызды мәселесi болып әлеуметтiк-еңбек қатынастарының тиiмдi модельдерiн құру табылатындығы күмәнсiз.

Бұған барлық мемлекеттiк органдар мен бизнес-қауымдастық ерекше назар аударғаны жөн.

а) Жұмыспен қамту саласын дамыту.

Тәуелсiздiктiң екi онжылдығы iшiнде жұмыспен қамту саласы аса зор өзгерiстерге тап болды. Жұмыспен қамтылған халықтың саны 700 мыңнан астам адамға өсiп, 8,4 миллион адамға жеттi.

Халықтың елеулi бөлiгi 90-шы жылдары «мәжбүрлi жұмыссыздық мектебiнен өттi».

Көптеген адамдар еңбектi өз бетiмен ұйымдастыруға, еңбек бiлiктiлiгiн өз бетiмен алмастыруға қабiлеттiлiк көрсетiп, бизнесмендерге айналды. Әрине, олардың арасында мемлекет тарапынан мақсатты түрдегi қолдау құралдарын пайдалана бiлушiлер де болды.

Бүгiнгi күнi бiз индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру үстiндемiз.

Бұл — ел болашағы үшiн нөмiрi бiрiншi мәселе.

Жаңа жұмыс орындары құрылуда. Бiрақ бiз жұмыссыздардың барлығы бiрдей жұмыс iстеуге ұмтылмайтындығын да көрiп отырмыз. Өкiнiшке қарай, адамдар арасындажаңа бiлiктiлiктi меңгеруден гөрi базарда «такси» қызметiн атқаруды қалайтын психология сақталып отыр.

Егер бiз бәсекеге қабiлеттi ұлт болғымыз келетiндiгi рас болса, бұл психологиядан арылу қажет! Жаңа бiлiктiлiктi меңгеру және зауытқа, өндiрiске бару керек. Жас та және ересек те қазақстандық бос отырып, бәрiн де сынай бермей жұмыс бар жерге,НӘ-ПА-ҚА табатын жерге қарай ұмтылулары керек!

Басқа елдерде адамдар жұмыс үшiн алыстағы шет мемлекеттерге барып, ешбiр кепiлдiксiз еңбек етуде. Ал бiз өз елiмiзде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндiрiстер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек. Бiз былай да жинақы, көшiп-қонуды көп бастан кешкен халық емеспiз бе!

Жұмысы бар халықтың үштен бiр бөлiгiн «өзiн өзi еңбекпен қамтығандар» дейтiн топтар құрайды.

Алайда олардың санын анықтау тәсiлi шартты ғана.

Бұл санаттағылардың арасында мал ұстайтын жеке аула иелерi (былайша айтқанда, ұсақ фермерлер), өз автокөлiктерiмен жеке тасымал жасаушылар, бiрнеше пәтер ұстап, соларды жалға берушiлер бар. Өзiн өзi жұмыспен қамтығандардың елеулi бөлiгiн тұрақты жұмысы жоқ еңбекке қабiлеттi адамдар құрайды.

Сондықтан бүгiнгi күнi өзiн өзi еңбекпен қамтыған халықты нақты экономикағақосуға бағытталған шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Бұл шараларда инфрақұрылымдарды, Индустрияландыру картасындағы нысандарды дамыту перспективалары есепке алынуы тиiс.

Үкiметке индустриялық және инновациялық экономикалардың жаңа нысандарын өзiн өзi жұмыспен қамтыған халық неғұрлым көп шоғырланған өңiрлерде құру туралы мәселенi шешу керек.

4-шi ТАПСЫРМА

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 2013 жылдың 1 шiлдесiне дейiн:

- өзiн өзi еңбекпен қамтығандар тобындағы еңбекке қабiлеттi халықтынақты жағдайларды және жұмыспен қамту саласының перспективасын ескере отырып,жұмыспен қамтуға қарай ойыстырудың әдiстемесiн әзiрлесiн;

- өзiн өзi еңбекпен қамтыған халықты айқындау жөнiндегi жаңа әдiстеменi ескере отырып, жұмыссыздық деңгейiн айқындаудың әдiстемесiн жетiлдiрсiн.

Әлеуметтiк-еңбектiк қатынастардың барлық субъектiлерiнiң құқықтық сауаттылығын арттыру — жұмыспен қамту саласындағы қатынастарды жетiлдiру жөнiндегi жұмыстың маңызды бөлiгi.

Мен мынаны атап көрсеткiм келедi: еңбек адамы құқықтық мәселелерден тысқары қалуы тиiс емес.

Жұмысқа орналаса отырып, олардың барлығы өздерi қол қоятын әрбiр қағазғамән берiп, олардың маңызын түсiнулерi керек.

2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi жұмыспен қамтудың барлық салаларын құқықтық қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болды. Алайда көптеген сарапшылар кодекстiң қызметкерлердiң барлығы бiрдей түсiнулерi үшiн күрделi екендiгiн атап көрсетуде.

Бұл проблеманы шешу үшiн, бiрiншiден, жалдамалы жұмысшыларды құқықтық оқытуларды ұйымдастыру қажет. Бәлкiм, мұны жұмыс берушiлер есебiнен жүргiзуге болар. Екiншiден, кең көлемдегi үгiт-түсiнiк жұмыстарын жүргiзу, еңбек заңдарының негiздерiн түсiнiктi түрде баяндайтын түсiндiру материалдарын жариялау керек.

5-шi ТАПСЫРМА

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi:

- 2013 жылдан бастап қызметкерлердi Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының негiздерiне оқыту жүйесiн ұйымдастыру туралы мәселенi 2012 жылдың 1 желтоқсанына дейiн әзiрлесiн;

- Еңбек кодексiнiң негiзгi ережелерi және еңбек қатынастарын реттейтiн басқа да құқықтық актiлер жөнiндегi жалпыұлттық анықтамалықтардың бiрыңғай серияларын шығару мен таратудың, соның iшiнде интернет пен мемлекеттiк органдардың ресми сайттарының мүмкiндiктерiн пайдаланудың жобасын әзiрлесiн

b) Кәсiптiк бiлiктiлiктiң ұлттық жүйесi.

Әрбiр адам, соның iшiнде, әсiресе, жастар белгiлi бiр кәсiптiк саладан өз болашағын көргiсi келетiндiгiн мойындау қажет. Бұл — өте қалыпты жағдай. Өйткенi, адам өзiнiң қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биiкке қарай күш-жiгермен ұмтылады.

Сондықтан бiлiктiлiктiң ұлттық жүйесiн (БҰЖ) құру жөнiндегi барлық жұмыстарға барынша екпiн берiлуi қажет. Олар тек нормативтiк маңызға ие болып қана қоймай, сонымен қатар, әрбiр кәсiп үшiн «жол картасы» да болуы қажет.

БҰЖ әрбiр мамандық бойынша кәсiпқойлық лифтiнi «құрудың» мүмкiндiгiн бередi. Оның үстiне бiлiктi жұмысшылар ұлттық жүйеге енгiзiлуi тиiс.

БҰЖ-ды құру үшiн нормативтiк базаның негiздерi Еңбек кодексiне 2010 жылы енгiзiлген қосымшаларда қалыптастырылған. Алайда бұл үдерiстi жеделдету керек.

Қалыптастырылатын бiлiктiлiктiң ұлттық жүйесiнiң ең басты мәселесi мынада: БҰЖ аясында әзiрленген кәсiпқойлық үлгi-қалыптары оқу орындарында мамандар даярлау кезiнде қабылданатын бiлiм үлгi-қалыптары үшiн бағдар болуы тиiс. Кәсiпқойлық және бiлiм беру үлгi-қалыптарының арасында алшақтық болмауы керек.

Еңбек ресурстарының жалпы рыногын құруды көздейтiн Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк жағдайында үш елде бiлiктiлiктiң ұлттық жүйесiн құру жұмыстарын үйлестiру қызметiнiң маңызы зор.

6-шы ТАПСЫРМА

ҚР Үкiметi 2013 жылдың 1 шiлдесiне дейiн:

- 2020 жылға дейiнгi бiлiктiлiктiң ұлттық жүйесiн кезең-кезеңiмен әзiрлеуЖоспарын дайындап, қабылдасын;

- ЖОО-лар мен колледждер түлектерi үшiн бiлiктiлiктi бекiтудiң тәуелсiз жүйесiнқұру жөнiндегi жұмыстарды белсендiрек жүргiзсiн

с) Еңбек дауларының алдын алу, ескеру және реттеу

Бүгiнгi күнi Қазақстанда еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, ескеру және алдын алу тетiктерi жақсы дами алмай отыр.

Әрине, мүлдем кикiлжiңсiз қоғам болмайды, бiрақ бiз мұндай тәуекелдердi барынша азайтуға ұмтылуға мiндеттiмiз.

Бiрiншiден, бүгiнде өндiрiстегi еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен бақылау жұмыстарын күшейту қажет.

Еңбек жөнiндегi мемлекеттiк инспекция заңға сәйкес жұмыс берушiге бiр ай бұрын ескерте отырып, жұмысшының шағымы немесе жасалған жоспар бойынша бақылауды жүзеге асыра алады.

Мұндай тексеру жағдайында оның өткiрлiгi мен күтiлмегендiк мәнi төмендейдi. Әдетте, жұмыс берушi еңбек шарттарын сақтап отырған секiлдi әрекеттер жасап үлгерiп, тығырықтан шығып кетiп жатады.

Мұндай жағдай Қазақстан ратификациялаған ХЕҰ-ның «өнеркәсiп пен саудадағы еңбектi инспекциялау туралы» Конвенциясы талаптарына сәйкес келмейдi.

Нелiктен мен бұл проблема туралы айтып отырмын? Бұл — техникалық қана мәселе емес.Бұл — адамдар өмiрi!

Өйткенi, қауiпсiздiк талаптарын бұзу, тәртiптiң жоқтығы салдарынан туындайтын бақытсыз оқиғалардан нағыз еңбек жасындағы адамдар зардап шегуде. Ал олардың асырап отырған отбасылары, балалары бар. Сондықтан бұл iсте тәртiп орнату керек.

Екiншiден, бiзде әлеуметтiк-еңбек дауларын туындатқаны үшiн құқықтық жауапкершiлiк жағы жеткiлiксiз.

Көп жағдайда еңбек шарттарының әдейiлеп төмендетiлуi, өндiрiстiк үдерiстердiң тоқтатылуы, еңбекақының кешiктiрiлiп төленуi және осыған ұқсас басқа да жағдайлар әсерiмен мұны еңбек ұжымдарының өздерi туындатып жатады.

Сонымен қоса, не Еңбек, не Әкiмшiлiк, не Қылмыстық кодекстерде еңбек дауларын туындатқаны үшiн жұмыс берушiлер, жауапты және басқа да тұлғаларды жауапкершiлiкке шақыру баптары қарастырылмаған.

Жұмысшыға еңбекақыны дер кезiнде төлемегендiк секiлдi ереуiлге мәжбүрлеу айыбы 10-20 айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде болса, ал ұжымдық шарт бойынша мiндеттеменi орындамағандығы үшiн айып — 200-ден бастап 500 АЕК-тi құрайды.

7-шi ТАПСЫРМА

ҚР Үкiметi 2012 жылдың соңына дейiн мынандай ұсыныстарды әзiрлеп, ұсынсын:

- «Мемлекеттiк бақылау мен қадағалау туралы» Заңға және Еңбек кодексiне кәсiпорындарға тексеру жүргiзу бөлiгiнде ратификацияланған ХЕҰ Конвенциясына сәйкес өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы;

- Еңбек, Әкiмшiлiк және Қылмыстық кодекстерге еңбек дауларын әдейiлеп туындатқаны үшiн жауапкершiлiк жөнiндегi ереженi енгiзу туралы;

- әлеуметтiк өштесудi қоздырғандығы, ереуiлге мәжбүрлегендiгi, еңбекақыны дер кезiнде төлемегендiгi, ұжымдық шартты орындамағандығы және басқа да құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiктi күшейту туралы.

Үшiншiден, еңбек қатынастары саласындағы қарама-қайшылықтарды реттеудiң тиiмдi көп деңгейлi тетiктерiн құру қажет.

Еңбек дауларының негiзгi себептерi ретiнде екi мәселенi атап көрсетуге болады: бiрiншi — жұмысшылардың кәсiпорынды басқару мәселелерiнен шеттетiлуi, екiншi — даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеу тетiктерiнiң әлсiздiгi.

Мұнда кәсiпорындарда өндiрiстiк кеңестер әрекет ететiн бiрқатар дамыған елдердiң тәжiрибелерiн пайдалану керек.

Оларға жұмысшылар мен қызметкерлердiң, сондай-ақ кәсiптiк одақтардың өкiлдерi кiредi. Әдетте, оларда еңбек шарттарының жағдайы мен оларды жақсартудың көптеген мәселелерi шешiмiн тауып, жұмысшылардың әртүрлi әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелерi қаралып жатады.

Осы ретте жұмысшыларға кәсiпорындар мен компаниялардың миноритарийлерi «халықтық IРО», сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердiң шеттетiлуiн еңсеруге де ықпал ететiнiн атап көрсеткен жөн.

Қазiргi күнi «халықтық IРО-ны» тiкелей жүргiзу үдерiсi басталды, «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының акциялары сатылуда. Бұл мәселеде ешқандай бiр атүстiлiк болмауы керек.

ҚР Үкiметiне «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бiрлесе отырып, «халықтық IРО-ның» бiрiншi тәжiрибесiне кең көлемдi талдаулар жүргiзу, акционерлендiрiлетiн ұлттық компанияларға алдын ала тұрақты экономикалық және заңгерлiк аудит жүргiзудi қарастырып, олардың нәтижелерiн әлеуеттi миноритарийлерге жеткiзу мәселесiн шешу қажет.

Бүгiнгi күнi медиация құрылымы мен үдерiсiн, соның iшiнде оларды еңбек қатынастары саласында құру және пайдалану жөнiндегi жұмыстарды күшейту қажет.

Медиациялар құрылымын ұлттық және iрi жекеменшiк компанияларда құрған жөн. АҚШ-та, Австралияда және басқа да елдерде барлық даулардың үштен бiр бөлiгi соттың араласуына дейiн медиация үдерiстерi аясында реттеледi.

Мемлекет тарапынан қазiр даулар мен жанжалдарды, соның iшiнде әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласындағы даулар мен жанжалдарды соттан тыс шешудiң жүйесiн енгiзуге мүмкiндiк беретiн бастамашыл қадамдардың болуы маңызды.

8-шi ТАПСЫРМА

ҚР Үкiметi 2012 жылдың соңына дейiн:

- «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бiрлесiп, акционерлендiрiлген ұлттық компанияларға жүйелi түрде алдын ала экономикалық және заңгерлiк аудит жүргiзудi, олардың нәтижелерiн әлеуеттi миноритарийлерге жеткiзудi қарастыра отырып, «халықтық IРО-ның» тұңғыш тәжiрибесiне кең көлемдi талдаулар жүргiзетiн болсын;

- медиация институтын дамытуға бағытталған заң аясындағы құқықтық базаның

қабылдануын қамтамасыз етсiн;

- даулар мен жанжалдарды соттан тыс реттеудiң осы тетiктерiн дамыту мақсатындаМедиаторлардың ұлттық конференциясын өткiзуге бастамашылық етсiн.

Төртiншiден, кәсiптiк одақтар институттарын жаңғыртуды жүргiзу керек.

Мемлекеттiң еңбек қатынастарын жетiлдiру мәселелерiндегi негiзгi әрiптестерiнiң бiрi — кәсiподақтар. Сонымен бiрге ең iргелi кәсiподақ орталығы — Қазақстан кәсiптiк одақтар федерациясының (ҚКФ) қазiргi қызмет пiшiнi уақыт талабына сәйкес келмейдi, өйткенi ол «кеңестiк үлгiнiң» салалық қағидаты бойынша құрылған.

Кәсiптiк одақтар туралы тиiмдiлiгi төмен заңнама елеулi түйiндi мәселе болып табылады. Онда ұжымдық шарттар, тараптардың оларды орындауға жауаптылығы туралы қағидалар онша дәл баян етiлмеген.

Сондықтан қазiр кәсiподақтар қозғалысын, ең алдымен ҚКФ-ны, жаңғырту жөнiнде батыл қадамдарға баруға тура келедi.

9-шы ТАПСЫРМА

ҚР Үкiметi 2012 жылдың аяғына дейiн кәсiптiк одақтар туралы заңнаманы кешендi талдаудан өткiзсiн және оны өзгерту жөнiндегi заң жобасынжасасын.

3. Өмiр сапасының қазақстандық үлгi-қалыбы

Мен Қазақстандағы әлеуметтiк жаңғырту бәрiнен бұрын барлық қазақстандықтардың өмiр сапасын арттыруға, кедейлердiң санын азайтуға және әлеуметтiк дүбәралыққа жол бермеуге бағытталуы керек деген сенiмдемiн.

2020 жылға қарай экономиканың өсуi ғана емес, әлеуметтiк құрылымның ауқымды өзгеруi орын алатындықтан да бұл өте маңызды. Атап айтқанда, IЖӨ-дегi шағын және орта бизнестiң үлесi 40 пайызды құрайды. Еңбекпен қамтылу құрылымында бiлiктi мамандардың үлесi де 40 пайызға жетедi.

Басқаша сөзбен айтқанда, елде жаппай орта тап қалыптасуда.

Бүгiнде Қазақстанда өмiр сапасының белгiлi бiр әлеуметтiк үлгi-қалыптарын, соның iшiнде мемлекет кепiлдiк ететiндерiн де, белгiлеу үшiн тиiстi әлеует те, экономикалық алғышарттар да бар.

Бұл орайда мен әрбiр қазақстандық өзiнен бастауы керек: өзiнiң үйiнен, қаласынан, ауылынан бастауы, өзiнiң денсаулығы мен өмiр сүру салты туралы ойлануы керек екенiн баса айтқым келедi. Мұнсыз ешқандай жаңа өмiр сапасы орнамақ емес.

Әрбiр ауыл мен қала тазалықтың, көркеюдiң, тәртiптiлiктiң үлгiсiне айналуы керек. Қолда барды сақтап, көбейте беру үшiн әрбiр қазақстандық еңбекқор әрi құнтты қожайын болуы жөн.

Әйтпесе, мысалы, Еуропа неге бай тұрады? Өйткенi ондағылар атам заманнан берiқұнттылық өнерiне үйренген. Ал бiзде болса әйтеуiр көз қылып жүре бергiлерi келедi. Мұндайда құнттылық қайдан болсын!

Әлеуметтiк дүбәралыққа жол бермеу және өмiр сапасын ұдайы арттыру үшiнәлеуметтiк үлгi-қалыптар мен кепiлдiктер туралы тиiстi заңнаманы жасау жөн.

Мұндай заң ең алдымен өмiр сапасының негiзделген ең аз түйiндi өлшемдерi мен көрсеткiштерiн қамтуы керек, оған жалақының, зейнетақы мен жәрдемақылардың деңгейi, кепiлдi медициналық қызметтiң ауқымы, әр қазақстандыққа шаққандағы төменгi тұтыну кәрзеңкесiн қалыптастыру тетiгi, тағы басқалары қосылуы жөн.

Өмiр сапасының қазақстандық үлгi-қалыбы барлық жерде — iрi қалада да, алыстағы ауылда да орындалуға тиiс.

Әлеуметтiк үлгi-қалыптың өлшемдерiн орындау үшiн отандық бизнестiң ғана емес, Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетелдiк бизнестiң де жауапкершiлiгiн арттыру керек.

Заң шығарушылар бұл үшiн тиiстi құқықтық шек-шеңбер жасауы қажет. Бизнестiң жекеше түрi өзiнiң «заңдарын» белгiлеуге құқық бермейдi. Сондықтан да лауазымды тұлғалардың, жұмыс берушiлердiң бұл үлгi-қалыптарды сақтау үшiн жауапкершiлiк деңгейiн заң жүзiнде айқындау маңызды.

10-шы ТАПСЫРМА

ҚР Үкiметi 2013 жылдың 1 шiлдесiне дейiн мәселенi егжей-тегжейлi зерттеп, ең төменгi әлеуметтiк үлгi-қалыптар мен кепiлдiктердi енгiзу жөнiндеұсыныстар әзiрлесiн.

а) Тұрғын үй жағдайының үлгi-қалыптары: қолжетiмдiлiк пен жайлылық.

Тұрғын үй, үй, пәтер — әрбiр қазақстандық үшiн бiрiншi дәрежелi мәселе, мұның өзi жеке бастың өмiрi мен отбасындағы жақсы ауанның сенiмдi негiзi, бұларсыз әл-ауқат пен өнiмдi еңбекке атымен қол жетпейдi.

Сондықтан менiң тапсырмам бойынша қазiрдiң өзiнде «Қолжетiмдi тұрғын үй — 2020» және «ТКШ-ны жаңғырту» атты жаңа ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Жалдамалы тұрғын үй нарығын дамыту мақсатында заңнаманы жетiлдiру маңызды.

Мемлекеттiк тұрғын үй жалдамалық қорын басқару жөнiндегi мамандандырылған компаниялар құруды ынталандыру, сондай-ақ бiрүлгiлi келiсiмшарттар жасау жолымен ұзақ мерзiмдi жалгерлердiң құқын қамтамасыз ету керек. Жалгерлiкке қатысты шарттардың бәрi мөлдiр әрi түсiнiктi болуға тиiс. Жалға берiлетiн тұрғын үй алуға құжаттар жинау iсiн оңтайландыру маңызды.

Жеке тұрғын үй құрылысының көлемiн әсiресе болашағы бар қалалық агломерациялар, моноқалалар айналасында өсiру үшiн жаңа серпiн қосар тетiктер қажет.

Бұл iсте жеке үй салып алғысы келетiн және оған шамасы жететiн адамдар үшiн салықтық жеңiлдiктер, несие берудiң жеңiлдетiлген шарттары енгiзiлуi мүмкiн.

Тұрғын үй құрылысына үлестiк салымдарды сақтандыру жүйесiн жасап, барынша дамыту қажеттi болып көрiнедi.

ТКШ-ны жаңғырту аясында коммуналдық сектордың желiсi мен нысандарының ахуалы жөнiндегi бiртұтас жалпыұлттық мәлiметтер базасын қалыптастыру маңызды. Әр өңiрде коммуналдық желiлердi жаңғырту жөнiндегi жоспарлар жасау қажет.

Әкiмдер бұл жұмысты ұдайы бақылауда ұстауға тиiс. Сумен қамтамасыз ету мен су арналарының, электр қуаты мен жылу берудiң, сондай-ақ басқа да коммуналдық қызметтердiң кепiлдi үлгi-қалыптарын жасап, енгiзу керек.

ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасына «тиiмдi меншiк иесiн» қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды қосу қажет.

Әрбiр пәтер иесi үйлердi басқару iсiне нақты қатысып, осы Бағдарламадан пайда көретiндей болуы маңызды.

11-шi ТАПСЫРМА

ҚР Үкiметi 2012 жылдың соңына дейiн жалдамалы тұрғын үй нарығын одан әрi дамыту және жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру жөнiндегi ұсыныстарды талдап-жасасын және енгiзсiн.

b) Бiлiм беру жүйесiн жаңғырту жөнiндегi бұдан былайғы қадамдар.

Бiлiм беру жүйесiне Қазақстан тұрғындарының үштен бiр бөлiгiндейi тартылған. Мұндағы ең маңыздысы бiздiң балаларымыздың нақ осы бiлiм беру жүйесiнде өсетiнi, қалыптасатыны және есейетiнi. Бұл әрбiр отбасын толғантады.

Сондықтан да бүкiл жаңғырту үдерiсiнiң табысқа жетуiнiң түйiндi факторы ұлттық бiлiм беру жүйесiн жаңартудың табысты өтуi болып табылады.

Қазақстандағы бiлiм беру жүйесiн жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүргенi көкейге қонымды:

1. бiлiм беру мекемелерiн оңтайландыру;

2. оқу-тәрбие үдерiсiн жаңғырту;

3. бiлiм беру қызметтерiнiң тиiмдiлiгi мен қолжетiмдiлiгiн арттыру.

Оңтайландыру аясында бiлiм берудiң үздiксiз көлбеуiн нығайту қажет. «Жасқа қарайғы» бiлiм берудiң тұтас лифт сияқты мектепке дейiнгi, бастауыш, орта, кәсiптiк, жоғары және жоо-дан кейiнгi барлық түрлерiнiң өзара қисынды байланысын қалпына келтiру маңызды.

Бұл орайда жеке және мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi ұсынатын бiлiм беру қызметтерiнiң арасындағы елеулi алшақтыққа жол беруге болмайды.

Бiлiм беру жүйесi жалпыұлттық күйiнде қалуға тиiс.

Бiрiншiден, орта бiлiм беру жүйесiнде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнiнде шаралар атқару қажет.

Екiншiден, мемлекеттiк бiлiм беру үлгi-қалыптарының жеке мектептерде, колледждер мен жоо-ларда, соның iшiнде халықаралық жоо-ларда да сақталуына бақылауды жолға қою қажет.

Үшiншiден, жоо-ларды оңтайландыру үдерiсiн жүргiзу маңызды. Қазақстанда 146 жоғары оқу орны бар. Олардың талайы маман тәрбиелеп шығарудың қажеттi сапасын қамтамасыз ете алмайды.

Үкiмет Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесе отырып, қазақстандық еңбек нарығын Бесжылдық Жалпыұлттық Болжаудыталдап-жасауды және жариялауды тәжiрибеге енгiзуге тиiс. Мұндай құжат мамандық таңдауда қазақстандық мектеп бiтiрушiлер үшiн жол көрсеткiш болады.

Сондай-ақ қазiр жұмыс iстеп тұрған барлық жоо-ларды тексерiстен өткiзiп, қорытындысы бойынша олардың санын бiрiктiру немесе жекелеген мекемелердi тарату жолымен оңтайландыру керек.

Төртiншiден, дуальды кәсiби бiлiм берудi дамыту маңызды. Жаппай мамандықтар кадрларының жетiспеушiлiгiн еңсеруге мүмкiндiк беретiн осы заманғы қолданбалы бiлiктiлiк орталықтары қажет.

12-шi ТАПСЫРМА

1. ҚР Үкiметi жоо-лардың санын оңтайландыру және кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз етпейтiн бiлiм беру мекемелерiнiң лицензияларын қайтарып алу жөнiндегi жұмысты жалғастырсын.

2. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесе отырып, 2014 жылдан бастап еңбек нарығын дамытудың бес жылдық болжауларын талдап-жасауды қамтамасыз етсiн.

Бүгiнгi таңда қазақстандық бiлiм беру жүйесiнде оқу үдерiсiнiң практикалық жағына жеткiлiктi көңiл бөлiнбейдi, оқушылардың жеке ерекшелiктерi нашар ескерiледi.

Балалардың, жасөспiрiмдер мен жастарды олардың есеюi мен табысты әлеуметтенуiнiң дара мiндеттерiн шешуге бағыттайтын рухани-парасаттылық тәрбиесiнiң тәсiлдерi жеткiлiксiздiгi жөнiндегi мәселе күн тәртiбiнде өткiр тұр.

Iс жүзiнде бүкiл оқу-тәрбие үдерiсi ескiрген әдiстемелерге негiзделген. Оқу-тәрбие үдерiсiнiң тарихи бiлiм сынды маңызды iсi жеке тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуы мiндеттерiн шешуге атымен бейiмделмеген. Нақтылық мынада, оқушылар Қазақстан тарихы пәнiн «зерiктiрерлiк», «қызықсыз», «бытысқан» пән деп санайды.

2012 жылы «Алтын белгi» медалiн алуға үмiткерлердiң талайы нақ осы отандық тарих жөнiндегi «өкiнiштi» сұрақтардан «омақасқаны» көп жайды аңғартады.

Мектеп курстарында көбiне көп кеңестiк бiлiм беру жүйесiнiң сарқыншақтары сынды әскери дайындық, өмiр қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету негiздерi бағдарламалары бар.

Сонымен бiрге, оқушыларға қазiрдiң өзiнде қажеттi инновациялық курстар жоқ.

Мысалы, өте көкейкестi болып табылатын «Қазақстан құқығы» (оның болмауы жастардың құқықтық нигилизмi мен сауатсыздығына соқтырады), «Өлкетану»(туған жерге махаббат отаншылдықтың негiзi ғой), жеке табысқа жетудiң, жеке тұлғаның әлеуметтенуiнiң әдiстемесi сынды «Акмеология» сияқты пәндер қайда?

Олардың жоқтығы жастардың едәуiр бөлiгiнiң әлеуметтiк инфантилизмiне, ересек өмiрге бейiмделе алмауына, басқа да келеңсiздiктерге ұрындырады.

Жастардың бiр бөлiгi дiни секталардың, экстремистердiң, есiрткiге құмар және қылмыстық топтардың «оңай олжасына» айналады. Мұның бәрiнiң басты себебi -әлеуметтiк инфантилизм, өзiнiң өмiрi мен өз отбасының әл-ауқаты үшiн өзi жауап бере алатын ересек әрi кемел азамат болуға шамасы жетпеушiлiк.

Сондықтан бүгiнгi таңда оқу-тәрбие үдерiсiн түбiрiнен өзгерту маңызды.

Бiлiм беру қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгi мәселесi көкейкестi күйiнде қалуда.

Бұл орайда қосымша бiлiм берудiң интерактивтi түрлерiн дамыту қажет.

Алайда, менiң интерактивтi бiлiм берудi дамыту жөнiндегi алға қойған мiндетiм, өкiнiшке орай, тар мағынада түсiнiлiп, солай жүзеге асырылуда. Интерактивтi тақталарды пайдаланумен интерактивтi бiлiм беруге қол жеткiзе салмаймыз.

Бүгiнгi таңдағы онлайн-бiлiм беру ұстаз бен шәкiрттердiң тiкелей Интернет-араласуы режiмiнде де, арнайы жасалынған интерактивтi оқу бағдарламалары мен ойындар түрiнде де өтетiн факультативтiк интерактивтi курстарды ұйымдастыруды қамтуға тиiс.

«Онлайн-ұрпақтың» Интернетке табиғи ұмтылысын бiз, интерактивтi олимпиадалар, оқу турнирлерiн тағы басқаларды ұйымдастырып, пайдалануға және жағымды арнаға бағыттауға тиiспiз.

«Болашақ» бағдарламасына елдiң барлық өңiрлерiнен, әсiресе, ауылдық жерлерден талантты жастардың қолы жетуiн кеңейту

маңызды мәселе болып табылады.

13-шi ТАПСЫРМА

ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi:

- 2013-2014 оқу жылынан бастап жалпы бiлiм беретiн мектептердегi оқу үдерiсiнде бiлiм берудiң интерактивтi түрлерiн пайдалануды кеңейтудi және онлайн-оқытудың арнаулы оқу бағдарламаларын енгiзудi көздесiн;

- Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарларын, оқулықтар мен оқу құралдарын талдаудан өткiзсiн, оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудың мазмұны мен пiшiнiн өзгерту жөнiнде iс-шараларды жүзеге асырсын;

- орта, техникалық және кәсiптiк, жоғары оқу орындарында «Акмеология, жеке және әлеуметтiк табыс негiздерi», «Қазақстан құқығы», «Өлкетану» сияқты мiндеттi оқу курстарын енгiзу жөнiнде ұсыныс жасасын.

с) Денсаулық сақтауды жаңғырту және саламатты өмiр салты

Әрбiр қазақстандық үшiн басты құндылық — өзiнiң денсаулығы.

Сондықтан да Тәуелсiздiктiң барлық жылдарында мен халық денсаулығына бөлекше көңiл бөлiп келемiн. Бұл тақырып қашанда менiң бақылауымда.

Осының арқасында 700-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары тұрғызылды, медициналық жабдық паркi жаңартылды. «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Кодекс қабылданды, «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттiк бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Кейiнгi 10 жылда бала туу 25 пайызға өстi, тұрғындардың жалпы өлiмi 11 пайызға азайды.

Осы уақыт iшiнде денсаулық сақтау саласының қаржыландырылуы 10 еседен артық (2002 жылғы 1,9 пайыздан 2011 жылы IЖӨ-нiң 3,1 пайызына дейiн) өстi.

Елде жоғары медициналық технологияны дамыту үшiн барлық жағдай жасалуда. 2011 жылы жүрекке 8 мыңнан астам ота жасау жүзеге асырылды. 180-ге жуық телемедициналық орталық жұмыс iстеп тұр.

Сонымен бiрге тек 2011 жылдың өзiнде 2 мыңнан астам азамат медициналық көмектiң сапасына, өңiрлерде кепiлдi тегiн медициналық көмек көрсету ережелерiнiң бұзылуына қатысты арыз-шағым жасады.

Емделушiлердiң жарақат алуына, өмiрден өтiп кетуiне соқтыратын дәрiгерлiк қателiк жағдайлары, осы мәселе бойынша сотқа жүгiну кездеседi.

Жергiлiктi атқару органдарының денсаулық сақтаудың тиiмдi саясатын жүргiзу үшiн жауапкершiлiгiн арттыру, дәрiгерлiк қателiк кездескен жағдайда құқықтық және қаржылық көмектi қамтамасыз ету шараларын ойластыру керек.

Екiншi жағынан, адамдардың өздерiнiң денсаулығы үшiн жауапкершiлiгi деген мәселе де бар. Егер қазақстандықтар, әсiресе, ер кiсiлер, уақытында емделсе олардың орташа өмiр жасы ұзарар едi. Алайда, көптеген адамдар өз денсаулығынажүрдiм-бардым қарайды, iс жүзiнде денi сау болуға құнт жасамайды.

Өзiнiң жеке басының денсаулығын алдымен адамның өзi ойлауы керек.Егер денсаулықты ойлау әр отбасының шаруасы болса, онда мемлекет жүзеге асырып жатқан қадамдар әлдеқайда тиiмдi шығар едi.

Жаңғыртудың перспективалы мәселесi — қамсыздандыру медицинасының денсаулық үшiн жауапкершiлiктi үш тарап: адам, жұмыс берушi және мемлекет бөлiсетiндей түрiн дамыту.

Елде емдеу құралдарының сонша көп санын тiркеп отыру түйткiлдi мәселеге айналды. Тұрғындардың «емдiк» сауаттылығын арттыру жөнiнде шаралар кешенiн жүзеге асыру керек.

14-шi ТАПСЫРМА

ҚР Үкiметi:

2013 жылдың 1 шiлдесiне дейiн, егер медицина қызметкерi тарапынан салақтықпен немесе жүрдiм-бардым қарау болмаса, азаматтың денсаулығына нұқсан келтiргенi үшiн дәрiгерлердiң кәсiби жауапкершiлiгiн мiндеттi түрде қамсыздандыруды енгiзу жөнiндегi мәселенi талдап-зерттесiн;

2012 жылдың аяғына дейiн, емдiк құралдарды пайдалануға қатысты тұрғындардың хабардарлығы деңгейiн арттырудың пәрмендi тетiктерiн енгiзсiн. Әрбiр қазақстандық саламатты өмiр салтынсыз, тамақты тарта iшпейiнше, қимыл-қозғалыссыз және спортсыз ұзақ өмiр сүру мүмкiн емес екенiн бiлуге тиiс.

Бұл — өмiрдiң ащы шындығы. Егер бiз Қазақстандағы орташа өмiр жасы Еуропадағыдай болғанын қаласақ, онда өзiмiздiң денсаулығымыз туралы ойлануға тиiспiз.

Әрбiр елдi мекенде, соның iшiнде ауылдық жерлерде, сондай-ақ әрбiр мекеме мен кәсiпорында белсендi демалысты, дене тәрбиесi мен бұқаралық спортты дамыту үшiн бiрте-бiрте жағдай жасау жөн. Елдiң оқу орындарында дене тәрбиесiнiң оқудан тыс сабақтары мен секцияларын кеңейту керек.

15-шi ТАПСЫРМА

- ҚР Үкiметi 2012 жылдың соңына дейiн оқушылар үшiн оқудан тыс спорт секцияларын бюджеттiк емес қаржы көздерiнен қаржыландырудың тетiктерiн енгiзудi қамтамасыз етсiн;

- Қазақстан Үкiметi Спорт және дене тәрбиесi iстерi жөнiндегi агенттiкпенбiрлесе отырып, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс жүйесi арқылы үкiметтiк емес ұйымдармен, қоғамдық бiрлестiктермен әрiптестiктiң жаңа түрлерiн талдап-жасасын.

Қазақстандық жанкүйерлер елiмiздiң Континенттiк хоккей лигасына қатысуын ықыласпен қабыл алды.

Астаналық «Барыс» командасының әрбiр ойыны жұртшылықтың зор қызығушылығын туғызуда. Балалар хоккейге бүкiл сыныбымен келетiн болды.

Бұл практиканы спорттың басқа түрлерiне де орайластырып кеңейту керек.

Қазақстандық командалардың шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына қатысу мүмкiндiгiн зерттеу қажет. Мәселен, футболда.

Бiрақ, ең бастысы, тағы да қайталаймын — адамның өзiнiң өз денсаулығы мен тұрмыс салтына деген жеке көзқарасы.

Бұл жерде ешкiмдi мәжбүрлеу мүмкiн емес. Бұл саналы ойластырылған жеке таңдау болуы тиiс.

Бүгiнде сол сияқты Ұлттық лотереяны дамыту жүйесiнiң жаңа тиiмдi моделiн ұсыну қажет.

16-шы ТАПСЫРМА

1. Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi:

- Ұлттық лотереяны дамыту жүйесiнiң жаңа тиiмдi моделiн ұсынсын;

- қазақстандық командалардың шет елдер чемпионаттарының жоғары лигаларына (спорттың әр түрi бойынша) қатысуын ұлғайту жөнiнен ұсыныс енгiзсiн.

2. Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi Мәдениет және ақпарат министрлiгiмен бiрлесiп мамандандырылған спорттық теледидар арнасын құру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

3. Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi Бiлiм және ғылым министрлiгiмен бiрлесiп Алматыда өтетiн қысқы Универсиада-2017 қарсаңында студенттiк және балалар мен жасөспiрiмдер спортын дамыту және студенттер мен жасөспiрiмдер клубын құру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.

d) Халықты әлеуметтiк қорғау және бейiмдеу жүйесiн дамыту.

Қазақстандықтардың өмiр сүру ұзақтығын арттыру, демек — зейнет жасындағы, бiрақ еңбекке қабiлеттi жастағы адамдар санын арттыру денсаулық сақтауды дамытудың нақты нәтижесi болып табылады.

Бүгiнде бiрқатар елдер зейнетақымен қамтамасыз етуде зейнеткерлiк жастың деңгейiн ұлғайту бағытындағы көзқарастарды қайта қарастыруда.

БЭК-ке мүше елдерде зейнетақы жасының бiр-бiрiмен сәйкеспейтiндiгiне назар аудару қажет.

Халықтың әлеуметтiк әлсiз топтарына жататын азаматтарды әлеуметтендiру тетiгiн дамыту қажет.

Бұл, бiрiншi кезекте, мүгедектер мен мүмкiндiгi шектеулi адамдар, көп балалы отбасылар мүшелерi, зейнет жасындағы адамдар және т.с.с.

Сонымен бiрге, негiзгi көзқарас мемлекет қамқорлығы емес, осы азаматтардың өздерiне, өздерiнiң әлеуметтiк пайдалы еңбекке жарамдылығына деген сенiмге ие болуларына көмектесетiндей жағдай жасау.

Бұл тұрғыда арнайы заңнама, мәселен, әлеуметтiк жұмыс орындары туралы заң қажет.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп жүрген көп балалы отбасылар мен әйелдерге қолдау көрсетудiң өбектеусiз жүйесiн құрудың маңызы зор.

Ал бiзде кейбiр «қушыкеш» жұмыс берушiлер әйелдердi жұмысқа қабылдаған кездебiрден екi өтiнiш алады — жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы, егер жүктi бола қалса деген оймен. Бұл масқара!

17-шi ТАПСЫРМА

1. ҚР Үкiметi 2012 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн:

- «Нұр Отан» ХДП-мен бiрлесiп «Әлеуметтiк жұмыс орындары туралы» арнайы заңды әзiрлеу туралы мәселенi қарастырсын;

- екi ай мерзiм iшiнде ҚР Президентi жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссиямен бiрлесiп ата-аналардың балаларының балабақшаларда болуын төлеу жөнiндегiшығындарының, олардың отбасындағы санына байланысты, бiр бөлiгiнеөтемақы төлеудi, бала күтiмi бойынша демалыстан соң қайтадан жұмысқа шыққанәйелдерге мемлекет есебiнен бiлiктiлiгiн арттыру және қажеттi жаңа мамандық алу мүмкiндiктерiн, ҚР Салық кодексiне көп балалы отбасыларүшiн табыс салығы бойынша жеңiлдiктер туралы ережелердi және басқалардызаңды тұрғыда реттеу мәселелерiн қарастырсын.

2. ҚР Үкiметi ҚР Президентi жанындағы Жастар саясаты жөнiндегi кеңеспен бiрлесiп:

- «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» ҚР Заңына жас маманның мәртебесiн құқықтық айқындау, оның ең төменгi әлеуметтiк пакетi және басқа да мәселелер бойынша өзгерiстер енгiзу туралы заңды қарастырсын;

- 2012 жылдың соңына дейiн жастарды техникалық және кәсiптiк бiлiм алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың нақты шараларын әзiрлесiн.

Басты бағыт — жас қазақстандықтарды дербес өмiрге, бастамашыл еңбекке бейiмдеудiң тиiмдi жүйесiн құру.

Мен жас ұрпақтың ел болашағы үшiн маңызын әрқашанда атап көрсетiп келдiм және атап көрсете беремiн. Мемлекет әрбiр жас адамның өз елiне мiндеттi түрде қажет болуы үшiн бәрiн де жасайды.

Мемлекеттiк жастар саясаты туралы заңды жаңарту қажет. Жас мамандарды еңбекке орналастырудың кепiлдiктерi мен әлеуметтiк пакет туралы, жастар тәжiрибесiн ұйымдастырудың тәртiбi туралы құқықтық нормалар қажет.

Бiздiң жастар елеспен өмiр сүрмеуге тиiс. Қазақстаннан тыс жерде жұмақ жоқ.Еш жерде, әлемнiң ешбiр елiнде бәрiне бiрден ие болу мүмкiн емес.

Туған Қазақстанда еңбек етiп, өз әлеуеттерiн жүзеге асырулары қажет.

Ол үшiн мемлекет барлық жағдайлар жасауда және одан әрi де жасай беретiн болады.

Қазақстандық жастардың кең көлемiн техникалық және кәсiптiк бiлiм алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың шараларын әзiрлеу маңызды.

4. Әлеуметтiк жаңғыртудың ақпараттық-мәдени құрамдасы

Қазақстанда әлеуметтiк жаңғырту жаһандық ақпараттық дәуiрде жүзеге асуда. Бұл факторды мiндеттi түрде ескеру қажет.

Жаңғырту үдерiсi, бiрiншiден, бүкiл қазақстандық социумды ақпараттық қоғам жағдайына бастауы тиiс, ол әлемдiк дамудың трендiне толық сәйкес келедi. Және екiншiден, Қазақстанда экономиканың, әлеуметтiк жүйе мен саясаттың бұлжымас дамуының маңызды факторы бола алатындай ақпараттық-мәдени орта құру қажет.

Қазақстанда ақпараттық технологиялар рекордтық қарқынмен дамуда. Ақпараттық кеңiстiктi — коммуникациялық желiлер мен БАҚ-тарды цифрландыру жоғары қарқынмен жүруде.

Интернеттi пайдаланушылар саны тек 2011 жылы ғана Қазақстанда 2 еседен астамға өсiп, 8,7 миллион адамға жеттi, яғни ел халқының жартысынан асып түстi. Iс жүзiнде Қазақстан қоғамды жаппай компьютерлендiруге жақындап келдi.

Бүгiнде ақпараттық фактордың барлық өскелең рөлiн ескере отырып, мен ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына арналған салтанаттағы баяндамамда айтқанымдай,«Ақпараттық Қазақстан-2030» Мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлейтiн уақыт келдi.

Бiрiншi. Осынау стратегиялық құжатта «электронды үкiметтi» iс жүзiнде жүзеге асыру мiндетiн алға қоюдың маңызы зор.

Электронды үкiмет туралы арнайы заң қабылдап, мемлекеттiк электронды қызмет көрсету үлгiлерiн әзiрлеу қажет.

Жергiлiктi деңгейде ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкiндiктерiн ұлғайту керек.

«Электронды әкiмдiктiң» облыс, қала, аудан үлгiсiндегi үш деңгейлi бiрүлгiлiк сызбасын әзiрлеу қажет.

Сол сияқты азаматтардың барлық деңгейдегi әкiмдердiң, жергiлiктi шенеунiктер мен жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарының жұмыс тиiмдiлiгiне электронды баға беружүйесiн құру мүмкiндiктерiн де зерттеу керек.

Жергiлiктi билiк қоғамның қалтқысыз назарында болуы тиiс.

Екiншi. Интеллектуалдық ақпаратқа қолжетiмдiлiктiң инновациялық түрлерiн дамыту қажет, Қазақ ұлттық электронды кiтапханасының қорын түбегейлi ұлғайту керек.

Iс жүзiнде ол — ұлттың электронды миы. Сондықтан әлеуметтiк маңызды басылымдар бағдарламасы бойынша шыққан барлық кiтаптарды ҚазҰЭК-ке қосу қажет. Сонымен қатар, оған жеке адамдар шығарған кiтаптарды орналастыруды ынталандыру тетiктерiн де ойластыру керек.

Үшiншi. Отандық БАҚ-тарды жаңғырту бағдарламаның маңызды бағыты болуы тиiс. БАҚ саласы журналистiк этиканың Ұлттық кодексiнiң нақты үлгiлерi, сол сияқты тұтынушыны бұрмаланған және шынайы емес ақпараттан қорғайтын заңды нормалар негiзiнде жұмыс iстеуi керек.

Төртiншi. Ең бiр қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып Қазақстан туралы жаһандық ақпаратты iлгерiлету жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет. Атап айтқанда, Қазақстаннан Шығыс Азия мен мұсылман әлемi елдерiне географиялық ақпараттар ағынын ұлғайта түсу керек.

БЭК бойынша әрiптестерiмiзбен және бүтiндей алғанда еуразиялық кеңiстiктiң ақпарат кеңiстiгiндегi тыңғылықты жұмыстар бiздiң айрықша мiндетiмiз болуы тиiс.

Бiз үшiн Қазақстанды БЭК пен ТМД-ға тартымды үлгi ете отырып, елдегi жаңғырту үдерiсiнiң бүкiл ырғағын әрiптес елдер тұрғындарына жеткiзу аса маңызды.

18-шi ТАПСЫРМА

1. ҚР Үкiметi 2012 жылдың соңына дейiн:

- «Ақпараттық Қазақстан-2030» Мемлекеттiк бағдарламасының жобасын әзiрлеп, енгiзсiн;

- «Мемлекеттiк қызметтердi электронды пiшiнде көрсету туралы» заңжобасын әзiрлесiн;

- мемлекеттiк қызметтер ұсыну үлгiлерiн және олардың орындалуына бақылау жасау жүйесiн құруға кiрiссiн;

- облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп«электронды әкiмдiктiң» облыс, қала, аудан үлгiсiндегi үш деңгейлi бiрүлгiлiк сызбасын құру жөнiнен ұсыныстар енгiзсiн.

2. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi:

- 2012-2013 жылдары Қазақ ұлттық электронды кiтапханасының қорын ұлғайтуды қамтамасыз етсiн;

- журналистердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп Журналистiк этика кодексiнiң жобасын әзiрлесiн;

- отандық БАҚ-тарды жаңғырту жоспарын әзiрлесiн.

Мәдениет саласындағы жұмыс жаңа сапаға ие болуы тиiс. Өйткенi, мәдениет қазiргi заманғы адамды қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететiн әлеуметтiк жаңғыртудың елеулi жиынтығы болып табылады.

Қарама-қайшылықты ахуал орын алатын жағдайлар бар.

Елде 40 республикалық және 8 мың облыстық мәдениет мекемелерi жұмыс iстейдi. Қыруар қаржы бөлiнедi. Тәуелсiздiк жылдары iшiнде республикада 18 жаңа театр ашылды.

Соңғы 10 жылда кiтапханалар саны — 579-ға, мұражайлар — 58-ге және мәдениет үйлерi 1,5 мыңға артты.

Сонымен бiрге, мәдениет мекемелерiне бару деңгейi осы саланың даму динамикасынан кейiн қалуда.

Мен еңбек адамына, өз iсiнiң бiлгiрiне арналған әлеуметтiк бағыттағы отандық мәдени өнiмдер (кино, кiтаптар, театр қойылымдары, телебағдарламалар) үлесiнiң жеткiлiксiз екендiгiне шығармашылық интеллигенцияның назарын айрықша аударғым келедi. Өскелең ұрпақ пен жас буын кәсiбилiк пен бiлiктi еңбек өнiмдiлiгiнiң тартымды үлгiлерiн iс жүзiнде көре алмайды. Мәдениет, ақыр соңында, қазiргi заманғы еңбек адамына қарай бетбұрыс жасауы тиiс!

Өңiрлер арасында олардың экономикалық және мәдени жетiстiктерi туралы ақпараттар алмасу жеткiлiксiз дәрежеде қалуда.

ХХI ғасырда әлеуметтiк қамтылу әншейiн жұмысқа орналастырудан гөрi әлдеқайда кең ауқымды ұғымға ие. Әлеуметтiк қамтылу — сол сияқты жергiлiктi билiк органдарының күш-жiгерiн қоғаммен үйлестiре отырып ұйымдастыратын бұқаралық iс-шаралары.

Еуропа, Америка, Азия сияқты дамыған елдер агломерациялары мен мегаполистерiнiң мәдени өмiрлерiн модельдеудiң шетелдiк бай тәжiрибелерi бар, олар — көпшiлiк алдындағы велосипедтi шерулер, бұқаралық шахмат турнирлерi, қалалық марафондар, ұлттық спорт түрлерiнен байқаулар, ауылшаруашылық мейрамдары, жастар театрларының карнавалдары, балалар турнирлерi және басқалар, жалпы алғанда, құмар ойындарға жатпайтын iс-шаралар.

Сондықтан мен сөзiмдi барлық әкiмдерге арнаймын: қоғамдық, әлеуметтiк өмiр әрбiр жекелеген ауылда, қалада, аудан орталығында, облыста тұрақтылық ахуалын нығайтатындай тұрғыда ойластырылған бұқаралық оң сипатты iс-шаралар арқылы дамытылуы тиiс.

Қалалықтардың, шағын елдi мекендер тұрғындарының өз-өздерiн ұйымдастыруының халықаралық тәжiрибесiн, әсiресе, ерте жастан бастап, Қазақстанда оң сипатты әлеуметтiк iс-шаралар жүйесiн құру үшiн пайдалану қажет, ол қоғамда оң ахуал қалыптастыруға жағдай жасайтын болады.

Қазiргi заманғы тиiмдi бұқаралық мәдени-ойын-сауық iс-шараларының негiзi оларды ұйымдастыруға азаматтардың, ҮЕҰ-лардың өздерiнiң тiкелей қатысулары болмақ. Бұқаралық iс-шаралар өткiзу туралы арнайы заң қабылдау, оларды ұйымдастыру мен өткiзу жөнiнен жергiлiктi әкiмдiктер үшiн бiрүлгiлiк ережелер қабылдау туралы мәселенi қарастыру қажет.

Қазақстанда мемлекеттiк және ұлттық мерекелер өткiзу туралы тұжырымдаманың 2001 жылдың өзiнде-ақ қабылданғанын еске салып өтпекпiн.

Содан берi жаңа мемлекеттiк мерекелер — Астана күнi, Тұңғыш Президент күнi, Отан қорғаушылар күнi пайда болды. Наурыз, Конституция күнiн тойлау пiшiнi өзгердi.

Жаңа кәсiптiк және басқа да мерекелер пайда болды, мәселен, мен Ана күнi туралы бастама көтердiм.

19-шы ТАПСЫРМА

1. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi:

- 2012 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн еңбекке, адал кәсiби табысқа, Отанға қызмет етуге, жоғары патриоттық ниеттерге оң көзқарастар қалыптастыратын отандық әлеуметтiк мәдени өнiмдердi жаңғыртудың салалық бесжылдық жоспарын әзiрлеп, қабылдасын.

2. ҚР Үкiметi 2012 жылдың соңына дейiн:

- «Бұқаралық iс-шаралар өткiзу туралы» заң жобасын әзiрлеп, Парламентке енгiзсiн;

- ҚР мемлекеттiк ұлттық, кәсiптiк және басқа да мерекелердi тойлау тұжырымдамасын жаңартсын, бұқаралық iс-шаралар өткiзудiң бiрүлгiлiк ережесiн әзiрлеп, бекiтсiн;

- Астана, Алматы қалалары мен облыс әкiмдерiмен бiрлесiп облыстар арасындағыақпараттар және мәдени жетiстiктер алмасуды күшейтсiн, өзара «облыс аптасы» тұрақты өткiзiлсiн, әлеуметтiк бұқаралық iс-шаралар өткiзу моделiн әзiрлесiн.

5. Әлеуметтiк үдерiстердi мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесi

Әлеуметтiк үдерiстердi басқарудың тиiмдi мемлекеттiк жүйесi әлеуметтiк жаңғыртудың маңызды бөлiгi болып табылады. Және бұл жүйе өзi үшiн емес, халық үшiн жұмыс iстеуi тиiс.

Қазiргi сәтте әлеуметтiк саладағы жұмыстарды үйлестiретiн және бағыттайтын мемлекеттiк органдардың бүкiл құрылымы әлi күнге бұрынғы модельдiң сарқыншақтарынан арыла алмай келедi.

«Әлеуметтiк ведомстволардың» жұмыстарын орталық атқарушы билiк деңгейiнде үйлестiру айтарлықтай дәрежеде нашар. Министрлiктер мен ведомстволар олардың жекелеген салалары шеңберiнде жаңғырту үдерiсiнiң қалай дамитындығын айқын түсiне бермейдi.

Бүгiнде әлеуметтiк үдерiстердi басқару жүйесiн сәйкес жағдайға келтiру қажет.

Бiрiншiден, әлеуметтiк жаңғырту жөнiндегi барлық жұмыстар бiрегей жоспарлы негiзде құрылуы тиiс.

Екiншiден, азаматтық қызметтi заңдық реттеудiң маңызы үлкен болатынға ұқсайды.

Бұл 1,5 миллионнан астам қазақстандыққа, соның iшiнде 370 мың педагог пен 184 дәрiгерге және басқа да медицина қызметкерлерiне қатысты. Олар — жаңғыртудың басты күшi. Олардың құқықтары мен мiндеттерi заңдық негiзде реттелуi тиiс. Осынау сапалық өзгерiстерсiз бiлiм беру мен денсаулық сақтау жүйелерiнде табысқа жету өте қиынға түспек.

Үшiншiден, әлеуметтiк үдерiстердi тыңғылықты түрде зерттеу қажет.

Әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi шешiмдер мұқият есептелiп, ғылыми негiзделiп, алдын ала, яғни олар әлеуметтiк проблемалар мен дау-жанжалдарға ұласпай тұрғанда қабылдануы тиiс. Сондықтан мемлекеттiк ғылыми-сараптамалық құрылымдардың жұмысын сәйкес жағдайға келтiрiп, мемлекеттiк емес сараптамалық секторды дамытуға ықпал жасау қажет.

Төртiншiден, әлеуметтiк үдерiстерге басшылық жасаудың «кабинеттiк стилiнен» бас тартқан жөн.

Отандық мемлекеттiк шенеунiктер әлеуметтiк үдерiстердi басқарудың барлық деңгейдегi басшыларымен тұрақты семинарлар өткiзуi тиiс.

Бесiншiден, әлеуметтiк жаңғырту мәселелерiн шешу мiндетi жүктелген басқару буындарын үйлестiрудiң нақты вертикалiн қалыптастыру орынды.

Алтыншыдан, басқару жүйесi үкiметтiк емес сектормен әрiптестiк қағидаты негiзiнде жұмыс iстеуi керек. Мемлекет үшiн үнқатысудың сан түрлi алаңқайларын құру мен оларға қолдау жасаудың, бұқаралық iс-шараларды бiрлесiп өткiзудiң маңызы зор.

Бұл басқарудың әрбiр деңгейiне де тән болуы тиiс.

20-шы ТАПСЫРМА

ҚР Үкiметi:

- 2012 жылдың соңына дейiн әлеуметтiк үдерiстердi мемлекеттiк басқару жүйесiнiң, жоспарлау, үйлестiру, сараптамалық жолбасшылық, үкiметтiк емес сектормен әрiптестiк және басқа да мәселелердi қоса алғанда, тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнен кешендi ұсыныстар әзiрлеп, енгiзсiн;

- 2012 жылдың соңына дейiн азаматтық қызметтi заңдық реттеу мәселесiн зерттесiн;

- 2013 жылдың 1 шiлдесiне дейiн Әлеуметтiк жаңғыртудың 2016 жылға дейiнгi кезеңге арналған жалпыұлттық жоспарының жобасын әзiрлесiн.

* * *

Бүгiн мен өз сөзiмдi барлық қазақстандықтарға арнаймын.

Бiз әлемдiк дағдарыстың қиыншылықтары арқылы ХХI ғасырға жаңа —

ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ трендiнiң қалай бiртiндеп енiп келе жатқанын айқын көрiп отырмыз. Либералдық бағыттағы да, сол сияқты социалистiк бағыттағы да қиялшыл идеялар өткен ғасырдың еншiсiнде қалуда.

Әлеуметтiк реализм iс жүзiндегi векторға айналуда.

Сондықтан бiздiң әлеуметтiк саясат бәсекеге қабiлеттi және күштi

ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫН құруға бағытталуы тиiс.

Шындықты мойындайық: болашақта ХХI ғасырда тек ЕҢБЕК қана барлық қазақстандықтардың ӘЛ-АУҚАТҚА және жаңа ӨМIР САПАСЫНА қол жеткiзуiн қамтамасыз ете алады.

Мен қазақстандықтардың әлеуметтiк жаңғырту саясатына қолдау көрсететiнiне, оның сыртында оны жүзеге асыруға барынша тiкелей және мүдделi түрде атсалысатынына мейлiнше сенiмдiмiн.

Мақаланың шыққан күні: 09.12.2017 10:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.12.2017 20:38
Қаралым саны: 874

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz