A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Салафизм – тұрақтылыққа төнген қауіп

Мәдениеттер мен дiндердiң халықаралық орталығы

ақпараттық жұмыс және БАҚ-қа мониторинг бөлiмiнiң

жетекшi сарапшысы Р.Амантай.

Салафизм — тұрақтылыққа төнген қауiп

Бүгiнгi таңда әлемдiк деңгейде белең алған дiни экстремизм және терроризм бiр мемлекеттiң ғана проблемасы емес екенi анық.

2015 жылы АҚШ-та өткен БҰҰ Бас Ассамблеясы 70-шi сессиясында Президент Н.Ә.Назарбаев халықаралық экстремизммен терроризмге қарсы тұра алатын бiрыңғай әлемдiк желiнi құруды ұсына отырып, қатерлерге төтеп беру үшiн жаһан жұртына жұдырықтай жұмыла күресудiңұтымды тетiктерiн ерекше айқындап берген едi.

Соңғы уақытта елдi елең еткiзген лаңкестiк әрекеттер салафизмнiң радикалды ағымдар мен экстремистiк идеялардың бастауы екендiгiн дәлелдей келе,оның идеялықтан қылмыстық негiзге өту қаупiн көрсеттi.

Салафилiк идеология — зайырлы мемлекет ұстанымын терiстеп, азаматтардың бостандығы мен қауiпсiздiгiне, iшкi тұрақтылықпен ұлттық құндылықтарға шабуыл жасау арқылы ислам мемлекетi идеясымен алмастыру мақсатында әрекет етiп, орасан зор қауiп төндiруде. Сондықтан Қазақстан қоғамына жан-жақты орнығып қалыптасқан мемлекет ретiнде салафизм идеологиясының тамырына балта шабатындай шешiм қабылдайтын уақыт келдi.

Тәуелсiздiктiң 25 жылы iшiнде елiмiздiң конфессиялық кеңiстiгi және дiн мен саясат қатынасында бiраз тәжiрибе жинақталып, құқықтық жағынан дiн туралы заң жобалары мен баптары толықтырылып,өзгерiстер енгiзiлдi. Осы ретте бiзге радикализмге шектеу қоятын жеке жолдарды қарастыру керектiгi айқындалады.

Бүгiнде салафизм идеологиясымен көптеген мемлекеттер күресiп бағуда. Бұл тұрғыда көршi мемлекеттердiң тәжiрбиесiне үңiлiп қарайтын болсақ, әлемнiң бiрқатар елдерi әлдеқашан тыйым салып үлгерген. Атап айтар болсақ, Тәжiкстан, Өзбекстан, Дағыстанелдерiде салафизм ағымының қызметiне заңмен шектеу қойған.

Iшкi мазмұнынан гөрi сыртқы формаға баса мән беру арқылы мұсылмандықтың көрiнiсiн қалыптастырғысы келетiн бұл ағымежелден қалыптасқан дәстүрлi ұғымдарды, елдiң тiрегi болып саналатын ұлттық-рухани құндылықтарды, салт-дәстүр, мәдениет және тарихымызды жоққа шығаруды көздейдi.

Олардың керiтартпалықтары, сондай-ақ зайырлы мемлекеттердiң қағидаттарына, дiнаралық татулық пен толеранттылық түсiнiктерiне, түбегейлi қарсылық көрсетiп, шариғи заңмен басқарылмайтын мемлекеттердi мойындамау және бағынбау арқылы жақтастарын «дiнсiз мемлекетпен» күресуге үгiттеп, қоғамда үлкен алауыздық тудыруынан көрiнiс табуда. Бұның бiр ғана дәлелi — төрткүл дүниеде орын алып жатқан лаңкестiк әрекеттердiң қаптап кетуiнде.

Кез келген дiннiң қиянат бiткенге қарсы екендiгiне мән бермейтiн салафизм — ешқандайда дiн емес, саяси мүдделерге негiзделген идеология деп тану керек. Осы қарапайым қағиданы түсiнбей, санасы уланғандардың бүгiнде билiкке, басшыға,ата-анаға қарсы шығып, оларды «кәпiр» деуi, мемлекеттiк жүйеге түбегейлi қарсылық таныту арқылыөз елiнде лаң жасап жүргендердiң белең алуы, қазақтың қасиеттi топырағында саясиланған салафилiктiң тыйым салынуы керектiгiн айғақтайды.

Бүгiнгi таңда елiмiзде жат идеологияға қарсы күреске ерекше ден қойылып, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауiпсiздiк кеңесi отырысының күн тәртiбiнде экстремизм мен терроризм қаупi және оған қарсы күрес мәселелерi ерекше талқыланып, елiмiзде орын алған шабуылдардың мәнсiз және зұлым әрекет екенiбасты назарға алынды. Мұның дәстүрлi емес салафизм дiни ағымы жолын ұстанушылар тобының террористiк шабуылы екенiн және республикада дiн ұстану бостандығына кепiлдiк бере отырып, дiннiң атын жамылып, елдегi жағдайды ушықтырушылардың барлығына қатаң тойтарыс беру жақтары қатаң ескерiлдi. Елбасының бұл тапсырмалары керағар идеологияға қарсы күрес жүргiзу бағыт бағдарын тайға таңба басқандай айқындай түседi.

Осы ретте, тек бiздi ғана емес, бүкiл ислам әлемiн алаңдатып, жастардың санасына шабуыл жасап жатқан бұл идеологияға қарсы ғылыми, ақпараттық және құқықтық тұрғыдағы ұтымды шараларды қабылдау — кезек күттiрмейтiн мәселе. Сондықтан қоғамда орын алуы мүмкiн қатермен күресте мемлекеттiң жат идеологияға қарсы жүргiзiп отырған саясатына қолдау таныту — ел мен келер ұрпақ алдындағы азаматтық қоғамның борышы екенi анық.

Дата создания статьи: 17.12.2017 21:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.12.2017 21:14
Қаралым саны: 384

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz