A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Салафизм - қазақ қоғамына жат ағым

Салафизм — ислам тарихындағы күңгiрт дүниетаным заманының туындысы. Бұл өзiнше бiр, бұғауланған, жәбiрленген араб санасы жайынан ақпарат беретiн уақыт капсуласы iспеттес. Салафиттердiң бастамашысы әрi қозғаушысы шейх ибн Таймия (1263-1328) болды.

«Салаф» сөзiнiң мағынасы «әуелгi бабалар» дегендi бiлдiргенiмен, бүгiнгi салафиттер мен алғашқы салафилердi бiр-бiрiмен шатастырмаған жөн. Салафиттер, яғни салафизм идеологиясын ұстанушылар, өзара жауласқандықтарына қарамастан, негiзгi үш қағиданы ұстануға тырысатындығы белгiлi. Олар: таухидты (бiрқұдайлықты) қатаң ұстану; бидғаттан (дiнге жаңалық енгiзуден) бас тарту; тақлидке (қандай да бiр ислам мектебiнiң немесе беделдi ғалымның iзiн қууға) қарсы болу.

Салафитттер дiндi ислам әлемiндегi түрлi халықтың этномәдени, тарихи және өзге де ерекшелiктерiне негiзделген барлық «жат», «кiрме» түсiнiктер мен тәжiрибелерден тазарту жолында жойқын күрес жүргiзудi өздерiне мақсат етiп қойған.Салафизм исламдағы барлық жаңалықтан бас тартуды, әуелгi догмаларға қайта оралып, оның қатаң түрде, дәлме-дәлорындалуын талап етедi. Дамудың кез-келген түрiне жол бермеуге тырысады. Бiздiң елiмiз үшiн бұндай жол дәстүрлi емес. Бұл жолда бiздiң ел прогрестен қол үзiп қалу жағдайына душар болатындығы айдан анық.

Салафизм «жиһад» ұғымын бұрмалап, оны қарулы күрес ретiнде бiржақты ғана тәпсiрлейдi. Салафиттер бұл күрестi барлық мұсылмандардың өмiр сүруiнiң жалғыз, әрi шынайы формасы ретiнде қоғамға танытуда. Жиһадтың дәстүрлi мағынасы — өзiңнiң нәпсәни кем-кетiктерiңмен күресу болып табылады. Әуелден-ақ догматизмi мен радикализмi үшiн сынға алынған салафиттер Алла мен адам арасындағы кезкелген «дәнекерлiктi» жоққа шығарады. Осылайша барлық сүнниттiк мәзһабтармен қақтығысқа түседi.

Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерi үшiн исламның дәстүрлi формасы қоршаған әлемдi интеллектуалдық тұрғыда қабылдауды бағдар еткен ханафиттiк мәзһаб пен далалықтардың ата-бабаларына деген киелi қатынасынан бастау алатын «әулиелер» дәстүрiне негiзделген «түркiлiк сопылық» екенi баршаға мәлiм.

Қазақстандықтар үшiн қатаң догма мен дiни радиклизм -жат құбылыс. Қазақ дәстүрiнде әрбiр адам өзiнiң шежiресiн, кем дегенде жетi атасын бiлуi тиiс болса, салафиттер қазақтың бұндай салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпына (өлген адамға құран бағыштау, аруаққа сену, т.б.) үзiлдi-кесiлдi қарсы.

XIII-XIV ғасырлардаараб әлемiндегi салафизмнiң дүниеге келуi түркi-моңғол шапқыншылығына қарсы тұру дәуiрiмен байланысты болды. Олардың аймақтағы, соның iшiнде арабтарға үстемдiгi XX ғасырдың басына дейiн жалғасқан. Салафизмнiң екiншi және оның қатал ағымының — вахаббизмнiң — бұрқ ете қалуы османдық билiктiң кезеңiне тұспа-тұс келедi.

Сол кезде салафизм арабтардың османдықтарға (түрiктерге) қарсы ұлт-азаттық қозғалысына және бiрiгу тенденциясына идеологиялық негiз болды. Оқиғалар желiсi көрсеткендей, салафиттердiң «түркi» исламына қарсы көтерiлiсi дiн шеңберiнен шығып, әскери-саяси сипатқа ие болды. Салафизм Арабиядағы түрiк билiгiне қарсыараб ұлттық қозғалысының белгiсiне айналды. Сауд Арабиясының алғашқы королi Абдель Азиз ибн Сауд (1932-1953) билiк басындағылардың алғашқысы болып салафизм идеологиясын қабылдаған болатын. Осылайша, салафизм Сауд Арабиясының үстемислам доктринасы ретiнде мемлекеттiк жүйенiң құрамдас бөлiгiне айналды. Арабтар үшiн салафизм ел дамуының тарихи үдерiсiнiң нәтижесi болып табылса, қазақстандықтар үшiн бұл жағымсыз идеология деп бiлуiмiз қажет.

Өткенге қайта оралуға тырысу, дамуда кенжелеп қалу ерте ме, кеш пе тоқырауға, дағдарысқа, ақыр аяғында ұлттың тарихи жеңiлiсiне әкелiп соқтыруы мүмкiн. Салафизм және сол iспеттес дiни доктриналар Қазақстанның стратегиялық мүддесiне еш сәйкес келмейдi. Қазiргi уақытта салафиттердiң қазақстандықтарды ғылым мен техниканың жетiстiктерiнен бас тартып, ескiшiлiктiң көлеңкесiнде қалып қоюын қалайтындығын ұмытуымыз әбестiк.

Мақаланың шыққан күні: 17.12.2017 21:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.12.2017 21:11
Қаралым саны: 798

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz