A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Сәлафизм: Болмысы мен бағыты

Бүкiл қоғамға белгiлi болғандай, бүгiнгi заманауи әлемдедiн төңiрегiндемаңызды сұрақтардың бiрiне айналып отырғансәлафилiк ағым.

Сәлафилiк ағымға Қазақстан Республикасының заңмен тыйым салу қажет пе,әлде жоқ па? -деген сауалдар азаматтық қоғам арасында туындап жатқаны белгiлi.

Осындай ойдың туындауына да себеп бар. Өйткенi елiмiзде олардың шашбауын көтерiп, екi топқа бөлетiн тұлғаларда аз емес. Мәселен, оларды халық арасында «байсалды» және «радикалды» деп бөлу орын алды.

Бiрақ сәлафилiк ағымның бүгiнгi таңда елiмiзде орныққан зайырлылық ұстанымына қарсыекенiн және өздерiнiң алға қойған халифат құру мақсатында тайынбайтынын ескеруiмiз қажет.

Негiзiнен бұл ағымХIII-ХIV ғасырларда Шам (қазiргi Сирия) өлкесiнде өмiр сүрген Ибн Тәймия(1263-1328 жж.)есiмдi тұлғадан бастау алатынын бiлемiз. Ибн Тәймия өз заманындағы мұсылмандар арасында iрiткi туғызып, бiр-бiрiне қарсы қойған кездерi тарихтан белгiлi.

ХVIII ғасырдыңекiншi жартысында Ибн Тәймияның ұстанымын жаңғыртқан Нәдж (қазiргi Сауд Арабия) өлкесiнде өмiр сүрген Мұхаммад Ибн Абдул Ваххаб (1703-1792 жж.). Жалпы Сәлафилiк ағымының құрылу негiзiислам дiнiндегi дәстүрлi мәзһабтарды мойындамау, оның имамдарына бойұсынбаужәне оларға қарсы шығу тұрғысында пайда болған ұстаным.

Бүгiнгi таңда сәлафилiк бағыттағы «байсалды» және «радикалды» ұстанымындағы азаматтар жоғарыда аталған тұлғалардың әдебиеттерiн ерекше ден қойып оқиды. Бұл әдебиеттерден сусындағандардың ойлары мен қөзқарастары бiр арнада тоғысуы нәтижесiнде олардың ұстанымдарымен амалдары ортақ келедi. Нақтырақ келтiрер болсақ,Ибн Тәймияның «Үш Негiз» (ҚР заңмен тыйым салынған), «Акида аль-Уасития» және Мұхаммад Ибн Абдул Ваххабтың «Төрт Ереже», «Таухид Кiтабы» (ҚР заңмен тыйым салынған) т.б. әдебиеттерi басшылыққа алынады.Қасиеттi Құраннан кейiнгi негiзгi исламның қайнар көзiне теңейтiн әдебиеттердi өздерiмен қатар өзгелерге де иманның негiзi ретiнде қарастыруға үгiттеу арқылы мiндеттейдi.

Сондықтан сәлафизм ағымындағы әдебиеттердiң елiмiзде, оның iшiнде жастар арасында етек алмауынатиiстi шара қолданып,олардың дұрыс таңдау жасауына бағыт-бағдар көрсетуiмiз қажет.

Бұл идеологияның түп мақсаты мұсылмандар арасында iрiткi тудырып, бiр-бiрiне қарсы қою арқылы үлкен саяси мүдделердi көздейдi. Мұның зардабынбүгiнгi таңда қоғамда орын алған жат әрекеттерден айқын аңғарып жүрмiз.

Сәлафизм ағымы ентелеп енген отбасының шаңырағын шайқалтпай қоймайтыны анық. Күллi мұсылман әлемiмен қатар, елдiгiмiзбен ертеңiмiзге қатерлi сәлафизм ағымының тамырына түбегейлi балта шабу — кезек күттiрмейтiн мәселе.Сондықтан мемлекет және азаматтық қоғам болып сәлафизм ағымына елбасының жүргiзiп отырған саясаты мен тапсырмаларына қолдау танытып, тұрақтылық пен бейбiтшiлiктi сақтау жолында күрес жүргiзуде күш бiрiктiруiмiз қажет.

Дата создания статьи: 17.12.2017 21:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.12.2017 21:13
Қаралым саны: 405

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz