A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«5 сұрақ» айдары. Қыркүйек.

БЖЗҚ өзектi сауалдарға жауап бередi.

1)Мен жұмысқа орналасып жатыр едiм, маған ол үшiн БЖЗҚ-да шотымның бар екендiгi туралы анықтама керек екендiгiн айтты. Қазiргi пандемия кезiнде кеңселерге бара бергiм келмейдi, сондықтан да ақпаратты онлайн түрiнде ала аламын ба, жауап берiңiздершi, өтiнiш!

Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) бар екендiгi туралы анықтама алу үшiн Сiзге «БЖЗҚ» АҚ-ның enpf.kz ресми сайтына кiру жеткiлiктi. Сiз айналасы бес минуттың iшiнде қажеттi анықтаманы аласыз. Сайтқа кiргеннен кейiн электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе тiркелген логин мен парольдi қолдана отырып, жеке кабинетке өту керек. Содан кейiн «ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтаманы/ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу» бөлiмiне, одан әрi «Шоттардың бар екендiгi туралы анықтама алу» бөлiмiне өтiп, Сiзде ЖЗШ бар екендiгi туралы дайын анықтаманы жүктейсiз.

Анықтаманың жоғарғы бұрышындағы QR-код БЖЗҚ уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттың электрондық нұсқасына веб-сiлтеменi қамтиды. Веб-сiлтеме осы құжат берiлген күннен бастап 1 (бiр) ай iшiнде қолжетiмдi екенiне назар аударамыз.

2)Мен көптеген смартфон пайдаланушылардың бiрiмiн, маған оның көмегiмен өз зейнетақы шотымның жай-күйiн қадағалаған өте ыңғайлы. БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасына қалай тiркелуге болады?

ENPF ұялы қосымшасы — Қордың өзi әзiрлеген жоба, оның көмегiмен жеке зейнетақы шотыңыздан үзiндi көшiрме ғана алып қоймай, зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн, жаңалықтарды, барлық филиалдар мен қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары мен байланыс нөмiрлерiн де көруге болады. Сондай-ақ, бұл жерде Сiздерге арналған зейнетақы калькуляторы да орналастырылған, оның көмегiмен өзiңiздiң болашақ зейнетақыңызды есептеуге болады. Онлайн-бот ең көп қойылатын сұрақтарға жауап бередi, ал халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын тұлғалар мұнда өтiнiш жолдау және басқа да көптеген мәселелерiн шешу мүмкiндiгiне ие.

БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасын өз телефоныңызға Google Play немесе AppStore арқылы тегiн жүктеп алсаңыз болады. Ұялы қосымшаға тiркелу үшiн Сiздiң ұялы телефоныңызға смс-хабарламамен жiберiлетiн бiржолғы парольдi пайдаланасыз.

Өз парақшаңызға кiру үшiн қосымшада авторланудың да екi тәсiлi бар: ЖСН және пароль енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаңызды пайдалану, сондай-ақ, ұялы құрылғысында бар болса, пайдаланушы Android үшiн Touch ID және IOS үшiн Face ID арқылы кiре алады.

ЖСН-дi логин ретiнде пайдалану зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу тәсiлi ретiнде мiндеттi түрде интернет-ақпараттандыруды таңдауды көздейдi. Ол үшiн жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесiне бiр рет барып, қосымша келiсiмге қол қойып, enpf.kz сайтында тiркеуден өту қажет.

Сондай-ақ, ENPF ұялы қосымшасында Push хабарламалар бар. Бұл қызметтi пайдалану үшiн Сiз қосымшаға кiрiп, баптаулардағы «push хабарландыруларын қосу/өшiру» қызметiн қосуыңыз керек. Осының бәрiн жасаған соң, смартфоныңыздың экранында қысқа қалқымалы хабарламалар пайда болады, олар мiндеттi және мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарының түсуi туралы уақытылы еске салып отырады.

3)Менiң әкем ресми жұмыс iстемейдi, тек өз бау-бақшамызда өсiрген көкөнiстердi сатумен айналысады, бiрақ ЖК ретiнде тiркеуден өтпеген. Таныстарымыз келешекте базалық зейнетақы алу және емханаға тiркелу үшiн БЖТ төлеу қажет екендiгiн айтты. Оны қалай төлеуге болады?

Бiздiң азаматтар үшiн бiрыңғай жиынтық төлемдi (БЖТ) жүзеге асырудағы артықшылықтардың бiрi — жәрдемақы, медициналық қызмет және зейнетақы жүйесiне қатысу түрiндегi мемлекет кепiлдiк берген ең төменгi әлеуметтiк көмекке айтарлықтай қаржылық үстеменiң қосылуы болды.

Төлем 4 мiндеттi төлемдi бiр реттiк бiр төлемге ауыстырады:

- жеке табыс салығы;

- БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарнасы;

- мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi әлеуметтiк аударымдар (МӘСҚ);

- әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына әлеуметтiк жарна (ӘМСҚ).

БЖТ екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ ) арқылы жалпы сомамен төлеуге жатады. Төлемдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының банктiк шотына аудару керек. Бұдан әрi Мемлекеттiк корпорация төлемдi жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтiк төлемдер түрiнде бөледi, содан кейiн жеке табыс салығын өңiрлiк бюджетке, ал әлеуметтiк төлемдердi БЖЗҚ мен МӘСҚ және ӘМСҚ-ға аударады.

БЖТ төлеушiлер салық есептiлiгiн бермейдi. Қызметтiң басталуын тiркеу (хабарлау) және Қызметтi тоқтата тұру (тоқтату) туралы өтiнiш талап етiлмейдi. Жеке тұлға БЖТ төлемiн жүзеге асырған күннен бастап БЖТ төлеушi болып танылады. Төлемдi тоқтату жеке тұлғаның бұдан былай БЖТ төлеушiсi болып табылмайтынын бiлдiредi.

4)Мен оқуымды бiтiргеннен кейiн алғаш рет жұмысқа тұрғалы жатырмын. Маған БЖЗҚ-да жеке шотымды қалай ашуға болады?

Қазiр БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу үшiн жеке тұлғаға өтiнiшiн ресiмдеу мақсатында Қорға келудiң қажетi жоқ. Шот БЖЗҚ ақпараттық жүйесiнде бiрiншi жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады.

Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендiру зейнетақы жарнасын аудару кезiнде (сiздiң жұмыс берушiңiз жiберген) төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. Ал БЖЗҚ қолданыстағы құжаттың деректемелерi туралы барлық қажеттi мәлiметтердi Мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады.

5)Жаңалықтардан түрлi экономистердiң пiкiрiнше, пандемия салдарынан бүкiл әлемде қаржылық тоқырау орын алады деп оқыған едiм. Мен өз жинағым үшiн алаңдап жүрмiн. Қартайған шағымда қалтамда азын-аулақ тиын-тебенмен ғана қалғым келмейдi. Айтыңыздаршы, салымдардың сақталуына бiреу кепiлдiк бере ала ма?

Уайымдауға еш негiз жоқ, себебi «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналарының (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) зейнетақы жасына жеткен кездегi инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген жарналар мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

Айта кетейiк, қазiргi уақытта Қазақстан зейнетке шығу кезiндегi инфляция деңгейiн ескере отырып, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк беретiн әлемдегi жалғыз ел болып табылады. Мемлекеттiк кепiлдiктi төлеу (инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен бiржолғы төлемдi бiлдiредi. Салымшылар мемлекет кепiлдiгi бойынша төлем алу құқығын зейнеткерлiк жасқа толған кезде алады. Сонымен қатар бұл құқыққа егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, I және II топтағы мүгедектер, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекет кепiлдiгi бойынша төлем алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi ие.

Мақаланың шыққан күні: 09.09.2020 10:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.09.2020 10:39
Қаралым саны: 85

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz