A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Жалпы білім беретін мемлекеттік ұйымдардағы кадрларды қайта даярлау мен біліктілікті көтеру курсының 2017 жылғы нәтижелері

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

12 желтоқсан 2017 ж.                                                                              Астана қ.

Орталық коммуникациялар қызметiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң 2017 жылдағы мемлекеттiк тапсырмасы аясында «Назарбаев Университетi» Автономды бiлiм беру ұйымының базасында жалпы бiлiмдiк мектептердiң «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология» пәндерi мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн жоғарылату курстарынан өтуге қатысты баспасөз конференция өттi.

Баспасөз конференциясына ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Мектепке дейiнгi және орта бiлiм департаментiнiң директоры Шолпан Каринова, Назарбаев университетiнiң Студенттiк iстер және халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi вице-президентi Қадиша Даирова, Назарбаев Университетiнiң Бiлiм көшбасшылығы орталығының Бiлiм беру iстерi жөнiндегi директор орынбасары Әсель Мухаметжанова және Бiлiм көшбасшылығы орталығының Бiлiмдiк және кәсiптiк бағдарламалар департаментiнiң басшысы Лаура Қарабасова қатысты.

ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi «Химия», «Физика», «Информатика», «Биология» пәндерi мұғалiмдерiнiң ағылшын тiлi бойынша бiлiктiлiктерiн жоғарылату курстарын төмендегi бағдарламаларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырады:

  • «100 нақты қадам: заманауи мемлекет барлығы үшiн» Ұлт жоспарының 79 қадамы;
  • Қазақстан Республикасы бiлiм берудi және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы;
  • Үш тiлде бiлiм берудi дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы.

«Химия», «Физика», «Информатика», «Биология» жаратылыстану циклi 4 пәнiнiң екеуiн жоғары сыныпта ағылшын тiлiнде оқыту 2019 жылға жоспарланып отыр.

Қазiргi уақытта тiл курстарын өткiзiп жатқан ұйымдар:

  • «Назарбаев Университетi» АБҰ;
  • «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» АБҰ;
  • «Өрлеу» ҰБЖО» АҚ;
  • «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС;
  • «Astana School of Business and Technology» ЖШС;
  • «Астана Бiлiм Ордасы» ЖШС.

Халықаралық емтихандарды тапсырған және оқу бағдарламаларын ағылшын тiлiнде өткiзiп жатқан пән мұғалiмдерi үшiн 2017 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап негiзгi лауазымдық қызметақыдан (35 мың тг.) 200% көлемiнде қосымша төлем төленедi.

Мақаланың шыққан күні: 17.12.2017 22:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.12.2017 22:00
Қаралым саны: 816

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz