A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«ШҚО экономикалық және рухани жаңғыру міндеттерін жүзеге асыру»

2017 жылғы 29 қараша                                                                             Астана қаласы

«ШҚО экономикалық және рухани жаңғыру мiндеттерiн жүзеге асыру»

Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз-мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Даниал Ахметов аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Қазақстан халқына Жолдауының, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асу барысына тоқталды.

«Биылғы көрсеткiштерге көз жүгiртсек, Шығыс Қазақстанда экономикалық бағытта ауыз толтырып айтарлық өсiм байқалады. Республика Президентiнiң «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауында көрсетiлген мақсат пен мiндеттердi, стратегиялық жобаларды, мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру үшiн облыста барлық жағдай жасалған, қажеттi ресурстар көзi де жетерлiк», — дедi Даниал Ахметов.

Жыл басынан берi Шығыс Қазақстан экономикасының iшкi аймақтық өнiмi 102%-ға өстi. IАӨ артуы, ең бiрiншi, ауыл шаруашылықтағы iшкi өнiмнiң 102%-ға, сондай-ақ, құрылыс саласында 108%-ға ұлғаюы есебiнен болып отыр. 234 мың ш.м. аумақты құраған тұрғын үй бой көтерiп, қолданысқа берiлдi. Бұл ретте көрсеткiш деңгейiнiң 104%-ға еселенгенiн атап өткен орынды. Ал негiзгi капиталға тартылған инвестиция көлемi ақшалай есептегенде 107%-ға өстi (ТКИ — 100%).

Аймақта индустриалды-инновациялық жобалар табысты әрi жоғары қарқынмен жүзеге асып жатыр. Ағымдағы жылдың өзiнде кәсiпкерлiктi қолдау картасы аясында құны 381,4 млрд. Теңге құрайтын 6 жоба iске қосылады. Нәтижесiнде, 1800 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Агро-өнеркәсiптiк кешен. Экономикалық өсiмнiң драйверi ретiнде Шығыс Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының дамуына жоғары көңiл бөлiнiп келедi. АӨК-ге тартылған инвестиция мен құйылған субсидияның жалпы көлемi 30 млрд. Теңгенi құрап, өткен жылмен салыстырғанда 600 млн. Теңгеге артып отыр. Қолға алынған кешендi шаралардың арқасында биыл ауылшаруашылық iшкi өнiмiнiң деңгейi 2016 жылмен салыстырғанда 11 пайызға артты.

Бiлiм. Облыста 2015-2019 жылдарға арналған үштiлдi бiлiм берудi дамытуға бағытталған Кешендi жоспар қабылданып, жергiлiктi бюджеттен соңғы екi жылда 1,7 млрд. Теңге бөлiндi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негiзiнде Шығыс Қазақстан мектептерiнiң химия, биология, физика және робот техникасы сыныптарын жаңартып, өзгертуге бағытталған «Менiң мектебiм» жобасы қолға алынды.

Бiлiм саласындағы тағы бiр маңызды бастама — ол мектеп түлектерiнiң сыртқа кетуiн тоқтату мақсатында атқарылып жатқан жүйелi жұмыс. Облыс әкiмдiгi аймақтың негiзгi ЖОО-на сұранысқа ие мамандықтарға 200 грант және облыс экономикасын өркендетуге қажеттi мамандықтар үшiн мемлекеттiк тапсырыс аясында 200 орын бөледi.

Денсаулық сақтау. Облыста аталған саланы дамытуға бағытталған үш жылдық стратегиялық жоспар құрылған. Оның аясында онкология, кардиология, босандыру, ана мен бала денсаулығын сақтау сияқты басым бағыттар бойынша 1,2 млрд.теңгеге үш деңгейлi арнайы оқыту бағдарламасы жүзеге асуда.

3 жыл iшiнде шетел клиникаларында 150 маман оқытылмақ. Бұған қоса, биыл облыстың барлық медициналық мекемелерiндегi медициналық құрал-жабдық кешендi тексеруден өткiзiлiп, олардың қатары алдағы үш жылда 23 млрд теңгеге жаңартылады. Ерекше атап өтер жаңалық, ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесе Өскемен қалалық №1 аурухана базасында елдегi тұңғыш әрi бiрегей Роботтандырылған хирургия және трансплантология орталығын ашу туралы шешiм қабылданды.

ЭКСПО-2017 жобаларының iске асуы. Астана қаласында өткен ЭКСПО — 2017 көрмесiнде Шығыс Қазақстан облысынан 4 жоба бұқара назарына ұсынылды. Оның iшiнде 2 жобаның (Зырян ауданында Тұрғысын су қоймасында қуаттылығы 24,9 МВт және 20 МВт болатын ГЭС-1 мен ГЭС-2 құрылысы) жүзеге асуы басталып та кеттi.

Сондай-ақ, «Қазақстан» павильонының «Жасампаз энергия» бөлiмiнде Курчатов қаласының Ұлттық ядролық орталығы «Қазақстандық Токамақ термоядролық материалтану реакторы» жобасын ұсынды.

ЭКСПО-2017 көрмесiне қойылған жобаларды зерттеу бойынша құрылған облыстық жұмыс тобы аймақта энергетика саласына қатысты 15, экология — 5, сумен жабдықтауға бағытталған 2 жобаны қамтыған, жалпы саны 22 жобаны жүзеге асыру мүмкiндiгiн қарастырып отыр.

Рухани жаңғыру. Облыста 28 млрд. Теңге бюджетi бар, қатарына 61 жоба кiрген бес жылдық «Рухани жаңғыру» кешендi аймақтық бағдарлама құрастырылды. Көп этникалық халықтың тарихын, бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрiн зерттеу, сақтауға бағытталған жобалардың маңыздылығы жоғары. «Көне қазыналар» жобасы бойынша 5 археологиялық-зерттеу жұмыстары зерттелiндi (Катон-қарағай ауданындағы Берел, Зайсан ауданындағы Шiлiктi қорғандары, Ұлан ауданындағы Абылайкит қорған-монастырi, Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы, Абай ауданындағы Қырықүңгiр ескерткiшi).

Өңiрдiң тарихи-мәдени мұрасын, танымдық туризмiн дамытуға бағытталған «Шығыс Қазақстанның маржаны» атты аймақтық жоба жақын арада көпшiлiкке жол тартады. Оны жүзеге асыру аясында Шығыс Қазақстанның киелi жерлерiнiң картасы жасалды. Айта кету керек, ШҚО 10 нысаны Республикалық сараптау комиссиясының қарауынан кейiн «Қазақстанның киелi жерлерi» тiзiмiне енгiзiлдi. Сондай-ақ, мұражай, кiтапхана, мұрағат қорларын цифрлiк форматқа ауыстыру бойынша жұмыстар басталды.

«Рухани бiлiм беру» жобасы аясында Семей қаласында 100 орынға шақталған шығысқазақстандық дiнтану колледжi құрылады.

Бұдан бөлек, «Туған жер» бағдарламасына 21 млрд. Теңгеден астам қаражат жиналды.

Туризм. Қазақстан Республикасының туристiк саласын 2023 жылға дейiнгi дамыту концепциясы аясында облыста «Алтай маржаны» туристiк кластерiн құру бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Соңғы 2 жылда 4,3 млрд. Теңгеге негiзгi туристiк бағыттағы жолдар жөндеуден өттi. Жағажай туризмiн дамыту мақсатында 550 млн. Теңгеге Сiбе көлдерi мен Алакөл жағалауы абаттандырылып, демалушыларға қолайлы жағдай жасалды.

Бұдан бөлек, шетелдiк туристер Катон-қарағай ауданы мен Марқакөлге көшi-қон полициясының қосымша рұқсатынсыз кiрiп-шығуы туралы ұсыныс Үкiмет тарапынан қолдау тапты. Аталмыш бастама аймақтың экотуризмiн дамыту екпiнiн арттырары сөзсiз.

Сонымен қатар, Алакөл жағалауында ҚХР-мен шекара аралық ынтымақтастық аймағын құру туралы ұсыныс енгiзiлдi. Оның негiзiнде қытайлық туристерге жеңiлдетiлген көшi-қон және визалық режимi қарастырылады. Аталған мәселе сыртқы iстер, мәдениет және спорт министрлiгiнiң қарауында жатыр.

ШҚО әкiмнiң баспасөз қызметi

Тел: 8-7232-71-31-18

Email: akimvkopress@gmail.com

Мақаланың шыққан күні: 19.12.2017 18:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 18:03
Қаралым саны: 1611

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz