A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңін (2016-2018 жылдар) іске асыру

«2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту бойынша ұзақ мерзiмдi перспективаға арналған ұлттық iс-қимыл жоспарының» 3 кезеңiн орындау бойынша iс-шаралар жоспарын iске асыру мақсатында Ақкөл ауданында 2016-2018 жылдарға арналған кедергiсiз орта құру бойынша iс-шаралар жоспары бекiтiлдi.

Мүгедектер үшiн инфрақұрылым объектiлерiнiң қолжетiмдiлiгiн тексеру жөнiндегi жұмыс тобымен 74 паспорт жасалды, олар билiк органдарының 11 нысаны (аудан, қала, ауылдық және селолық округтер әкiмдерi аппараттарының ғимараттары), әлеуметтiк саланың 3 нысаны (ЗТМО, ЖҚ және ӘБ, ХҚКО), 8 Денсаулық сақтау мекемесi, 20 бiлiм беру мекемесi, 3 мәдениет мекемесi, 1 дене шынықтыру және спорт мекемесi (БЖСМ) және көлiктiк қызмет көрсетумен айналысатын бiр ұйым (Темiржол вокзалы), 27 өзге де объектiлер (АIIБ, дәрiханалар, дәмханалар, дүкендер, шаштараздар).

«Интерактивтi қолжетiмдiлiк картасы» порталында нысандарды қайта қарау қорытындысы бойынша 33 нысан енгiзiлдi. Ауданда мүгедектердiң өмiр сүру картасы әзiрлендi.

Қала орталығында есту және көру мүмкiндiгi бойынша мүгедектерге ыңғайлы болу үшiн дабыл құрылғысы бар дыбыстық бағдаршам орнатылған. Мүгедектер автокөлiктерiнiң тұрағы үшiн 19 жол белгiлерi орнатылды. Байланыс құралдарын пайдалануға ыңғайлы болу үшiн қалада екi таксофон жұмыс iстейдi.

2014-16 жылдары республикалық бюджеттен орталықта және Бигелдинов және Ш.Уәлиханов көшелерiнiң қиылысында 2 жаяу жүргiншiлер өткелдерiн дыбыстық құрылғылармен жабдықтауға қаржы бөлiндi.

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау саласындағы үйлестiру кеңесiнде тоқсан сайын Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012-2018 жылдарға арналған iс — шаралар жоспарының екiншi кезеңiн (2016-2018 жылдар) орындау туралы» мәселелер қаралады және қала, ауылдық округ әкiмдерiнiң және кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларының есептерi тыңдалады.

2018 жылы жұмыс есту және көру қабiлетi нашар мүгедектер үшiн — мүмкiндiгi шектеулi келушiлердiң қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн iс-шаралар кешенiн орындау үшiн, 4 бос жұмыс орындар жәрмеңкесi өткiзiлдi, 36 мүгедек жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi.

Мақаланың шыққан күні: 07.12.2018 17:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.12.2018 17:24
Қаралым саны: 1315

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz