A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру: Қазақстанның ипотекалық нарығын ынталандыру. Қорытындылары

15 желтоқсан 2017 ж.                                                                           Астана қ.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру:
Қазақстанның ипотекалық нарығын ынталандыру. Қорытындылары.

Орталық коммуникациялар қызметiнде «Нұрлы жер: тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру» Қазақстанның ипотекалық нарығын ынталандыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өттi. Қорытындылары.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қаржы операторы, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингi» АҚ еншiлес ұйымы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ (бұдан әрi — ҚИК) Қазақстан Республикасы азаматтарына ипотекалық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау нәтижелерi туралы мәлiмет бердi.

Шараға «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасы Әдiл Мұхамеджанов, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Руслан Кәкiм, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарушы директоры Еркiн Сыздықов қатысты.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздарды субсидиялау — ипотека бойынша қарыз алушыға, бастапқы тұрғын үйдi сатып алу барысында соңғы мөлшерлемесi жылдық 10%-бен берудi қарастырады. Бағдарлама талаптарына сәйкес айырмашылық банкiге, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы арқылы мемлекеттiк қаражаттармен өтеледi. Бағдарлама шеңберiнде оны iске асыру кезеңiнен бастап барлығы 120 млрд. теңге сомасына 8 000 қарыз, оның iшiнде 2017 жылы — 15 млрд. теңгеге 1 000 қарыз және 2018 жылы — 105 млрд. теңгеге 7 000 қарызды беру жоспарланып отыр.

Биылғы жылдың 15 желтоқсанындағы жағдай бойынша 12,3 млрд. теңге сомасына 1209 өтiнiм келiп түстi, оның iшiнде 12 млрд. теңгеге (98%) 1180 өтiнiм мақұлданды. Бағдарламаға Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Шымкент, Қарағанды, Көкшетау, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Қостанай, Жезқазған, Семей, Қызылорда және Алматы облыстарының тұрғындары қатысты.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары сыйақысының бөлiгiн субсидиялау бағдарламасы iске асырылғалы берi биылғы жылдың маусым айынан ипотекалық нарықтың жанданғаны байқалады — коммерциялық банктер (КТҚЖБ есепке алмағанда) ипотекалық несиелердi беру көлемiн 2016 жылдағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 51%-ға арттырды. Халық тарапынан субсидия өнiмiне деген сұраныс артып отыр, бұл ай сайын мақұлданған өтiнiмдердiң 80% өсуiмен, сондай-ақ, ЕДБ тарапынан Бағдарламаға қатысуға деген қызығушылығының артуымен расталып отыр. Бүгiнгi күнi қарыздарды алты банк — «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Банк ВТБ» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ (жеке тұрғын үй құрылысын дамыту ) берiп жатыр. Жыл соңына дейiн «Цесна Банк» АҚ, ал келесi жылы «Қазақстан Халық Банкi» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ , «Tengri Bank» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ Бағдарламаға қосылуды жоспарлап отыр.

Ипотекалық несиелендiрудi ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тарапынан ағымдағы жылдың қазан айында Бағдарламаға түзетулер енгiзiлдi: бұрын мөлшерлеме Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң базалық мөлшерлемесiне байланған болса, қазiр ЕДБ субсидияланатын қарыздары бойынша кiрiстiлiк деңгейi жылдық 16% -дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесi бойынша тиянақталды, 30% алдын ала төлем ретiнде қарыз алушы, қарыз алушыға немесе үшiншi тұлғаларға тиесiлi тұрғын үй ретiндегi баламалы жылжымайтын мүлiктi қосымша кепiлзатты ұсына алады, сондай-ақ, бастапқы жарна ретiнде, растаушы құжаттарды ұсыну барысында қарыз алушының құрылысты салушыға төлеген алдын ала төлемi де есепке алынады. Бастапқы тұрғын үй ұғымы кеңейтiлдi: пәтерлердi тек қазiр құрылысты салушылардан ғана емес, сондай-ақ құрылыстағы пәтерлердi салушыларға сатқан басқа заңды тұлғалардан да (сауда-саттық компаниялары) сатып алуға болады. Бұл өз кезегiнде қарыз алушының таңдауын маңызды түрде арттырса, ал құрылысты салушылар үшiн қолжетiмдi тұрғын үй нарығына жаңа нысандарды көптеп шығаруға мүмкiндiк бередi.

Бағдарламаны iске асыру барысында ҚИК мен серiктес-банктердiң қарыз алушының жағдайын жақсартуға бағытталған өзара ынтымақтастық әрекеттерiнiң нәтижелерiне қол жеткiзiлдi. Бөлек банктермен субсидиялау мерзiмi аяқталғаннан кейiн қарыз алушы үшiн төлем жүктемесiн төмендету бойынша қосымша талаптар ұсынылды — «ЦентрКредит Банкi» АҚ мөлшерлеменi жылдық 10% көлемiнде сақтап қалып отыр, «Сбербанк» АҚ ЕБ мөлшерлеменi тек қана 0,5% көтере отырып, жылдық 10,5% көтердi. Қарызды субсидиялау туралы өтiнiштi қарастыру мерзiмi бұрынғы алты күннен үш күнге дейiн қысқартылды.

«Ағымдағы жылда Қазақстан Ипотекалық Компаниясы ипотекалық облигацияларды шығару арқылы банктердi қорландыра отырып, ипотекалық несиелер бойынша талап ету құқықтарын сатып алу үшiн инвестицияларды тарту бойынша iс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлады.

Қазiргi уақытта Компания «Қазақстан қор биржасы» АҚ алаңында өзiнiң облигацияларының он бесiншi шығарылымының алғашқы траншын жалпы сомасы 30,0 млрд. теңгедегi шығарылымын 8,5 млрд. теңге көлемiнде орналастырады. Болашақта, ипотекалық нарықты ынталандыру мақсатында, Қазақстан Ипотекалық Компаниясы акцияларын орналастырудан түскен қаражатын Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнен талап ету құқықтарын сатып алуға бағыттайтын болады», — деп атап өттi Әдiл Мұхамеджанов.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ

Баспасөз-қызметi

+7 (727) 344 12 22 (iшкi. 1256), apavanova@kmc.kz

Мақаланың шыққан күні: 17.12.2017 21:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.12.2017 21:53
Қаралым саны: 1408

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz