A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Мемлекет Басшысының тапсырмалары іске асуда

Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» Қазақстан халқына Жолдауында айтылған ағымдағы жылдың 1 шiлдесiнен бастап зейнетақы төлемдерi 2016 жылдың деңгейiне сәйкес 20%-ға өсетiнi жөнiндегi тапсырмаларын iске асыру мақсатында ынтымақты зейнетақы мөлшерi — 11%, ал базалық зейнетақы — 13%-ға өстi.

2030 жылға дейiнгi Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiн одан әрi жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес ынтымақты зейнетақы мөлшерi инфляция деңгейiнiң алға кетуiмен 2 пайызға өседi.

Базалық зейнетақы, сондай — ақ мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақының мөлшерлерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiне байланысты болады, сондықтан да осы мөлшердiң өзгеруiне байланысты олар қайта қарастырылып жатыр.

Елбасының жеке тапсырмаларын iске асыруда зейнетақы мен жәрдемақылардың кепiлдi жыл сайынғы өсуiнен басқа да бiржолғы арттырулар жүргiзiлуде.

Жүргiзiлген жыл сайынғы зейнетақы өсiмiн есепке ала отыра (9 және 7 пайызға), өсу мөлшерi тиiсiнше 11 және 13 пайызды құрады, бұл 2016 жылдың мөлшерiне қарағанда 20 пайызды құрайтын болады.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақы мөлшерлерiнiң нақты өсетiнi күтiлуде (зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты).

Зейнетақы мен жәрдемақылар — бұлар әр түрлi заңнамалық актiлермен реттелетiн мүлдем өзгеше төленетiн әлеуметтiк төлемдер, тиiсiнше олардың өсу механизмдерi де әр түрлi. Мүгедектер алатын мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларға келер болсақ, олар өткен жылы екi рет көтерiлген болатын. Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң өзгеруiне байланысты жыл сайынғы 7 пайызға өсуден басқа Қазақстан Республикасының Президентi — Ұлт басшысы Н.Ә.Назарбаевтiң 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы — 2050: Бiр мақсат, бiр мүдде, бiр болашақ» Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында мүгедектiгi бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қосымша тағы 25 пайызға өстi.

Бұл өлшемдер жәрдемақы мөлшерлерiнiң 2013 жылмен салыстырғанда 50%-ға өскендiгiн көрсеттi. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетiлген жәрдемақылардың мөлшерлерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң өзгеруiне байланысты тағы да 7 пайызға өстi.

Мүгедектерге берiлетiн келесi маңызды жәрдемақылар 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өседi. Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң құрылымын қайта қарау қорытындысы бойынша оның деңгейi 2017 жылмен салыстырғанда 16%-ға дейiн өседi, тиiсiнше бұл мүгедектiгi бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерiн арттырады.

Мысалға алсақ, жалпы аурудан 1-3 топ мүгедектiгi бойынша берiлетiн төлемдердiң мөлшерлерi 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылмен салыстырғанда 60 пайыздан артық өседi (жалпы аурудан 1-шi топ мүгедектiгi бойынша берiлетiн жәрдемақының мөлшерi 33 291 теңгеден бастап 54 306 теңгеге дейiн, 2- топта 26 669 теңгеден бастап 43 275 теңгеге дейiн және 3-шi топ 17 933 теңгеден 29 416 теңгеге дейiн).

ж/а мүгедектігі бойынша берілетін
жәрдемақының мөлшері
2015 ж.(МӘЖ + ӘМЖ) 2016 ж.(МӘЖ + ӘМЖ) 2017 ж.(МӘЖ + ӘМЖ) 2018 ж. 2015 жөсу
1 топ 30 337 + 2 954 = 33 291 40 690 + 3161 = 43 851 43 538 + 3381 = 46919 54306 63,1%
2 топ 23 715 + 2 954 = 26 669 31 775 + 3161 = 34936 33 999 + 3381 = 37388 43275 62,3%
3 топ 16 664 + 1 269 = 17 933 22 402 + 1358 = 23760 23 970 + 1453 = 25423 29416 64,0%

Осылайша, еңбекке қабiлетсiз халықты әлеуметтiк қолдау шаралары атаулы және дәйектi түрде жүргiзiледi.

Ақмола облысы бойынша

еңбек, әлеуметтiк қорғау және

көшi — қон комитетi

департаментiнiң

ақпараты бойынша

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 09:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 09:28
Қаралым саны: 1080

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz