A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

"Бизнестiң жол картасы 2020" бағдарламасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 сәуiрдегi № 301 Қаулысы

«Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған «Бизнестiң жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрi — Бағдарлама) бекiтiлсiн.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

3. Жергiлiктi атқарушы органдар ай-сайын, есептiден кейiнгi айдың 15-күнiне Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне Бағдарлама iс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат, оның iшiнде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде бөлiнетiн қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне жүктелсiн.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов

Жүктеу (DOCX 90 Kb)

«Іскерлік байланыстар» жобасы (DOCX 17 Kb)

Дата создания статьи: 17.12.2017 00:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.12.2017 12:48
Қаралым саны: 442

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz