A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, үкiметтiк емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 6, 8-құжат; 2011 ж., № 21, 171-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; 2014 ж., № 3, 21-құжат; 2015 ж., № 23-I, 166-құжат):

1) 1-бапта:

8-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«8-1) Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) — мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру, iске асыру, iске асыру мониторингiн жүргiзу және қорытындыларын бағалау, сыйлықақылар беру, гранттар ұсыну және олардың iске асырылуына мониторинг жүргiзу жөнiндегi қызметке басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;»;

мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

«14) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру — мемлекеттiк органның құзыретiне сәйкес қызметiнiң белгiленген саласындағы ахуалды талдау, техникалық ерекшелiгiн сипаттай отырып, тақырыптарды жоспарлау, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың тақырыптарын негiздеу және бюджеттiк тапсырысқа енгiзу кезеңдерiнен тұратын процесс;

15) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың қорытындыларын бағалау — қызметтiң қорытындыларын және (немесе) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру қорытындысы бойынша жасалған әсердi талдау процесi;

16) үкiметтiк емес ұйымдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында көрсететiн қызметтерiнiң стандарттары — қызметтердi көрсетудiң сапасын, жағдайларын, мазмұнын, бағалаудың өлшемшарттарын белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;»;

2) 4-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын.

3) 4-1-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру, iске асыру, iске асыру мониторингiн жүргiзу және қорытындыларын бағалау жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;»;

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру мониторингiн және қорытындыларын бағалауды жүзеге асырады;»;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыру, iске асыру мониторингiн жүргiзу және қорытындыларын бағалау тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;»;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) үкiметтiк емес ұйымдардың мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында көрсетiлетiн қызметтерiнiң стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi;»;

4-2-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қалыптастыруды, iске асыруды, iске асыру мониторингiн жүргiзудi және қорытындыларын бағалауды жүзеге асырады;»;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) уәкiлеттi органның интернет-ресурсында мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстың жоспарланған тақырыптары, iске асырылуы туралы ақпаратты орналастырады;».

4) 5-бапта:

мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

«15) азаматтық секторды дамыту;

16) конфессияаралық келiсiмдi қолдау және дiни экстремизмнiң алдын алу.».

2. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 21-I, 128-құжат; 22-I-құжат, 140-құжат; № 23-I, 166-құжат, № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат):

41-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жеке меншiк мекеме, қоғамдық бiрлестiк, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiктерi нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшауланған бөлiмшелерi) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл саласындағы уәкiлеттi органға жыл сайын 31 наурызға дейiн үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн тәртiппен өз қызметi туралы, оның iшiнде өз құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкiнiң құрамы, ақшаны қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәлiметтердi ұсынады.

Саяси партиялардың мемлекеттiк органдарға өзiнiң қызметi туралы мәлiметтер беру тәртiбi «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi».».

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. НАЗАРБАЕВ

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 11:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 11:18
Қаралым саны: 1404

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz