A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау бойынша атқарылып жатқан шаралар

2017 жылғы 22 қараша                                                                                Астана қ.

Қазақстанның биологиялық әртүрлiлiгiн сақтау бойынша атқарылып жатқан шаралар

Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң биологиялық әртүрлiлiктi сақтау саласы бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы ауыл шаруашылығы вице-министрi Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен баспасөз маслихат өттi. Iс-шараға ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетi төраға орынбасары Қайрат Үстемiров, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетi жануарлар дүниесi және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақытбек Дүйсекеев және ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетi Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Арман Өтепов қатысты.

Елiмiзде биологиялық әртүрлiлiктi сақтау және оны ұтымды пайдалану жөнiнде жедел әрi жүйелi шаралар қолданылуда.

Орман қорын сақтау мақсатында 2004 ж. жұмыр ағаш экспортына тыйым салынды, 2015 ж. сексеуiл ормандарында ағаш кесудiң барлық түрiне 2018 ж. дейiн мораторий жарияланды, сонымен бiрге сауда орындарында сексеуiл сатуға және ағашы өртенген жерлердi қалпына келтiрудi қоса алғанда, қылқан жапырақты ормандарда санитариялық мақсатта ағаш кесуге тыйым салынды.

«Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi комитетiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша үстiмiздегi жылы ормандарды молықтыру көлемiнiң ұлғаюы байқалса, әкiмдiктер қарауындағы орман шаруашылықтары бойынша облыстардың көпшiлiгiнде бұл көрсеткiш төмендеп барады», — дедi вице-министр.

Осы мәселенi шешу үшiн министрлiк облыстардың әкiмдiктерiмен бiрге облыс орталықтарының айналасында жасыл аймақтар құрып, ағаш отырғызудың жыл сайынғы көлемiн кемiнде 80,0 мың гектарға жеткiзудi жоспарлап отыр.

«2003 жылы 22 млн. га немесе мемлекеттiк орман қорының жалпы алқабының 79 % бекiтiлген, 123 орман шаруашылығы мекемесi облыстар әкiмдiктерiне берiлдi. Алматы, Ақмола және Оңтүстiк Қазақстан облыстарын қоспағанда, осы жылдар iшiнде әкiмдiктер орман шаруашылығының жай-күйiн жақсарту жөнiнде шаралар қолданбады», — деп атап өттi Е. Нысанбаев.

Бұдан бөлек, Е.Нысанбаевтың пiкiрi бойынша, орман пайдаланушылар ағаш отырғызу және өртке қарсы iс-шаралар бойынша шарттық мiндеттемелердi орындамайды, сондай-ақ салық төлемдерi бойынша берешектiң орын алып отырғаны байқалады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жоспарына сәйкес 2018 жылы Алматы облысы Iле өзенiнiң дельтасында «Iле-Балқаш» табиғи резерваты мен Шығыс Қазақстан облысында «Тарбағатай» ұлттық паркi құрылады.

«Браконьерлiкпен күрестi күшейту мақсатында үстiмiздегi жылы аңшылық қарудың саны бiр аңшыға шаққанда төртеуге дейiн заңнамалық тұрғыда шектелдi. Көктемгi аңшылыққа тыйым салынды және табиғаттан алынатын жабайы құстың саны бiр қолға шаққанда тәулiгiне бес дараққа шектелдi. Оң нәтижелер қазiрдiң өзiнде байқалады, сондықтан осы тыйым салу шарасының мерзiмiн 5 жылға дейiн ұзарту керек», — дедi вице-министр.

Мемлекеттiк ұйымдардың өздерiнiң инспекторлар құрамының арасында сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн тыю үшiн биыл маусым айында Министрдiң тiкелей бағынысындағы «Сапсан» жедел тобы құрылды.

Оның қызметi нәтижесiнде үстiмiздегi жылдың 5 айы iшiнде-ақ табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 16 фактiсi анықталып, олардың материалдары құқық қорғау органдарына берiлдi.

Бекiре балықтарының түрлерiн сақтау мақсатында 2010 ж. бастап бекiре балықтарын кәсiпшiлiк мақсатта аулауға тыйым салынды; 2017 ж. бекiре балықтарын ғылыми мақсатта аулауға да тыйым салу шарасы енгiзiлдi, сөйтiп бекiре балықтарын ғылыми мақсатта аулауға алған рұқсатты желеу етiп, бекiре балықтарын аулау мүмкiндiгi жойылды; бекiре балықтарының түрлерi қосымша ауланған жағдайда оларды суға жiберуге мiндеттейтiн норма заңнамалық тұрғыда енгiзiлдi және оларды тасып әкетумен кейiннен олардың заңсыз айналымға түсу мүмкiндiгi жойылды; браконьерлердiң негiзгi балық аулау құралы болып табылатын «қытайлық ауларды» сатуға биыл заңды түрде тыйым салу енгiзiлдi.

Мемлекеттiк бағдарлама шеңберiнде инвестициялық салымдар 50 % дейiн және балықтар азығына жұмсалған шығындар 30 % мөлшерде болған жағдайда кәсiпкерлер шығындарының бiр бөлiгiн өтеу көзделiп отыр.

Биологиялық әртүрлiлiк саласында проблемаларды тұжырымды түрде шешу үшiн, Министрлiк тарапынан өзара байланысты салаларды — орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу өнеркәсiбiн дамыту, елдi мекендердi көгалдандыру, жасыл аймақтар мен орман екпелерiн құру, жалпы алғанда биологиялық әртүрлiлiктi сақтау мәселелерi көрiнiс табатын бағдарламалық құжат дайындалуда.

ҚР АШМ Баспасөз қызметi

тел.: 555 765

minagripress@gmail.com

Дата создания статьи: 19.12.2017 18:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 18:09
Қаралым саны: 456

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz