A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Мемлекеттік қызметкерлердің позитивтік беделі

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Департамент) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi — Комитет) Ақмола облысы бойынша техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшесi болып табылады.

Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Департаменттiң құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан мемлекет болып табылады. Департамент қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Департаменттiң негiзгi мiндетi: техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы бақылау. Функциялары: мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргiзу; тамақ өнiмi қауiпсiздiгiнiң саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Департаменттiң құқықтары мен мiндеттерi: заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асырады. Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-әдептiлiк бейнесiне жоғары талаптар қояды.

Қоғам Департамент мемлекеттiк қызметшiлер өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн өзi жүзеге асыратын кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны — Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрi адал қызмет етедi деп сенедi.

Мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жақтауға және оны дәйектi түрде жүзеге асыруға тиiс.

Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл шараларын жүзеге асыруға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметке кiруге қойылатын талаптарды қатаң сақтауға жағдай жасайды, жаңадан қабылданған мемлекеттiк инспекторлар салтанатты түрде мемлекеттiк қызметшiнiң антын қабылдайды, инспекторлар мемлекеттiк қызметшiнiң мәртебесiне және Мемлекеттiк қызметшiлердiң этикалық кодексiне қатысты шектеулердi сақтайды, сондай-ақ этика жөнiнде уәкiлеттi адам бар. Комитетке есеп беру жылының, департамент қызметкерлерiнiң табысы туралы декларация табыс ету анықтамалары уақытылы ұсынылады.

Департамент қызметiнде заңды шығындар жоқ, өткен кезеңде өтiнiш берушiлердiң талаптары қанағаттандырылған жоқ, бұл әкiмшiлiк материалдарды құрастырудың құзыреттiлiгiн көрсетедi.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшiн жұмыс уақытының барлық кезеңiнде ешбiр маман тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылмады.

Қазақстан Президентiнiң сұхбаттарының бiрiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң елдi тиiмдi басқару үшiн қандай қасиеттерге ие болуы керек деген сұраққа: «Ең алдымен жоғары моральдық жауапкершiлiк, кәсiби бiлiм, iс жүзiнде қолдануға қабiлеттiлiгi, адалдығы, белсендi өмiрлiк ұстанымы. Мұның бәрiн, патриоттық сезiм деп атауға болады. Нағыз мемлекеттiк қызметкер патриот болу керек, бұл менiң пiкiрiм ». Мемлекеттiк қызметте тұрған әрбiр адам өз жұмысының маңыздылығын түсiнiп, өз елiнiң патриоты болуға тиiс. Менiң ойымша Департамент қызметкерлерi — нағыз патриоттар!

ЖАНДИНОВА АЙГЕРИМ ИСКИНЕЕВНА

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң жетекшi маманы — Ақмола облысының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы

Мақаланың шыққан күні: 19.12.2017 19:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 19:13
Қаралым саны: 910

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz