A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Мажарстан Елшілігінің Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықтың 2017 жылғы нәтижелері бойынша

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2017 жылғы 20 желтоқсан                                                                          Астана қаласы

Мажарстан Елшiлiгiнiң Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықтың 2017 жылғы нәтижелерi бойынша

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң «Орталық коммуникациялар қызметi» РММ-нiң қолдауымен 20 желтоқсан күнi сағат 12:20-да Мажарстан Елшiлiгi венгерлiк-қазақстандық екi жақты қарым-қатынастардың 2017 жылғы нәтижелерi бойынша қорытынды баспасөз конференция өткiзедi.

Өтiп бара жатқан жылда екi ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамыды. 2017 жылғы басты оқиғалардың бiрi әлбетте белсендi қатысушылардың бiрi Мажарстан болған «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесi болды. Мажарстан өзiнiң ұлттық павильонында жасыл технологиялар саласындағы жаңа жетiстiктерiн ұсынды. Таңдалынған тақырыпты ашуға Мажарстан сәйкестi санатта екiншi орынға ие болды. Көрменiң өту барысында венгерлiк павильонға 300 мыңға жуық адам келдi. 20 тамызда ЭКСПО аясында Мажарстанның Ұлттық күнi аталынып өттi, және басқа да iс-шараларды мерекелеу аясында Мажарстан бай мәдени бағдарламамен қыпшақтар Күнiн атап өткiздi.

Астана-Будапешт тiкелей әуе бағытының ашылуы шындығында тарихи оқиға болды. 8 маусым күнi Астана қаласында Wizz Air венгерлiк әуе компаниясының алғашқы борты жерге қонды. Әуе компаниясының мәлiметтерi бойынша аталған бағыт жаңадан iске қосылған бағыттардың арасында ең сәттiлерiнiң бiрi болды. Қолжетiмдi бағадан өзге Wizz Air әлемдегi Airbus маркаларының заманауи және ең сенiмдi әуе кемелерiнiң бiрiнен тұратын тамаша әуе паркiне ие .

Сауда-экономикалық қарым-қатынастар екпiндi дамуда. 2016 жылғы статисика бойынша Мажарстан тауарайналымы — 16 пайызға өсiп, 1888 млн долларды құраған Қазақстанның жалғыз сауда әрiптесi болды.

Ағымдағы жылғы қыркүйек айында Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысы асяндағы Қазақстанның төрағалық етуiмен өткен түркi тiлдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесiнiң сыртқы iстер министрлерiнiң бейресми кездесуi барысында Мажарстанның Халықаралық Түрiк Академиясында толық құқылы бақылаушы мәртебесiн алу туралы өтiнiмi мақұлданған болатын.

Сайып келгенде, 2017 жылғы басты оқиғалардың бiрi Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев мырзаның қатысуымен Қазақстан Республикасы және Мажарстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25-жыл толуын мерекелеу аясында өткен бiлiм саласындағы ынтымақтастық туралы жаңа Келiсiмге қол қою болды. Қол қойылған құжатқа сәйкес, биылғы оқу жылынан бастап венгерлiк жоо-лар қазақстандық студенттер үшiн тегiн медициналық сақтандыру мен жатақханада тұруды ұсынумен 200 бiлiм гранттарын бөледi. Жуырда, баспасөз конференция аясында толық таныстырылатын келесi оқу жылына арналған конкурс жарияланған болатын.

Тел.: +7 (7172) 550-323

Е-mail: Ldaria@mfa.gov

Мақаланың шыққан күні: 22.12.2017 16:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.12.2017 16:19
Қаралым саны: 1234

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz