A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Азаматтардың мемлекеттік қызметке түсу тәртібі

«Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14939 болып тiркелген, 2017 жылғы 19 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларында:

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"24. Конкурс комиссиясы әрбiр жарияланған бос лауазым үшiн бейiндi, ситуациялық және уәждемелiк сұрақтар тiзбесiн қалыптастырады.

Бұл ретте, конкурс комиссиясы А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, B-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-О-4, C-R-1, С-R-2, С-R-3, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, E-1, E-2, E-3, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттардағы бос лауазымдарға орналасуға кандидаттар үшiн сондай-ақ Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды бiлуге арналған сұрақтар тiзбесiн қалыптастырады.";

4-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Мемлекеттiк қызмет департаментi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне қосу және ресми жариялау үшiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргiзу құқығындағы Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберудi;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының мемлекеттiк қызмет мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республи касының
Мемлекеттiк қызмет iстерi және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
iс-қимыл агенттiгiнiң төрағасы                                                                                     А. Шпекбаев

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2017 жылғы 27 наурызда № 14939 болып тiркелдi.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5), 11) тармақшаларына, 26-бабының 1) тармақшамсына, 27-бабының 2-тармағына, 28-бабының 3, 4-тармақтарына, 29-бабының 2-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекiтiлген "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiнiң кадр резервiне iрiктеу қағидаларының 27, 31-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлген:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткiзудi ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Мемлекеттiк қызмет департаментi заңмен белгiленген тәртiпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшiн "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргiзу құқығындағы Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жiберудi;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының мемлекеттiк қызмет мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасарына жүктелсiн.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет iстерi және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
iс-қимыл агенттiгiнiң төрағасы                                                                               Қ. Қожамжаров

Жүктеу (DOC 366 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 15.12.2017 17:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.09.2018 10:42
Қаралым саны: 1360

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz