A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (одан әрi мәтiн бойынша — аудан әкiмiнiң аппараты) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, аудан жергiлiктi атқарушы органның және аудан әкiмiнiң қызметiн қамтамасыз етедi.

2. Аудан әкiмiнiң аппараты өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң, облыс әкiмдiгiнiң және әкiмiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Аудан әкiмiнiң аппараты мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде жазылған өз атауы бар мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңмен белгiленген тәртiппен ашылған шоты бар.

4. Аудан әкiмiнiң аппараты туралы Ереженi, оның құрылымын аудан әкiмдiгi бекiтедi.

5. Аудан әкiмiнiң аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

6. Аудан әкiмiнiң аппараты өз құзiретiндегi мәселелер бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте, бұйрық түрiндегi нормативтiк актi шығарады.

7. Аудан әкiмi аппаратының мемлекеттiк тiлiндегi толық атауы — «Ақкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi, орыс тiлiнде — государственное учреждение «Аппарат акима Аккольского района».

8. Орналасқан жерi: 020100, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы көшесi, 94.

9. Аудан әкiмi аппаратының құрылтайшысы Ақкөл ауданының әкiмдiгi (одан әрi — құрылтайшы) болып табылады. Осы Ереже аудан әкiмi аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

10. Аудан әкiмiнiң аппараты мен құрылтайшысы арасындағы қарым-қатынас iстегi Қазақстан Республикасының заңдылығымен жүзеге асырылады.

11. Аудан әкiмi аппаратының қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Аудан әкiмiнiң аппаратына оның қызметi болатын мiндеттердi орындауды кәсiпкерлер субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады. Егер, аудан әкiмi аппаратына табыс алу құқығы заң актiлерiмен белгiленсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттiк бюджет табысына жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Аудан әкiмi аппаратының миссиясы:

Аудан тұрғындарының әл-ауқатын жоғарлату үшiн қолайлы өмiрлiк жағдайлар жасауда мемлекеттiк саясатты жүргiзуге мүмкiндiк туғызатын әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету.

14. Аудан әкiмi аппаратының функциялары:

аудан әкiмiнiң облыс әкiмiмен, орталық атқару органдарымен, аудандық мәслихатпен, ауданның мемлекеттiк органдарымен, саяси партияларымен, мәдени, шығармашылық, дiни ұйымдарымен және үкiметтiк емес ұйымдарымен қарым-қатынасты қамтамасыз етедi;

жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың құрылымын дайындау;

жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жетiлдiру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымын жетiлдiру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

Ақкөл ауданының аумағын дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру;

қала, ауылдық (селолық) округтер, ауыл (село) әкiмдерi аппараттарының, жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру, олардың жұмыстарын жетiлдiру;

ауданның iшкi саясат саласындағы қызметiн үйлестiру;

өңiрлiк жергiлiктi, облыстық және республикалық жаппай бұқара ақпараттарымен жұмысы бойынша қызметiн ұйымдастыру;

ведомствоаралық сұрақтары жөнiндегi құқық қорғау органдарын үйлестiру және қарым-қатынасын ұйымдастыру;

сыбайлас жемқорлық сұрақтары жөнiндегi комиссияның жұмысын ұйымдастыру, жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын қала, ауылдық (селолық) округтер, ауыл (село) әкiмдерi аппараттарының, атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлық сұрақтары жөнiндегi қабылдаған шаралардың талдауын жүргiзу;

аудан әкiмiнiң қатысуымен өтетiн iс-шараларды ұйымдастыру;

заңнамалық және заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-министр Кеңсесiнiң тапсырмаларының, облыс, аудан әкiмдiгiнiң қаулыларының, облыс, аудан әкiмiнiң шешiмдерi, өкiмдерi және тапсырмаларының орындалуына iшкi тексерудi (бақылау) жүзеге асыру және орындалуын ұйымдастыру;

аудан әкiмiнiң тұрғандар алдында есептi кездесулерiн жүргiзудi ұйымдастыру;

қала, ауылдық (селолық) округтер, ауыл (село) әкiмдерiнiң тұрғандар алдында есептi кездесулерiн жүргiзудi үйлестiру;

кадрлық саясатты ұйымдастыру, аудан әкiмi тағайындайтын лауазымды тұлғаларды, төмен тұрған әкiмдердi, әкiм аппаратының жұмысшыларын жұмыстан шығару, тағайындау, тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту, олардың бiлiктiлiгiн жоғарлатуды ұйымдастыру;

кадрлық резервтi қалыптастыру;

Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-министр Кеңсесiнiң, облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң актiлерiн және тапсырмаларын, басқа да стратегиялық құжаттарды орындамағаны үшiн жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың мемлекеттiк органдарының лауазымды тұлғаларын тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныс енгiзу;

сайлауларды дайындауды ұйымдастыру;

аудан әкiмдiгiнiң, аудандық мәслихаттың Орталық, облыстық және төмен тұрған сайлау комиссияларымен қарым-қатынасын қамтамасыз ету;

аудан әкiмдiгi қаулысының, аудан әкiмi шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын дайындау;

аудан әкiмдiгi қаулысының, аудан әкiмi шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын iстегi Қазақстан Республикасы заңдылығының сәйкестiгiне зерделеу;

аудан әкiмдiгi мен әкiмiнiң заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiне мониторинг жүргiзу;

аудан әкiмдiгi ден әкiмiнiң, аудан әкiмi аппаратының талап-арыз жұмысын жүргiзу және ұйымдастыру;

алқа билерге үмiткерлер тiзiмiн жасау жөнiнде жұмысты ұйымдастыру;

қала, ауылдық (селолық) округтер, ауыл (село) әкiмдерi аппараттарының құқық шығармашылық қызметiн үйлестiру, прокурор тарапынан наразылық бiлдiрiлген актiлерге талдау жасау;

қызметтiк құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауды қамтамасыз ету, жоғары және төмен тұрған мемлекеттiк органдармен және ауданның ұйымдарымен құжат айналымын ұйымдастыру;

аудан әкiмiнiң қызметiн ақпараттық қамтамасыз ету;

жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарды құжат айналымының Бiрiңғай жүйесiне тартуды ұйымдастыру;

ақпараттық жүйенi құруды ұйымдастыру;

қала, ауылдық (селолық) округтер, ауыл (село) әкiмдерi аппараттарының, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi қызметтерiн үйлестiру;

жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың мемлекеттiк органдарының мемлекеттiк қызмет көрсетуiнiң талдауын жүзеге асыру;

мемлекеттiк марапатпен марапаттауға ұсыну жөнiнде жұмысты ұйымдастыру;

ауданның халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру;

мемлекеттiк құпияларды қорғау сұрақтары бойынша жұмысты ұйымдастыру;

гендерлiк саясат сұрақтарын дайындауға қатысу;

аудан әкiмдiгi жанындағы комиссияның және басқа да консультативтi-кеңесшi органдарының жұмысын ұйымдастыру;

жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың материалдық-техникалық жарақтандыру сұрақтары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестiру;

мемлекеттiк органдарды жабдықтау функцияларын орындау саласында ұйымдастыру қызметiн үйлестiру және мемлекеттiк қызметкерлердi оқыту;

15. Жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн аудан әкiмiнiң аппараты келесi құқықтарға ие:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан және басқа да ұйымдардан құжаттарды сұрату және алу;

2) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметiне әдiстемелiк басқаруды жүзеге асыруға;

3) әкiмдiк отырысына, аудан активiне, ауданның мемлекеттiк органдары өткiзетiн комиссияларға, жұмыс топтарына, iс-шараларға қатысуға;

4) қала, ауылдық (селолық) округтер, ауыл (село) әкiмдерi аппараттарының, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жұмысшыларын аудан әкiмдiгi мен әкiмi қарайтын құжаттарды дайындауға қатысуына тарту;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкiлеттiлiктi жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттiк орган қызметiн ұйымдастыру

16. Аудан әкiмiнiң аппаратын аудан әкiмi лауазымына тағайындайтын және лауазымынан босататын басшы басқарады.

17. Аудан әкiмi аппаратының басшысы аудан әкiмi аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, аудан әкiмi аппаратына жүктелген мiндеттерiн орындау және өзiнiң функцияларын жүзеге асыруды жүзеге асыру үшiн жеке жауап бередi.

18. Аудан әкiмi аппаратының басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөнiндегi iс-шараларды қабылдайды және ол үшiн жеке жауап бередi.

19. Аудан әкiмi аппаратының басшысы келесi функцияларды жүзеге асырады:

1) аудан әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерiн және өкiлеттiлiктерiн анықтайды;

2) Қазақстан Республикасының iстегi заңдылықтарына сәйкес, аудан әкiмi аппаратын мемлекеттiк ұйымдарда өкiлдiк етедi;

3) аудан әкiмi аппаратының құқықтық актiлерiне қол қояды;

4) Қазақстан Республикасының iстегi заңнамасы бекiткен тәртiпте аудан әкiмi аппараты қызметкерлерiн мадақтау, материалдық көмек көрсету, тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту сұрақтарын шешедi;

5) аудан әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi және аудан әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмшелер бастықтарының лауазымдық нұсқауларын аудан әкiмiне бекiтуге енгiзедi;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да өкiлеттiлiктi жүзеге асырады.

20. Аудан әкiмi аппараты басшысы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн аудан әкiмi тағайындаған аудан әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмшенiң бiр бастығы атқарады.

21. Аудан әкiмi аппаратының әкiмшiлiгi мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының iстегi заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

22. Аудан әкiмi аппаратының басшысында барлық банк құжаттарына және қаржы есептерiне бiрiншi қол қою құқығы бар. Аппаратты ұстау шоттары жөнiндегi банктiк құжаттарға екiншi қол қою құқығын қаржы-шаруашылық бөлiмiнiң меңгерушiсi — бас есепшi иеленедi.

4. Мүлiктiң құрылу тәртiбi

23. Аудан әкiмiнiң аппаратының жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкi бар. Аудан әкiмi аппаратының мүлкi мемлекетпен берiлген мүлiк есебiнен қалыптастырылады және негiзгi қор мен айналымдағы қаржылардан тұрады.

24. Аудан әкiмi аппаратының мүлкi аудандық коммуналдық мүлкiне жатады.

25. Аудан әкiмi аппаратында оған тiркелген мүлiктi өзiнше иелiктен шығаруға немесе басқа әдiспен басқаруға құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта құру және тарату

26. Аудан әкiмi аппаратының қайта құрылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 13.12.2017 12:49
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.12.2017 12:49
Қаралым саны: 807

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz