A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер мен ауылдар әкімдерінің 2019 жылғы қаңтар-ақпандағы халық алдындағы есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс шаралар жоспары

(Ақкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 ақпандағы № А -2/33 қаулысы)

№р/с Іс-шаралар Орындау мерзімі Ескерту
1. Ақкөл ауданының Урюпинка ауылында спорт алаңын сатып алуға және орнатуға ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру. 2019  жылғы 1 қыркүйекке дейін Тапсырма орындалды. Аудандық мәслихаттың шешімімен Ақкөл ауданы Урюпинка ауылында спорт алаңын сатып алуға және орнатуға 2290,0 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың тамыз айында Урюпинка ауылында балалар спорт алаңын орнату бойынша жұмыстар толық көлемде жүргізілді.
2. Ақкөл ауданы Қына ауылының Искра орта мектебінде жылыту жүйесін жөндеуге ақша қаражатын бөлу мүмкіндігін қарастыру. 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін Тапсырма орындалды. Аудандық мәслихаттың шешімімен Ақкөл ауданы Қына ауылының Искра орта мектебінің жылу жүйесін жөндеуге 1387,0 мың теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың тамыз айында Искровка орта мектебінің қазандығында 2 қазандыққа жөндеу жүргізілді, сондай-ақ қазандықтан мектепке дейінгі жылыту жүйесінің жаңа трассасы төселді.
3. Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының ТЖ вокзалы ауданында балалар спорт алаңдарын сатып алуға және орнатуға қаржы бөлу мәселесін қарастыру. 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін Тапсырма орындалды. Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының теміржол вокзалы ауданында балалар спорт алаңын сатып алуға және орнатуға ақшалай қаражат жергілікті бюджет қаражатынан қарастырылған. Балалар спорт алаңы (төбешік) ағымдағы жылдың қараша айында теміржол вокзалы ауданында Привокзальный көшесіндегі №4 Ақкөл орта мектебінің жанында орнатылды.

Ақкөл ауданының әкімі                                                                            А. Қайыржанов

Мақаланың шыққан күні: 10.01.2020 12:52
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2020 12:52
Қаралым саны: 716

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz