A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2018 жылғы 28 мамырдағы жағдай бойынша аудандық маңызы бар қала, селолық округтер, ауылдар мен селолар әкімдерінің 2018 жылғы қаңтар-ақпандағы халық алдындағы есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс шаралар жоспары

(Ақкөл ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 9 ақпандағы №А -2/37 қаулысы)

№п\п Іс-шара Орындау мерзімі Ескертпе
1. Енбек ауылдық округіне су тасқыны кезеңінде суды сорып алу сорғы станциясын сатып алу үшін ақша қаражатын бөлу мүмкіндігін қарастыру. 2018 жылғы 1 наурызға дейін Тапсырма орындалды.
Аудандық бюджеттен D 500/63 су тарқыш насосын сатып алуға және КТП 10/0,4 кВт элректр трансформаторын орнатуға 7,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу процедурасы өткізіліп жатыр.
2. Ақкөл қаласының мектепке дейінгі балалар мекемелерінде бейне бақылау камераларын сатып алу және орнату үшін ақша қаражатын бөлу мүмкіндігін қарастыру. 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін Тапсырма орындалды.
Аудандық бюджеттен Ақкөл қаласының мектепке дейінгі балалар мекемелеріне бейнебақылау камераларын сатып алуға 2,7 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.
3. Орталық базар ауданында автопавильонды сатып алу және орнату үшін қаржы қаражатын бөлу мүмкіндігін қарастыру. 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін Тапсырма орындалды.
Аудандық бюджеттен орталық базар аумағына автопавильон сатып алуға және орнатуға 1,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Автопавильон жазғы мезгілде орнатылады.
Дата создания статьи: 30.03.2018 12:09
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.03.2018 12:11
Қаралым саны: 314

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz