A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Цифрлық эфирлік телевизияға көшу: елімізге осынша шығын не үшін қажет?

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында аналогты телехабар таратудан цифрлық эфирлiк телевизияға көшу жобасы iске асып жатыр. Биылғы маусым айынан бастап дыбыс пен суреттiң жаңа сапасы Қостанай, Павлодар мен Алматы оьблысының тұрғындарына қолжетiмдi болмақ.

Елдi цифрландыру — өте ұзақ әрi қымбат үдерiс.

Қымбатқа түсетiн болса, аналогтан цифрға өту бiзге не үшiн керек, ол қандай мiндеттердi шешедi? Осы және басқа да сұрақтарды бiз «Қазтелерадио» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары — Коммерциялық директор Дальмира Шигаеваға қойдық.

Сарапшының сөзiне сенсек, цифрлық эфирлық телевизия (ЦЭТВ) Қазақстанның жалпы контент нарығындағы отандық телеарналардың хабар тарату үлесiн ұлғайтады. Бұл дегенiңiз, бұрын 4-5 арна көрiп отырғандықтан, ресей «тәрелкелерiн» қондыруға мәжбүр болған ауыл халқы ендi олардан бас тартып, облыстық, республикалық телеарналарды көре алады деген сөз.

Сондай-ақ, бұл елдiң ақпараттық қауiпсiздiгiн арттырады. Яғни, көршiлес мемлекеттер хабар тарататын Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен шекаралас аумақтардың тұрғындары да жаңа қазақстандық телевизияға оңай өте алады.

Бұл ретте бейнеконтент талаптар мен сапа бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес келедi. Егер бұрындары ол көбiне қала тұрғындарына қолжетiмдi болса, ендi цифрлық хабар таратуға көшкеннен кейiн ауылдың әр үйiнде 15 шақты отандық телеарна көрсетiледi.

Демек, көрермендер елiмiздiң аумағында лицензияланбаған, өзге елдердiң жерсерiктiк операторларынан бiрте-бiрте бас тартып, қазақстандық хабар тарату операторларын таңдайтын болады.

Тағы бiр шешiлген, елдiң бүкiл коммуникация саласы үшiн маңызды мiндет — радиожиiлiктердi үнемдеу. Аналогты хабар таратуда бiр жиiлiкте тек бiр арна ғана трансляцияланса, цифрлық хабар таратуда бiр жиiлiкте 15 телеарна таратылады екен. Цифрға көшу есебiнен босатылған жиiлiктер коммуникацияның басқа түрлерi үшiн тиiмдi жұмыс iстейтiн болады.

Айсұлу Асан, Карағанды

Мақаланың шыққан күні: 06.03.2019 11:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.03.2019 11:28
Қаралым саны: 125

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz