A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы»

Қосымша

«Латын әлiпбиiне көшу — рухани жаңғыру талабы»

Ағымдағы жылдың 12 ақпан күнi Ақкөл аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi мен Тiлдердi оқыту орталығының бiрлесiп ұйымдастыруымен №10 агротехникалық колледжiнде Қазақстан Республикасы Президентi Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Латын әлiпбиiне көшу — рухани жаңғыру талабы» атты талқылау болып өттi.

Ауқымды талқылауға 50-ге жуық колледждiң студенттерi, оқытушылары мен мемлекеттiк қызметшiлер, тiл мамандары қатысты.

Талқылауда Латын әлiпбиiнiң маңызы, тарихы мен болашағы, Түркi тiлдес елдер тәжiрибесi, дүниежүзi қазақтарына ықпалы жөнiндегi сұрақтар қарастырылды. Әр тарапты түсiнiктемелер берген мамандар студенттердiң бiрнеше сұрақтарына жауап бердi.

Қорыта айтқанда, Қазақ тiлiнiң Латын әлiпбиiне өтуiне мейлiнше көп түсiндiру жұмыстарын жүргiзу қажеттiлiгi байқалды. Осы орайда, Қазақ тiлiнiң Кирилл әлiпбиiнен Латын әлiпбиiне өтуiне байланысты iс-шаралар жалғасатын болады.

Ш. Жүсiпбеков
Ақкөл аудандық мәдениет
және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң
бас маманы

Мақаланың шыққан күні: 15.02.2018 10:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.02.2018 10:08
Қаралым саны: 626

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz