A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттеледі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «12» шiлде

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар
зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттеледi

Алматы, Қазақстан — «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы негiзiнде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оның iшiнде 25-бабына өзгерiстер енгiзiлдi. Соған сәйкес ендi азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттi. Бұл жарналардың мөлшерi алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 10 пайызынан кем емес және ең төменгi жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

Айта кетелiк, бұл тәртiп адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсiби медиаторлар үшiн күнi бүгiнге дейiн мiндеттi негiзде қолданылып келедi. Ал азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар бұған дейiн тек мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу құқығына ие болатын. Ендi жоғарыда атап көрсетiлген түзетулер күшiне енген соң, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттеледi. Бұл ретте олар бұл жарналарды Қорға өз бетiнше аударулары тиiс.

Аударымдарды жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген, жарналарды аудару Қағидаларымен реттеледi. Осы Қағидалардың қолданыстағы редакциясына сәйкес жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсiби медиаторлар мiндеттi зейнетақы жарналарын «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына табыстар алынған айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi. Қазiргi уақытта бұл Қағидалар жоғарыда енгiзiлген заңнамалық өзгерiстерге сәйкес нақтыланып жатыр.

Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда шоттары жоқ жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсiби медиаторлар мiндеттi зейнетақы жарналарын кейiннен БЖЗҚ-ға аудару үшiн оларды екiншi деңгейдегi банктiң мына деректемелерiне қолма-қол ақшамен енгiзедi:

Бенефициар банкі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Бенефициар БСК GCVPKZ2A
Бенефициар ЖСК KZ12009NPS0413609816
Бенефициар БСН 160440007161
ТМК «Төлем мақсатының коды» 010

Қандай да бiр кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 10 пайызы есебiнен өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiшке қол қою арқылы мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ iшкi құжатымен бекiтiлген өтiнiш үлгiлерi БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған. Жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлiмшесiнде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.

Аталмыш түзетулер мiндеттi зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебiнен азаматтардың зейнетақы жинақтарын арттыру мақсатында енгiзiлiп отыр.

Бүгiнде Қазақстанда үш деңгейлi зейнетақы жүйесi жұмыс iстейдi. Ол мемлекеттi, жұмыс берушiлердi және барлық жұмыс iстеушi азаматтарды, олардың iшiнде жалданып жұмыс iстемейтiн азаматтарды да қамтиды. Уақыт өте келе зейнетақы жүйесiнiң жинақтаушы бөлiгi басымдыққа ие болады. Сондықтан жұмыспен қамтылған тұрғындарды зейнетақы жүйесiмен барынша қамту қажет. Сәйкесiнше мiндеттi зейнетақы жарналарын Қорға уақытылы және тұрақты негiзде аударып отыру — азаматтардың барлық санаты, оның iшiнде азаматтық-құқықтық шарттар аясында жұмыс iстейтiн азаматтар үшiн өте маңызды. Бұл зейнетақы жинақтарының сомасын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар базалық зейнетақының мөлшерiн арттыруға да мүмкiндiк бередi. Өйткенi 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақыны есептеу барысында 1998 жылға дейiнгi еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi ескерiледi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланың шыққан күні: 23.07.2018 15:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.07.2018 15:13
Қаралым саны: 1105

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz