A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 12 триллион теңгеден асты

БЖЗҚ-ның 2020 жылдың 1 тамызындағы негiзгi көрсеткiштерi

2020 жылдың 1 тамызына қарай Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,1 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.08.2019 жылдан бастап 01.08.2020 жылға дейiнгi бiр жыл iшiнде зейнетақы жинақтарының сомасы 1,9 триллион теңгеге пара-пар немесе 19% өстi.

Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасты, оның мөлшерi 11,8 трлн теңге (жыл басынан бергi өсiм — 12%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 287,8 млрд теңге (өсiм 17%), ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,1 млрд теңгеге (өсiм 9%) жеттi.

2020 жылдың 1 тамызына БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 1,2 миллионнан астам бiрлiкке артты. 01.08.2019ж. ЖЗШ саны 10,5 (10 517 212) млн бiрлiктi құраса, 01.08.2020ж. бұл көрсеткiш 11,7 миллионнан асып түстi (11 706 287). Осылайша бiр жыл iшiндегi өсiм 11% болды.

Шоттардың басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны он бiр миллионнан асады, дәлiрек айтсақ 11 132 300 шот (жыл басынан бергi өсiм — 10%). Одан кейiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптастырылған шоттар — 518 294 (өсiм — 2%). Ерiктi зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) саны да бiртiндеп көбейiп келедi, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны қазiр 55 693 бiрлiк (өсiм — 2%).

2020 жылдың басынан берi салымшылардың шоттарына жалпы көлемi 604,3 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол 2019 жылдың алғашқы 7 айындағы көрсеткiштен 55,1 млрд теңгеге немесе 10% асып түстi. Жарналардың жалпы көлемiнiң 95,4 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 576 млрд теңге мөлшерiндегi түсiмдер құрайды, 27,5 млрд теңгенiң аударымы МКЗЖ бойынша жасалған, ал 256 миллион теңге ЕЗЖ бойынша аударылған.

Төлемдер 98,2 млрд теңгенi құрады, олардың басым бөлiгi, атап айтқанда 36% жасы бойынша төлемдер (34,9 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (24,3 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (19,9 млрд теңге), мұрагерлерге (16,4 млрд теңге), жерлеуге (1,8 млрд теңге) берiлген, мүгедектiк бойынша төлемдер (0,9 млрд теңге).

2020 жылдың басынан бастап 1 тамыздағы жағдай бойынша Қор салымшыларының шоттарына 752,98 млрд.теңге таза инвестициялық табыс есептелдi, бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 389,77 млрд. теңгеге артық.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 26.08.2020 18:21
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.08.2020 18:21
Қаралым саны: 189

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz