A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
БЖЗҚ зейнетақы жинақтары 11,6 триллион теңгенi құрады

«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның 2020 жылдың 1 мамырындағы негiзгi көрсеткiштерi

Қазақстандағы маңызды қаржы институттарының бiрi «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы жинақтары 01.05.2019 жылдан 01.05.2020 жылға дейiн 1,9 триллион теңгеге немесе 19%-ға ұлғайды. Осылайша зейнетақы жинақтары 11,6 триллион теңгеден асты.

Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасты және 2020 жылдың 4 айында 8%-ға ұлғайып, 11,4 трлн теңге болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 273 млрд теңге (өсiм 11%), ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден асты (өсiм 7%).

Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан берi жалпы көлемi 347,1 млрд теңге зейнетақы жарналары түстi, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткiштен 15%-ға артық. Төлемдер 52,6 млрд. теңгенi құрады, олардың басым бөлiгi жасына байланысты (21,4 млрд.теңге), ҚР шегiнен тыс ТТЖ кету бойынша (12,6 млрд. теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (9,8 млрд. теңге), мұрагерлерге (7,4 млрд. теңге), жерлеуге (0,8 млрд. теңге) берiлген.

2020 жылдың басынан бастап 1 мамырға дейiнгi жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 536 млрд теңгеден астам таза инвестициялық кiрiс есептелдi, бұл өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 381,1 млрд теңгеге артық. Естерiңiзге сала кетейiк, 2019 жылдың алғашқы төрт айында таза инвестициялық кiрiс 154,9 млрд теңгенi құраған болатын.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Мақаланың шыққан күні: 21.05.2020 18:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.05.2020 18:55
Қаралым саны: 43

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz